Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Алматының мыңжылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның мерейтойлы күндерінің қатарына енгізілді

Толығырақ 17:30-дағы «Жаңалықтардан» біле аласыздар.

Алматы шаһарының мыңжылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның мерейтойлы күндерінің қатарына енгізілді. Бұл туралы бүгін тарих ғылымдарының докторы, Профессор Карл Байпақов хабарлады. Сондай-ақ, жуырда  ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасының тізіміне үміткер ретінде Алтайдағы Берел асуы мен Есік қаласы және Боралдай кенті ұсынылмақ. Қылқалам шеберлері осыдан алты жыл бұрын бастаған «Мәңгілік ел» триптихы бүгін көрермен назарына ұсынылды. Қазақтың өткені мен бүгінінен сыр шертетін көркем дүние Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған.

Осы және өзге де маңызды ақпараттарды бүгін 17:30-да Ұлттық арнадан көріңіз.

0
0
277

Астанада 24 шілде күні грек-рим, еркін және әйелдер күресінен «Президент Кубогы» өтеді

Турнирге Қазақстан Ұлттық құрамасы 2 құраммен қатысады. Сондай-ақ, «Президент кубогы» жарысына Ресей, Үндістан, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Грузия және Беларусь елінің палуандары қатыспақ. Грек-рим күресінен сынға түсетін елдер: Қазақстан, Ресей, Үндістан, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Грузия, Беларусь. Еркін күрестен бозкілемге шығатындар: Қазақстан, Үндістан, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Моңғолия. Әйелдер күресінен «Президент Кубогына» қатысатын елдер: Қазақстан, Өзбекстан, Моңғолия, Үндістан. Қазақстан Ұлттық құрамасының «Президент Кубогына» қатысатын палуандар тізімі: Еркін күрес, 1 құрам: 57 кг: Расул Қалиев, 61 кг: Дәулет Ниязбеков, 65 кг: Мейіржан Әшіров, 70 кг: Нұрлан Бекжанов, 74 кг: Жігер Зәкіров, Ақжүрек Таңатаров, 86 кг: Азамат Дәулетбеков, Ералы Әбдірашев,…

0
0
660

Спорт әлеміндегі жаңалықтар «Sport.kz»-те

«Қайрат» пен «Алашкерт» командаларының кездесуі осы аптадағы айтулы жаңалықтардың бірі болды. 16 шілде күні «Қайрат» пен армениялық «Алашкерт» өзара кездесіп, 3:0 есебімен алматылық  команда алға шыққан еді. Енді 23 шілдеде «Қайрат» армениялық клубты жеңсе,  онда УЕФА Еуропа Лигасының 3-ші іріктеу кезеңінде хорватиялық «Риека» мен шотландиялық «Абердин» жұбының жеңімпазымен кездеседі. Айта кетейік, «Абердин» сырт алаңда «Риеканы» 3:0 есебімен жеңген. Осы аптаның тағы бір айтулы жарысы  Дэвис Кубогы әлемдік тобының Австралия мен Қазақстан арасындағы 1/4 финалының матчтары аяқталды.

Аптадағы ең маңызды спорт жаңалықтарын «Sport.kz» хабарынан бүгін 12:45-те көре аласыздар.

0
0
730

«KAZsport» телеарнасы «Алашкерт» – «Қайрат» ойынын тікелей эфирде көрсетеді

23 шілдеде Ереванда Еуропа Лигасы аясындағы «Алашкерт» - «Қайрат» арасындағы қарымта ойын өтеді.

Алматыда өткен алғашқы кездесуде «Қайрат» командасы «Алашкертті» 3:0 есебімен жеңген еді.

Осылайша егер 23 шілдеде «Қайрат» армениялық «Алашкерт» клубын айналып өтсе, онда УЕФА Еуропа Лигасының 3-ші іріктеу кезеңінде хорватиялық «Риека» мен шотландиялық «Абердин» жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Еске сала кетейік, «Алашкерт» пен «Қайрат» арасындағы ойынды «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде 23 шілде күні сағат 20:50-де көре аласыздар.

0
0
194

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бақтияр Эюбов қарсыласын 27 секундта ұтты

Қазақстандық Бақтияр Эюбов кәсіпқой рингтегі 7-ші жекпе-жегінде жеңіске жетті. Ол Мичиганда (АҚШ) өткен кездесудің 27 секундында 25 жастағы Райан Хогансты нокаутқа жіберді.

Айта кетейік, бұл Бақтиярдың ең жылдам жеңісі емес. Ол 2012 жылы Жозе Брюйерді 9 секундта ұтқан еді.

Осыған дейін орта салмақта (72,5 келі) сынға түскен Б.Эюбов осы жолы жартылай орта салмаққа (66,6 келі) ауысуды шешкен. Жалпы Бақтияр кәсіпқой шаршы алаңда 7 жекпе-жек өткізген.

Енді қазақстандық кәіпқой боксшы оның карьерасын қолдайтын демеушілер іздестіруде.

0
0
231

20-21 шілде күндері «Қазақстан» РТРК» АҚ-да техникалық үзіліс

Жоспарлы-тәжірибелік жұмыстар кестесі және 2015 жылға арналған «Қазтелерадио» АҚ Ұлттық телерадиотарату желісі техникалық орталығындағы бақылау жұмыстарына сәйкес 20 шілде сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін «Қазтелерадио» АҚ-да тоқсандық жоспарлы-тәжірибелік және «Қазақстан» РТРК» АҚ-да техникалық жұмыстар жүргізіледі. Ал, 21 шілде күні сағат 15:00-16:00 аралығында жоғарыда көрсетілген техникалық құрылымдарда тоқсандық бақылау жұмыстары жүргізіледі. Осыған орай 20 шілде күні Қазақстан Республикасы бойынша Қазақ радиосының бағдарламалары 03:00-17:00 аралығында, «Шалқар» Ұлттық арнасының бағдарламалары 06:00-17:00 аралығында, «Астана» радиосының хабарлары (Астана қаласындағы қабылдағыш FM -101,4) 07:00-17:00 аралығында, «Classic» радиосының хабарлары 03:00-17:00 аралығында эфирге шықпайды. 21 ш…

0
0
182

«Әні үзілмеген ауыл»

Кенен ауылының өнерлі тұрғындары турасында сыр шертпек. Әр адамның өз Жерұйығы болады. Желмаясын желдіріп, жер төресін іздеген Асан Қайғы бабамыз қазақ жерінің әр өлкесінің өз ерекшелігін айтқан еді. Ән мен жырға отан болған Жетісу топырығаның бір пұшпағы, киелі төрі – Кенен ата ауылы. Топырағынан кие кетпеген осындай ауылдар – елдің  алтын тамыры. «Айтуға оңай...» бүгін 21.05-те Кенен ауылының өнерлі тұрғындары турасында сыр шертпек.  
0
0
605

«Замана бұлбұлдары». Тұрмағамбет Ізтілеуов

Тұрмағамбет Ізтілеуов - халық ақыны, аудармашы. Оның шығармаларының негізгі тақырыбы - білім-ғылымды («Балаларыма», «Ақыл тон аңдағанға тозбайтұғын», Ұлдарыма», «Абайды оқығанда»), адамдық пен ізгілікті («Адамдық іс», «Жақсы мен жаман», «Қабанға қарсы ұмытылма ер дегенге», «Толымды жігіт») және сатиралық («Құрбанғалиға», «Бар» мен «Жоқ», «Ал» мен «Бер», «Бірге туған», «Құлжан биге», т.б.) өлеңдерді насихаттау болды. Ақын  жазбаша айтыстың дамуына өзіндік үлесін қоса отырып, Сыр бойындағы жазба айтыс мектебін қалыптастырушылардың бірі. Т.Ізтілеуов ақындарға аралық сөз айтып, бітістіруші би-шешен де бола білген. Ақынның шығармашылығымен толығырақ бүгін 17:00-де «Замана бұлбұлдары» деректі фильмінен таныса аласыздар.

0
0
815

Ел және жаһан жаңалықтарын Ұлттық арнадан біліңіз

Күн сайын қоғамдағы түрлі өзгерістер мен әлемдегі маңызды жаңалықтар «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тілшілерінің назарынан тыс қалған емес. Әр алуан әлеуметтік мәселелермен қатар, саясат, мәдениет, ғылым-білім, спорт жаңалықтарына сағат 12:30, 17:30 және 20:30-да қаныға аласыздар. Ал, апта басындағы ең өзекті деген ақпараттармен бүгін 17:30-да танысыңыз.

0
0
788

«Жүрегім сізге аманат» телехикаясы көрсетіледі

Басты рөлдерде – Джоди Мария, Ричард Яп, Джером Понс, Джанель Сальвадор, Мутия Оркия. 5 тамыздан «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан «Жүрегім сізге аманат» атты филиппиндік телехикая көрсетіледі. Туынды сюжеті бойынша, Майя стюардесса болу үшін қалаға келеді. Алайда, оның оқуға төлейтін ақшасы болмайды. Сол себепті Майя Виктордың үйіне бала бағушы болып жалданады. Майя бұл үйге келгелі бері отбасындағы қуаныштың азайып бара жатқанын байқайды. Виктор Лим – «Lim» әуе компаниясының президенті әрі жетекшісі. Әйелі қайтыс болған. Люк, Никки және Эбигейл атты үш баланың әкесі. Люк – үйдің үлкені. Момын әрі бүлікші бала. Никки – ортаншы қыз. Анасы қайтыс болған соң, жұмысбасты әкесінің мейіріміне қана алмай жүрген ол Майяның махаббатына бөленеді. Эбби – үйдің кенжесі. Майяға дейінгі бала күтушілерд…

0
1
2649