«Дала дауысы» радиофестивалінің жеңімпаздары марапатталды
28 қараша күні Астанадағы «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында Қазақ радиосының төл жобасы – ІІІ Халықаралық «Дала дауысы» радиофестивалінің гала-концерті өтті. Салтанатты шарада «Дәстүрлі ән», «Академиялық орындаушы», «Эстрадалық ән», «Этноэстрадалық ән», «Жаңа есім» аталымдары бойынша ән додасында бақ сынап, жеңімпаз атанған 20 орындаушы марапатталды. Айта кетейік, «Дала дауысы» – қазақ музыкасы арқылы ана тілімізді әлем халықтарының арасында барынша насихаттайтын радиофестиваль. Алғаш 2012 жылы басталған болатын. Мақсат - қазақ әнінің замануи бәсекеге қабілетті төлтумалық дыбысын насихаттау, жылдың үздік әндерін анықтау және жаңа таланттарды табу, ұлттық музыкалық және поэтикалық тілді насихаттау, сіңіру. Биыл радиофестивальге Қытай, Ресей, Украина, Беларусь, Татарстан, Қырғыз Ре…



