Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Жанболат пен Жазира: Біздің жасап жатқан еңбегіміз теңізге тамған тамшыдай ғана

ҚР Мәдениет қайраткерлері, жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира бүгін таңғы бағдарламада қонақта болды.

Отбасылық құндылықтар туралы ой өрбіткен Жазира Байырбекова: «Отбасының беріктігі кешірімділікпен сақталады. Ер мынадай, әйел мынадай болуы керек деп, кесіп айту қиын. Себебі, әр адамның мінезі әр түрлі»,-дейді. Ал, Жанболат Ербатыров: «Отбасылық өмірге қадам баспас бұрын әр адам өзіне үлкен жауапкершілік алғаны дұрыс»,-деген пікірде. Жазира Байырбекованың орындауындағы соңғы әннің бірі «Майлықожаның термесіне» тоқталған әнші: «Халық әндеріне аз да болса, үлес қосайық деген ниетпен осы туындыға бейнебаян түсірдік. Біздің жасап жатқан еңбегіміз теңізге тамған тамшыдай ғана. Әзірге жастарға ұнап жатыр»,-дейді.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

0
0
316

Жұматай Ахметхан: Битбокс өнерінде бастысы – ырғақ

Битбоксшы, «Астанаға арнаймын» байқауының үздік қатысушысы Жұматай Ахметхан бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. «Оқып жүрген кезімде осы өнермен айналысатын бала болды. Соған қызығып жүріп, үйреніп алдым. Жалпы, битбокс – биттан тұрады. Шетелде жақсы дамыған. Сонау 1990-шы жылдары пайда болған өнер біздің елде енді өріс алып келеді. Жастар ерекше қызығады. Бағалап та жатыр. Дамуы әлі алда»,-дейді Жұматай Ахметхан. «Күнделікті тұрмыста, жұмыс істеп жатқанда, оқуға барарда музыка тыңдап отырып, әннің ырғағына қосылып жасаймын. Жүре дамитын өнер. Арнаулы ән керек емес, бастысы – ырғақ болса жетеді. Әншілермен бірігіп ән айтуға әлі ерте. Себебі, менің тәжірибем аз». «Менің бұл өнермен айналысып жүргеніме екі ай ғана болды. Негізі битбоксты толық меңгеру үшін бір жылдай уақыт керек». Толығырақ…

0
0
389

«Қазақ аруы»

«Қазақ аруы» байқауының артықшылықтары мен кемшіліктері туралы бүгін 21:05-те «Айтуға оңайдан» біле аласыздар. Ширек ғасыр қазақ қызының әсемдігі мен ақылдылығына таразы болып келген «Қазақ аруы» байқауы бүгінде кең өріс алып келеді.  Мұны қазіргі таңда жиі ұйымдастырылатын мектепаралық, аудан, облысаралық арулар байқауынан көруге болады. Құртқа мен Гүлбаршын секілді ақылына көркі сай қазақ сұлуларының бүгінгі сіңлілері қандай? Олардың ізбасарлары кімдер? «Қазақ аруы» қазақ аруы деген мәртебелі есімге лайықты бола алып жүр ме? Алғашқы «Қазақ аруы» кім? Қазір қайда? Немен айналысады?

Бүгін 21:05-те «Айтуға оңайды» көріңіз.

0
0
211

Астана – арман қала

«Әйел бақыты» хабарында 17 жыл ішінде Астананың даму үрдісінде болған өзгерістер мен жаңалықтар туралы сөз қозғалмақ. Астана күні – жалпыұлттық сипатқа ие мерекеге, халықтың асыға күтетін зор қуанышына айналып үлгерді. Күні кеше ғана Астана тұрғындары мен қонақтары, тұтас Қазақстан халқы қала күнін қуанышпен қарсы алды. 17 жыл ішінде Астананың даму үрдісінде де біршама өзгерістер болды. Шетелдік компаниялармен бір­лескен отандық кәсіпорындардың эко­номикалық ынтымақтастығы нәтижесінде қала экономикасына инвестиция тартуға мүмкіндік туды. Өткен жылдар ішінде шетелдік инвесторлар Халықаралық әуежай, Ислам мәдени орталығы, дипломатия­лық қалашық объектілері, «Әзірет Сұлтан» мешіті, Ұлт­тық кітапхана, «Хан Шатыр» сау­да-ойын-сауық орталығы және т.б. маңызды нысандар құрылысына айтарлықтай қар…

0
0
217

«Жігіттер» квартеті — «Таңшолпан» студиясында қонақта

Елордада өткен «Астана жұлдызы» Ұлттық музыка бәйгесінде «Жігіттер квартеті» «Ең үздік жігіттер тобы» аталымы бойынша жеңіске жетті.

«Бұл марапат Астана күні қарсаңында біз үшін өте керемет сый болды. Еңбектің еленгені қуаныш сыйлайды», дейді әншілер.   Топ алдағы уақытта елордада ән кешін өткізбек. «Қазіргі уақытта жаңа әндер жазу үстіндеміз. Астанада жеке концерт берсек деген жоспарымыз бар. Бұл - Алматыда өткен «Құстармен сырласу» атты кешіміздің жалғасы. Тыңдармандарымызға үнтаспаларымызға енген, бірақ, сахнада, концерттерде орындалмай қалған әндерді ұсынатын боламыз», дейді топ мүшелері.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіздер.

0
0
607

«Елбасы жолы: от- өзен» драмасын көріңіз

Нұржұман Ықтымбаев, Наталья Арынбасарова, Жан Байжанбаев, Нұрлан Әлімжанов ойнаған фильмді бүгін 22:50-де тамашалай аласыздар.


Режиссер Рүстем  Әбдірашевтің «Елбасы жолы» киноэпопеясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың студенттік жылдары, алғашқы еңбек жолы баяндалады. Фильмде басты кейіпкер Теміртауға келіп, металлургтар қаласының құрылысына атсалысады. Кейін Украинаның Днепродзерджинск қаласына оқуға аттанады. Ол жаңа достар табады. Дипломды қолына алғаннан кейін Отанына оралып, кәсіби еңбек жолын бастайды.

0
0
919

«Ой бөлістім халқыммен»

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халқына қатысты тұщымды ойлары жинақталған арнайы тележобаны бүгін Ұлттық арнадан сағат 19:45-те көре аласыздар. «Мен өз халқымды сүйемін. Оның мені бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтан тұтамын. Басымды иемін!». Н.Назарбаев. Қашанда халқымен бірге Мемлекет басшысы: «1991 жылы сайланар алдында еліме берген уәдемді орындай алдым, деп ойлаймын. Сол кезеңдері жанымдағы адамдармен бірге біз Тәуелсіз Қазақстанды құра алдық. Терезесін тең қылып, дүниежүзіне паш еттік»,-дейді. Әр істі бастамас бұрын халқына жүгінетін Елбасы жеткен жетістіктерін халқымен байланыстыратынын айтады. «Қиналсам да, қуансам да, бар-жоғымның сыншысы, ар-намысымның өлшемі тек халқым болсын»,-дейді. Бүгін Ұлттық арнадан сағат 19:45-те «Ой бөлістім халқыммен» арнайы тележобасын к…

0
0
614

«Астана-Арқау» түркі музыкасының фестивалін көріңіз

Түркі халықтары музыкасын жақындастыруға бағытталған фестивальді бүгін 18:10-да көре аласыздар.

«Астана-Арқау» түркі музыкасының фестивалі түркі халықтарының мәдениетінде елеулі орны бар музыкалық шара. Фестивальге түркі халықтарының дәстүрлі музыка өкілдерінен құралған  400-ге тарта музыкант-ғалымдар қатысқан.  Соның ішінде, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, сондай-ақ, Алтай, Башқұртстан, Гагаузия, Хакасия, Саха, Татарстан, Тыва, т.б. түркі ұлттық автономияларының әншілері мен ғалымдары, аспаптық орындаушылары болды. «Астана-Арқау» фестивалінің бағдарламасы әу бастан-ақ, қазіргі түркілер этномузыкасындағы әралуандылықпен қатар, өзара жақындастыра түсер ортақ сипаттарды айқындауға құрылған.

Фестивальді бүгін Ұлттық арнадан сағат 18:10-та тамашалай аласыздар.

0
0
202

Ұлттық арнада – Еділ Құсайыновтың шығармашылық кеші

«Ғасырлар сазы» атты концертті бүгін сағат 13:15-те көріңіз. Еділ Құсайынов – қазақтың музыкалық көне аспаптарын шебер меңгерген сазгер, фольклор зерттеушісі. Ол жетіген, сыбызғы, сазсырнай, қамыс сырнай, шаңқобыз аспаптарымен қатар көмеймен ән айтудың әзірше теңдесі жоқ жалғыз шебері. Әнші оқуды аяқтап, «Отырар сазы» оркестрінде қызметте жүрген шағында музыка зерттеушісі Болат Сарыбаев кішкентай ғана сазсырнай аспабын сыйға тартқан. Симфониялық оркестрде жүрген жас музыкант «жұдырықтай сазсырнайдан қандай әуен шығуы мүмкін» деп таң қалғанын, әуелі менсінбегенін айтады. «Кейін құйқылжыған тылсым дауысын естігенде менің өмірімнің арнасы өзге бағытқа бір сәтте бұрылып сала берді»,-дейді композитор Еділ Құсайынов. Ұлттық музыка өнерін насихаттап жүрген әншінің «Ғасырлар сазы» атты шығармашыл…

0
0
260

«Сенбілік кездесуде» — Бірғаным Әйтімова

Бірғаным Әйтімова еңбек жолын ауыл мектебінде мұғалімдіктен бастаған. Бірғаным Әйтімованың есімі халыққа 1980 жылдардан бері таныс. Кеңес одағы кезеңінде Қазақстан комсомол ұйымының белсенді хатшысы болды. Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін де ер-азаматтармен қатар жауапты қызметтер атқарып, республикамыздың саяси-қоғамдық өмірінің жандануына үлес қосып келеді. Бастауыш сыныпта орыс мектебінде білім алған ол оқуды қазақ мектебінде тәмамдайды. Б.Әйтімовамен қатар оқыған ақын Ақұштап Бақтыгереева: «Бірғанымның көзі жанып тұратын. Ештеңеден қаймықпайтын, кісіге тура қарайтын жан»,-дейді. Бірғаным Әйтімова еңбек жолын ауыл мектебінде мұғалімдіктен бастаған. Ұйымдастырушылық қасиетінің арқасында ауылдық, қалалық, облыстық, республикалық комсомол ұйым комитеттерінде хатшылық қызметтерде болды. С…

0
0
375