Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

«Ел басына күн туса...». Көркем фильм («Қазақфильм», 1967 ж.).

Фильм Бауыржан Момышұлының 1941 жылы 22 желтоқсанда Мәскеу түбінде фашист басқыншыларына мықты тойтарыс берген Панфилов дивизиясының ерліктері туралы баяндайтын кітаптары мен материалдары негізінде түсірілген.

0
0
2524

«Шығыстың аяулы қыздары — Мәншүк пен Әлия». Арнайы тележоба («Gold Media» студияcы, 2010 ж.).

Жеңіс күніне орай, «Қазақстан» Ұлттық арнасынан Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігі, Ақпарат және мұрағат комитетінің тапсырысы бойынша түсірілген «Шығыстың аяулы қыздары - Мәншүк пен Әлия» арнайы тележобасын тамашалаңыздар!

0
0
271

Майдан әндері.

9 мамыр күні, сағат 18.45-те «Қазақстан» Ұлттық арнасынан сұрапыл соғыс жылдары жауынгерлердің ойларына жалын, бойларына қуат берген майдан әндерінің кешін тамашалаңыздар!

0
0
1080

«Сталинге сыйлық». Драма («Қазақфильм», 2008 ж.)

9 мамыр күні, сағат 21.50-де «Қазақстан» Ұлттық арнасынан режиссер Рүстем Әбдірашевтің түрлі халықаралық фестивальдер мен байқауларда жүлделі орындарға ие болған «Сталинге сыйлық» фильмін тамашалаңыздар! Фильмдегі оқиғалар желісіне Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда ел басына түскен ауыртпалығы мол қиын кезеңдер арқау болған.

0
0
495

«Балалық шақтың кермек дәмі». Көркем фильм («Қазақфильм», 1982 ж.).

1943 жыл. Соғыстан шалғай жатқан елді мекендегі Сырдария өзенінің бойымен соғысқа, соғыс өрті шарпыған жерлерге қажетті жүктер тасымалдануда. Зейнолла ақсақал мен Дариға, Мұхтар және Әмір есімді жасөспірімдер жеңіл қайықпен тынымсыз еңбек етеді. Қария кенеттен қайтыс болғанда, асау өзен үстінде өмірдің қиындығымен бетпе-бет келген балалар, сын сағатта биік руһтарын сақтап қала алады.

0
0
1285

«Орман хикаясы». Әскери драма («Қазақфильм», 1972 ж.).

Фильм белгілі жазушы Әди Шәріповтің «Партизан қызы» хикаясы негізінде түсірілген. Соғыстың алғашқы күндері кеңес офицерінің он жасар қызы Айгүл шешесінен айырылады. Әбден күйі кеткен, ауру қызды қарт диірменші мен оның немересі Федя фашистерден жасырып қалады...

0
0
1536

Композитор, шәмшітанушы Қалдыбек Құрманәлінің ән кеші.

11 мамыр күні Ұлттық арнадан белгілі сазгер, шәмшітанушы, халық арасында кеңінен танымал «Сағыныш әні», «Ағаларым-ай», «Ән-аға», «Шай ішіп кетсең қайтеді?», «Сырдария жағалауы», «Кірмеші жиі түсіме», «Қиялдағы қалқа» әндерінің авторы Қалдыбек Құрманәлінің ән кешін тамашалаңыздар!

0
0
417