Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Келін» іздегендер көп-ақ...

"Келін" іздегендер көп-ақ...

"Келін", немесе көрермендер өзімсіп, тұрмыста "Ананди" деп аталып кеткен телехикая, қазір Қазнетте ерекше танымал боп тұр. Мысалы, ізделуі жөнінен.  Google Trends оның анау-мынау бренд тауардан немесе қоғамда әбден қаузалған тақырыптан әлдеқайда биік тұрғанын көрсетеді:

Келін, Ананди, Невестка, сериал, телехикая

Біреулерге оқиға желісі қызық болса, біреулерді - көптеген жоралғылардың қазақтың салт-дәстүріне ұқсастығы таң қалдырады. "Келіннің" феномені, оның көрермендер тарапынан ыстық қабылдануының сыры да осы - тұрмыстық ұқсастықта шығар. Отандық көрерменнің жүрегін жаулауға асықпайтын, әлде икемі жоқ кино түсірушілер "Келінді" ең болмаса статистикалық тұрғыдан зерттесе, табыс әкелетін көптеген тәсілдердің дәл мұрнының астында жатқанын көрер еді."ҚазТРК" арнасы дәл бүгін оның 524 бөлімін көрсеткелі отыр.

Меніңше, қазақ тіліндегі ең ұзақ телехикая да осы сияқты. Бұл жерде дубляждың сапасы да (ұрыс-керіс, қуаныш, дағдарыс сценалары) сериал танымалдығының кепілі боп отыр дер едім. Мұнда дубляж мәтіндері - аударма емес, жергілікті болмысқа лайықталған локализация екені айқын көрініп тұр. Ендеше, қазақтілді өнімнің өмірі қысқа деп жүрген прокатшылардың да "ҚазТРК" дубляждаушыларынан үйренері көп дер едім.

1 тамыз күні телеарна "Келіннің" орнына еуролига аясындағы ойынның трансляциясы үшін көрсетілімді бүгінге шегеруге мәжбүр болған еді. Интернет айдынынан "Келіннің" келесі нұсқасын іздеп, дегбірі кеткен беймаза көрерменді бүгін есесін толығымен қайтарады деген үміттемін :-)

4
2
493

Осы тақырып бойынша

«Келін» іздегендер көп-ақ... - Yvision.kz