Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Ұлттық арнада – «Күншуақты Тоскана» драмасы

Режиссер Одри Уэллстің туындысында басты рөлдерді Дайан Лэйн, Сандра О, Линдси Дункан сомдайды. Жазушы Фрэнсис Мэйс күйеуімен ажырасқан соң қайғы-мұңға беріледі. Жан дүниесінің жарасы шығармашылығына кері әсер етеді. Мұны байқаған достары оны Италияға барып, сергіп қайтуға кеңес береді. Достарының сөзін жерге тастамаған ол Италияға кетеді. Осы сәтте ғажайып басталады. Тоскана жеріне келген Фрэнсис оның сұлулығына тәнті болады. Дәл осы жерде тұрақтап өмірін өзгерткісі келген жазушы ескі вилланы сатып алып, жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Дайан Лэйн, Сандра О, Линдси Дункан басты кейіпкерлерін сомдаған фильмді бүгін Ұлттық арнадан сағат 22:25-те тамашалай аласыздар.

0
0
367

Алтаевтың «Қазағым» атты ән кеші

«Жаным» әні авторының шығармашылық кешін бүгін Ұлттық арнадан сағат 16:15-те көріңіз. Көпшілікке «Жаным» атты әнімен танылған  Өктем Алтаев елімізде  алғаш бейнеклип түсірген орындаушылардың бірі. Көптен сахнадан көрінбей кеткен әнші жуырда көрермендерге «Қазағым» атты шығармашылық кешін ұсынған болатын. Концертте Мақпал Жүнісова,  Алтынай Жорабаева, «Азия» және «ДиетаKZ» топтары мен Нұрлан Еспанов, Абай Бегей, Серікбол Сайлаубек т.б. эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Әншінің халық алдында есеп беру концертінің телевизиялық нұсқасын бүгін Ұлттық арнадан сағат 16:15-те тамашалай аласыздар.
0
0
366

«Жарқын бейне» хабары Сейітжан Омаровтың шығармашылығына тоқталмақ

Балалар жазушысының туындылары бірнеше шетел тіліне аударылған. Сейітжан Омаров туындыларының жас жеткіншектерді отаншылдыққа, қаһармандыққа, шынайы достық пен мызғымас ынтымаққа, руһани тазалық пен биік парасатқа тәрбиелеуде маңызы зор. Оны замандастары: «Балалар әдебиетінің ең көрнекті жазушысы»,-деп бағалайды. Жазушының «Заман күші», «Әңгімелер», «Балзия», «Қайырлы жаз», «Алтын алқап», «Күншуақ», «Дала қызы», «Бақ жұлдызы», «Қиыр жол», «Қасиетті бұлақ», тағы басқа повестер мен әңгімелер жинақтары, «Қызыл арай» романы жарық көрген. Аударма саласында Лев Толстой, Сергей Баруздиннің балаларға арналған әңгімелерін, Антон Чехов, Максим Горький шығармаларын, Валентин Катаевтың «Жалғыз жалау жалтылдап», «Полк баласы» повестерін, неміс филологтары ағайынды Гриммдердің ертегілерін, башқұрт жазу…

0
0
515

«Бал тамған өтірік» мелодрамасын көріңіз

Оңтүстік кореялық туындының режиссері – Чжон Чжон Хва. Чжи Хо атты ару он жылдан бері сырттай бір жігітке ғашық. Күндердің күнінде  ол қиын жағдайға ұшырайды. Оны жұмыстан шығарып жібереді, үйіне қайтып бара жатқанда кездейсоқ ұры қолынан сөмкесін ала қашады. Ұрыны қуып келе жатқанда, көлік қағып кетеді. Ең қызығы, бұл көліктің иесі өзінің ғашығы болып шығады.

Махаббаты үшін күрескен Чжи Хо ештеңені  есіне түсіре алмаған адамның кейпін танытады. Бүгін Ұлттық арнадан сағат 14:15-те «Бал тамған өтірік» мелодрамасын көре аласыздар. Фильмде басты рөлдерді  Чо Хан Сон, Ли Ки У, Хе-ра Пан сомдайды.

0
0
1146

«Бүгін – жексенбінің» қызықтарын бірге көрейік!

Қоғам, мәдениет, ғылым, спорт тақырыптарындағы түрлі жаңалықтармен танысқыңыз келсе, 9:30-да Ұлттық арнаны қосыңыз. «Бүгін – жексенбі» таңғы ақпаратты-танымдық бағдарламасы жексенбілік таңдарыңыздың сәтті өтуінің кепілі. Бүгінгі бағдарламада танымал тұлғалардың сұхбатын тыңдап, түрлі қызықты ақпараттарға қанық боласыздар. Әнші Төреғали Төреәлі студияда қонақта болса, «Қазақстан дауысы» жобасының жеңімпазы Бауыржан Ретбаев бағдарламаға «Skype» арқылы қосылып, шығармашылықтарындағы жаңалықтарымен бөліспек. Ал, осы аптадағы ең таңғаларлық жаңалық – Аягөздегі «жанатын көл» туралы журналистік зерттеу жүргізген тілші Нұрбек Бекбау табиғаттың тылсым күйі туралы айтады. «Гауһартас» фильмінің тарихын білесіз бе? «Rope jumping» (арқанмен секіру) экстремалды спортының ерекшелігі неде? Рацияфиксаторд…

0
0
268

«Сенбілік кездесуде» — Тоқтар Әубәкіров

Қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіровтің біз біле бермейтін қандай сыры бар? Бүгін 21:00-де Ұлттық арнадан көріңіз. 45 жасында ғарыш кеңістігін бағындырып, Жерге абыроймен оралған қазақтың тұңғыш ғарышкері, ұшқыш, Кеңес одағының батыры, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіров бүгін 21:00-де «Сенбілік кездесу» хабарында қонақта. Зауытта токарь болып жұмыс істеп жүріп, ғарышты бағындыруға бел байлаған ұшқыш хабар барысында 7 күн ашық ғарышта болған ұмытылмас сәттерімен бөліспек. Тоқтар Әубәкіров – есімі Гиннестің рекордтар кітабына енген бірден бір қазақ. Бағдарламада Т.Әубәкіровтің ең жақын араласатын достары Әкім Тарази, Марфуға Айтхожина, Ескендір және Дарико Хасанғалиевтер қаһарманның біз біле бермейтін сырларымен бөліседі. Тоқтар Әубәкіров атынд…

0
0
735

«Жайдарман». Ширек финалдық ойындар

Республикалық Жоғары лиганың ширек финалдық ойындарының қайталауын Ұлттық арнадан көріңіз. Өнер көрсеткен командалар: «Шымкент жастар құрамасы» – Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика академиясы, Шымкент қаласы. «Тұңғыш астана» — Қызылорда қаласы. «Күлтегін» —  Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Астана қаласы. «Аягөз құрамасы» — Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы.

«Павлодар жастар құрамасы» — Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университеті, Павлодар қаласы. Бірінші топтың бәсекесін бүгін сағат 22.30-да тамашалай аласыздар.

0
1
1766

«Қазақстан би әлеміне» саяхат жасаңыз

Би – халқымыздың ауыз әдебиеті, ән-күйі, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып ерекшелігімен біте қайнасып келе жатқан мұрасы.

Би - бұл жай ғана қимыл-қозғалыстан туатын өнер емес. Сырына үңіліп, тереңіне бойласаңыз, бұл өнердің біз біле бермейтін өзіндік тылсым құпиялары мен ашылмаған сыры көп екенін байқайсыз. «Қазақстан би әлемі» хабарының мақсаты - ел болмысын, салт-дәстүр құндылығын, қыздардың сұлулығы мен жігіттердің жігерлілігін көрсететін би өнерінің көркемдігін көрермен назарына ұсыну.  Бағдарламаның әр шығарылымында қазақ билері, классикалық балет өнері, заманауи жастар және бал билерімен бірге әр ұлттың биі көрсетіледі. Сонымен бірге, әр бидің шығу тарихы баяндалып, елімізге танымал хореограф, балетмейстерлердің сұхбаты беріледі.

Бүгін 17:50-де Ұлттық арнадан көріңіз.

0
0
469

«Тағдырын іздеген екеу» мелодрамасын көріңіз

Им Су Чон, Гон Ю, Чхон Хо Чжин – фильмнің басты кейіпкерлерін сомдайды. «Тағдырын іздеген екеу» - әйгілі мюзиклге құрылған романтикалық комедия. Фильмде Со Чжу Ву атты бойжеткен жас кезінде Үндістанда кездейсоқ кездестірген алғашқы махаббатын тағы кездестіруді армандайды.
Ким Чжон Окты  ұмыта алмай жүрген ол детектив агенттігіне баруға бел байлайды. Дәл осы уақытта Хан Чжи Юн «Сіздің алғашқы махабатыңызды тауып береміз» деген жеке агенттік ашады. Ал, Со Чжу Ву сол агенттіктің алғашқы клиенті еді.
Режиссер Чан Ю Чжонның фильмінде басты кейіпкерлерді Им Су Чон, Гон Ю, Чхон Хо Чжин сомдайды. Қызыққа толы комедияны бүгін Ұлттық арнадан сағат 14:15-те тамашалай аласыздар.
0
0
742

«Поэзия әлемі» хабарында — Маралтай Райымбекұлы

«Оның бір өлеңі - бір спектакль сияқты». Бұл – Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімовтің Маралтай Райымбекұлына берген бағасы. «Поэзия махаббатпен басталып, парасатпен аяқталуы тиіс. Мен де өлең өлкесіне біреуді жақсы көру арқылы келдім. Әр өлеңімнің өзіндік тарихы, тағдыры бар. Жүрегімді толқытпаған дүниені жазған емеспін»,-дейді ақын. Өзі айтпақшы, «Әлемге еркелегісі келіп тұратын» ақынның шығармашылығы туралы толығырақ бүгін 13:45-те «Поэзия әлемі» хабарынан біле аласыздар. Маралтай Райымбекұлы - 1969 жылы 1-мамырда дүниеге келген. Өлеңдері 1987 жылдан бастап, республикалық басылымдарда жариялана бастады. 1996 жылы «Жазушы» баспасынан «Ай-Нұр» атты тұңғыш кітабы, 1999 жылы «Ай» атты өлеңдер жинағы жарық көрді. 2007-2008 жылдары «Кентавр» газетінің бас редакторы, 2008-2012 жылдары қас…

0
0
1877