Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Ғалымжан Молданазар да «жұлдызшалар» сенің көмегіңе зәру екенін растайды!

Жанымыз рахатқа бөлену үшін игі істер жасауға атсалысуымыз керек. Кішкентай «жұлдызшалардың» періштесі Ғалымжан Молданазардың көңілі қайырымдылық жобаларға қатысу арқылы жайланады. Сіз де Ғалымжан сияқты игі істерге өз үлесіңізді қосыңыз. Өйткені қайырымдылыққа қатысу оңай – бар болғаны Казкомның балалар суретімен әрленген картасын ашсаңыз болды.

Айта кетейік, 12 қараша күні Қазкоммерцбанк пен «Құс Жолы» қайырымдылық қоры «Періште» жобасының аясында шала туылған балаларда кездесетін ретинопатия ауруын емдеу үшін Астана қ. әкімдігінің №1перинатальды орталығына арнайы офтальмологиялық лазерді сыйға тартты. Ал кеше сол орталықта жаңа лазермен бірінші рет ота жасалған еді. Жобаға атсалысып жүрген барлық «періштелерімізге» алғысымызды білдіреміз. Сендердің арқаларыңда енді 870-грамдық шақалақ та, ота жасалған қалған нәрестелер де аналарының күлгенін көре алатын болады.

1
0
578

Осы тақырып бойынша