«Ду-думанды» күткен көрермен, күлуге дайын бол
«Хабар» телеарнасын қосқан, «Ду-думанды» күткен көрермен!
Дуылдатып, думандатып қайта оралдық. Күлкіден көрпе жамылуға дайын болыңыздар.

Тұмаумен алысып, жөтелмен жарысып жатсаңыздар, «Ду-думанның» күлкісі әзілмен ұшықтап, қалжыңмен аластап жібереді. Өйткені осы жексенбі «Ду-думан» бағдарламасында ақ халатты абзал жандардың басынан өткен қызықтарды тамашалай аласыздар.


Езуіңізді жидырмайтын, күлкіңізді ішіңізге сыйдырмайтын лор-дәрігерлер («Екі езу» театры)! Сылап отырып сынықты салатын, жылатып отырып күлдіре алатын мануалист-мамандар («Күлкістан» театры)! Басыңыз ауырса анальгин, ыстығыңыз көтерілсе аспирин бола салатын пародист-дәрігерлер («Өнер қырандары» театры)! Күйзелісті кесіп, ашуыңызды қиып алып, орнына күлкі безін салып қоятын хирургтар «Шымкент шоу» театры!

Тұрақты әділ-қазылар мүшелері Уәлибек Әбдірайымов пен Алмат Сақатовқа белгілі эстрада әншісі Сейфуллин Жолбарыс қонаққа келді. Қонағымыз театрлардың өнеріне жоғарғы ұпайларды бере ме? Берілген сыннан қай театр мүдірмей өтіп, жеңімпаз атанады екен?

«Хабар» телеарнасынан тамашалауға асығыңыздар! Мереке күндері бізбен болыңыздар!
