Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Марисса Джэрет Винокур, Марк Консуэлос, Фрэн Дрешер «Керемет бойжеткен» комедиясында (АҚШ, 2003 ж.). Режиссері: Дуглас Барр

Бекка Васерман деген толық қыздың бақыттан басы айналып жүр. Себебі ол тұрмысқа шығатын болды. Күйеу жігіт уақытша қиындықтарға тап болғандықтан, екеуі кішігірім той өткізейік деп келіседі. Бірақ Бекканың үйлену тойынан кейін сапарға аттанғысы келеді. Сұлулық сайысының жеңімпазына Гавай аралында екі адамдық демалу мүмкіндігі берілетінін естіген қыз бірден осы сайысқа қатысады.

0
0
268

Қастеев пен «Мәдениетсіздік»

Алматылық құқық қорғаушылар Қастеевтің кенептері табылып, олардың ... 150 мың долларға бағаланғанын айтқанда тіксініп қалдым. Әдетте атышулы, сол себепті ме - удай қымбат суреттердің тек "Сотби" мен "Кристиде" болатынына, ал авторларының есімдері әдетте француз, испан, жөйіт, итал тілінде келетініне, туғаннан бейсана деңгейде үйреніп қалғанбыз. Әні қызық: енді социалистік реализмнің майталманы Қастеевтің туындысы да айтарлықтай бағаланып тұр! Қастеевті соңғы рет қашан тамашаладық өзі? Мегаполисте тұратындар көшпелі көрмеден көріп қалмаса, санасы қалыптасу кезеңі шалғайда өткен біз сияқтылар мектептің кітабынан ғана байқаған шығар. Заңғар кенепті көзбен көріп, қылқаламның іздерін сезінбегесін, талғам қайдан болсын? Соның салдары емес пе екен: тұрмыс тұмшалаған, мәдениетсіз, әлде тым рацион…

2
0
513

«Келін» іздегендер көп-ақ...

"Келін", немесе көрермендер өзімсіп, тұрмыста "Ананди" деп аталып кеткен телехикая, қазір Қазнетте ерекше танымал боп тұр. Мысалы, ізделуі жөнінен. Google Trends оның анау-мынау бренд тауардан немесе қоғамда әбден қаузалған тақырыптан әлдеқайда биік тұрғанын көрсетеді: Біреулерге оқиға желісі қызық болса, біреулерді - көптеген жоралғылардың қазақтың салт-дәстүріне ұқсастығы таң қалдырады. "Келіннің" феномені, оның көрермендер тарапынан ыстық қабылдануының сыры да осы - тұрмыстық ұқсастықта шығар. Отандық көрерменнің жүрегін жаулауға асықпайтын, әлде икемі жоқ кино түсірушілер "Келінді" ең болмаса статистикалық тұрғыдан зерттесе, табыс әкелетін көптеген тәсілдердің дәл мұрнының астында жатқанын көрер еді."ҚазТРК" арнасы дәл бүгін оның 524 бөлімін көрсеткелі отыр. Меніңше, қазақ тіліндегі е…

4
2
502

«Сыр-сұхбат»

Композитор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері - Мұрат Құсайынов «Дос-Мұқасан» ансамбліне қалай келді? Ұлттық арнадан 4 тамыз, сағат 11:50-де «Сыр-сұхбат» бағдарламасынан көріңіздер.

1
0
278

«Телқоңыр»

«Бүлдірген» әнінің шығу тарихы қандай? Неліктен бұл әнді қыздар орындауы тиіс? Бұл туралы «Телқоңыр» бағдарламасында айтылмақ. 3 тамыз, сағат 12:05-те Ұлттық арнадан тамашалаңыздар.

2
0
864