Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Эрнест Хэмингуэйдің «Шал мен теңіз» хикаясы

Елімізге белгілі Ермек Тұрсыновтың «Шал» фильмі әйгілі Эрнест Хэмингуэйдің «Шал мен теңіз» хикаясының желісі бойынша түсірілген. Классикалық әдебиеттің ерекше туындысы саналатын «Шал мен теңіз» хикаясы Нобель сыйлығына ие болған. Бүгінгі «Әдебиет әлемі» бағдарламасы әйгілі қаламгердің ақындық рухпен жазылған туындысының табиғатына үңілмек.

0
0
2312

Қазақ киносының «Жансебілі» атанған актер

Өнер адамына талантпен қоса қилы тағдыр беріледі. Сол асқан талантымен қазақтың тағдырын көрсеткен Қасым Жәкібаев еш уақытта пешенесіне жазылған мұң-шерін айтып, жыламаған адам. Актердың жан баласына айтпаған талай қайғысы бір басына жететін үлкен трагедиясы оны ешқашан мойы да алмады. Басына түскен күйзелісті өнер тарланы қалай жеңе білді? Оған қарсы тұра алды ма? Қазақ киносының «Жансебілі» атанған актер Қасым Жәкібаевтің өмірбаяны мен шығармашылығы бағдарламада баяндалмақ.

0
0
621

«Таңшолпан» бағдарламасына «Кеш You» тобы сұхбат берді

Әнші қыздар «Таңшолпан» көрермендеріне бос уақытты қалай өткізетіндерін, шығармашылығы және сымбатты болудың сырларымен бөлісті. Топ мүшесі Айдана Меденованың негізгі мамандығы – дизайнер. «Сүйікті ісіммен шабыт келген кезде уақытқа қарамай, айналыса беремін. Үйде де, түзде де, тіпті ұшақта болсын қағаз-қаламым жанымда»,-дейді ол. Ал, Мөлдір Әуелбекова: «Алматы тауларына серуенге шығып кетемін. Бұл күнделікті тірлік. Өйткені, бір сағат болсын, кептелісте тұрғаннан гөрі, таудағы таза ауамен демалып қайтқан маңыздырақ»,-дейді. «Елдің көз алдында жүргендіктен айтылар сын да, пікір де көп. Бірақ, жағымсыз пікірлер әрине, жағымсыз әсер береді. Оны қабылдау, қабылдамау өз еркіңде. Алайда, дұрыс сынды дұрыс қабылдауға тырысамыз. Одан қорытынды шығаруға ұмтыламыз»,-дейді топ мүшелері. «Өкшені бас…

1
0
1112

Қазақ хандығының шынайы ақиқаты немесе «Көшпенділер» трилогиясы

Қазақ әдебиетінде тарихи роман жанрында ерекше құбылыс болған Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы 5 ғасырлық тарихы бар Қазақ хандығының дәуірлерін суреттейді. Ұлы далада елдік үшін күрескен хандардың тектілігі мен батырлығын, баһадүр батырлардың ел қорғаған ерлігін ерекше бейнелеген бірегей туынды. Бағдарлама саны «Көшпенділер» трилогиясына арналады.

1
0
1292

«Қазақстан» арнасы «Іce bucket challenge» акциясына қатысты

Тамыз айынан дүние жүзінде «Іce bucket challenge» акциясына қатысу белсенді түрде жүріп келеді. "Қазақстан" арнасы да оны қолдады. «Іce bucket challenge» тіпті президенттерді ынталандыруда. Мәселен, АҚШ-тың бұрынғы президенті кіші Джордж Буштың үстіне зайыбы Лора басынан аяғына дейін мұздай су құйып жіберді. Біздің елімізде де бұл акция кеңінен қарқын алды. "Қайрат" футбол клубының капитаны Самат Смақов «Іce bucket challenge» қайырымдылық акциясына қатысып, үстіне мұздай су құйылғаннан соң, эстафетаны Давид Лория, Марат хайруллин және Олег Недашковскийге берді. Жалпы бүйір амиотрофиялық склерозына қарсы күресіне қатысушылардан 100 доллардан қаржы жинау мақсатында өтіп жатқан акция жайында біздің төмендегі бейнебаянымыздан көріңіздер. Ләйлә Сұлтанқызы өз кезегінде эстафетаны Аружан Саин, Г…

0
0
211

Айтулы оқиғалар — 26 тамыз

Бүгін сейсенбі тамыз айының 26 жұлдызы. Дәл осы күні елімізде және әлемде қандай айтулы оқиғалар орын алды екен? 1728 жылы Витус Беринг Азия мен Америка аралығындағы бұғазды ашты. Ұзындығы 96 шақырым бұғазға саяхатшы Берингтің есімі берілген. Ал 1740 жылы дәл осы күні француз өнертапқышы Жозеф-Мишель Монгольфье дүниеге келді. Ол ағасымен бірге ойлап тапқан тұңғыш әуе шары 2 шақырымдай биіктікке көтеріліп, 10 минуттай аспан көгінде қалыптап тұрғаны тарихтан белгілі. 1910 жылы қоғам қайраткері, Нобель сыйлығының лауреаты Агнес Гонджа Бояджиу дүниеге келді. Жер бетінде қайырыдылық шараларын ұйымдастырған оған "Тереза ана" есімі берілді. 1972 жылы Мюнхен қаласында 20-шы жазғы Олимпиада ойындары ашылды. Дәл осы додаға қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, Әлжан Жармұхамедовтың есімі әлемг…

0
0
733

Әйгілі жазушы Ғабит Мүсіреповті Сталинге хат жазуға не итермеледі?

Сірә да, Кеңес Үкіметінің тұсында қазақ әдебиетінде дәл Ғабит Мүсіреповтей сый-құрметке бөленген адам болмаған болар деп ойлайсың. Алайда, оның өмірінде де талай аттан құлаған кездер болған. Оны Ғ.Мүсірепов хаттары айғақтайды. Жазушы 30 жылдары танымал бола бастады. Ал соғыс жылдарында оқырман оны М.Әуезов пен С.Мұқановпен бір қатарға қойды. Оны майдан шебінен келген хаттардан анық байқауға болады. Замандастарының айтуына қарағанда, ол әрбір хатқа жауап беруге тырысатын. Тіпті, кейін Кеңес Одағының депутаты болғанда да, сайлаушылардан келген хаттарға жауап беріп қана қоймай, сол хаттарының ішінде жазылған өтініш, тілектердің орындалуына көп көңіл бөлген. Ендеше, қазақтың әйгілі жазушысының жеке мұрағатындағы хаттарымен танысайық.

0
0
718

Выйдет продолжение сериала «Сырғалым»

Осенью будет показан 2 сезон сериала "Сырғалым" на телеканале "Қазақстан". Продюсер кинокомпании "Көркем фильм", выпускающей телесериал, Ильхом Джалилов, говорит, что в ходе работы над проектом уделяется много внимания чистоте казахского языка. "Конечно, наш телесериал предназначен для зрителей, владеющих казахским языком. С помощью персонажей мы показываем, как правильно разговаривать на казахском правильно и красиво. На съемочной площадке присутствует лингвист, который следит чтобы речь актеров была поставлена правильно. Наш заказчик телеканал "Казахстан" придает важное значение использованию казахского языка, мы это поддерживаем". Продюсер Первый сезон сериала был переведен на русский язык. Переведенная версия показывается на телеканале повторно. Напоминаем, что в первом сезоне была по…

0
0
1496

«Таңшолпан»: В каком случае денежная купюра непригодна?

Часто ли случалось так, что в кошельке у вас была слегка рваная купюра или потерявшая вид монета? Что с ними делать и куда сдавать? Советы директора Астанинского филиала "Народного Банка Казахстана" Нурлыбека Ержигитулы по обмену неплатежеспособных купюр смотрите в этом выпуске программы "Таңшолпан" на казахском языке, ниже приведен русский перевод. Жуматай Ахмет собирался приобрести продукты питания на купюру в размере 1000 тенге с порванным краем. Но продавец отказался принимать деньги в таком виде. "Я дал 1000 тенге, а их отказались принимать, сославшись на отсутствие серийного номера. Так как немного оторван край. Все таки 1000 тенге на дороге не валяются. Как их можно сдать? Примут ли их в банке, если совсем чуть-чуть порвано." Жуматай Ахмет В каком же случае купюры считаются неприго…

0
0
2837

Қазақтың көрнекті ақын қызы – Фариза Оңғарсынова

«Өлең» дейтін қасиетті өнердің қазанында қайнаған рухы асқақ, мұраты анық нәзік жанды ақындарымыздың ел-жұртына берген еселі еңбегі тек қана құдіретті өлеңдерімен ғана өлшенбек. Жас ғұмырын Қыз Жібектің көшіндей сәнге де, әнге де бөлеген ақындарымыздың қатарында шыншылдығымен өлеңге өр мінез берген Фариза Оңғарсынованың орны ерекше.

Өлең өлкесінде өрнекті ізін салып, рухы мен сезімін, мұңы мен шерін өлеңге ғана арнаған ару ақынымыз оқырманның талғам-таразысынан өтіп, кестелі жырдың керім әуенін тыңдатып келеді. Қазақ қыздарының образын тәтті өлеңмен сәтті өре білген Фариза Оңғарсынованың сүбелі жырлары оқырманға айрықша ой салады. Ендеше, қазақтың ақын қыздарының бірегейі Фариза Оңғарсынованың шығармашылығымен «Ғажайып туынды» бағдарламасында жете танысайық!

-1
0
4527