Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

«Жұлдызды сәт».

«Қазақстан» Ұлттық арнасында таланттылар арасындағы нағыз айқас енді басталады! Топ жарған 40 өнерпаз, жартылай финалдағы алғашқы ондық өнерін тамашалап, сайысты кімдер жалғастыратынын енді Сіздер анықтаңыздар! Ұлттық арнада әр сенбіде сағат 21.05-те «Жұлдызды сәт» мегажобасында лайықты өнерпазға дауыс беріңіз!

0
0
272

«Жарқын бейне».

9 мамыр күні, сағат 13.30-да жауға зеңгір көктен атой салған қазақтың қаһарман ұшқыш қызы Хиуаз Доспанованың тағдыры туралы Ұлттық арнаның «Жарқын бейне» бағдарламасынан көріңіз!

0
0
296

Ұлттық арнада – Жеңіс күніне таңдаулы туындылар.

Ел үшін туған ерлердің ерлігі - мәңгілік жадымызда! Жеңіс күніне орай, «Қазақстан» Ұлттық арнасынан қазақ қаһармандарының ерлігін арқау еткен таңдаулы туындыларды тамашалаңыздар!

0
0
271

7 мамыр — Ұлттық арнада!

Отан қорғаушылар күніне орай, «Қазақстан» Ұлттық арнасынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің сап түзеген сарбаздарының жауынгерлік шеруінен тікелей трансляцияны, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің орталық оркестрі мен ән-би ансамблінің гала-концертін, «Ел қорғаны» арнайы тележобасын және Тәуелсіз елдің аспанында қалықтаған қырандар туралы «Көк тарландары» телехикаясын, батырларға қарап бой түзеген ұландар туралы «Жас ұлан» әскери фильмін тамашалаңыздар!

0
0
232

«Дариға, сол қыз...». Арнайы тележоба («Қазақстан» Ұлттық телеарнасы, 2011 ж.).

Тележобаға қазақтың айтулы ақыны Қасым Аманжоловтың шығармалары негіз болған. Телефильмнің басты кейіпкері - майданға аттанған жігіттің сүйген қызы... 80 жастағы қарт ана Ресей елінде жерленген сүйгенінің қабіріне бару үшін, жолға шығады. Кейуанаға келіні де ілеседі. Қарт ана келініне осы күнді ұзақ күткенін және осы қадамды ертерек жасамағанына өкініш білдіретінін айтады.

0
0
299