Қазақстандық дизайнерлердің әлемі.
Қазақстандық дизайнерлер қазіргі таңда биік жетістіктерге жетті, Aida Kaumenova, Aya Bapani, ZhSaken сынды дизайнерлер отандық жұлдыздардың арасында өте танымал. Бірақ, бұл дизайнерлеріміз тек Қазақстанда белгілі. Тіпті, интернетте, сайт беттерінде, жаңалықтарда, түрлі блогтарда қазақстандық сән жайлы көп жазылады, теледидарда да әр түрлі бағдарламалар көп-ақ. Алайда, Осы бағдарламалар қаншалықты тиімді? Қазақастанның сән индустриясын қалайша әлемге танытамыз? Ал егер шет елге хабар тарататын арнайы сән бағдарламасы болса қалай? Менің пайымдауымша, тек қана Қазақстан ішінде ғана шектеліп қоймай, шет елдердің де назарын аудару үшін ағылшын тілінде сән туралы бағдарлама шығару бұл сұрақтардың жауаптарының бірі. Себебі, отандық өндірістер мен шет ел компаниялары бірігіп өнім шығарса, біз үші…




