Нұрмұхамед: «Төбелес демей-ақ қояйын, бірақ...»
Нұрмұхамед БАЙҒАРА, "Алаң" бағдарламасының продюсері және жүргізушісі - Бағдарлама үшін екі тарап жинау қиын ба? - Қиын. Біріншісі - тіл мәселесі. Сапалы да білімді мамандар қазақшаға шорқақ. Екіншісі - білімділік мәселесі. Қазақшасы ағып тұрғандар кәсіби маман болып шыға бермейді. Үшінші мәселе - екіжүзділік. Студия сыртында "батыр болғандар", "мотор!" деп пәрмен беріліп, жарық қосылған кезде сөзінен тайқып жатады. Билік өкілдеріне оппонент тарап алғашқы болып жинала бастады - Ток-шоу жүргізушісі ретінде шыныңызды айтыңызшы: бағдарлама кезінде төбелес, ұрыс сияқты оғаш оқиға болғанын қалайсыз ба? Әрине әдейі емес, бірақ табиғи шығып кетсе де? - Төбелес демей-ақ қояйын, бірақ қатты қызу жүргенін, әрине, қалаймын. "Жауапқа тартылатын" билік өкілдері де жиналып қалды - Бағдарлама барысында…
