Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

«Еуразияның ұлы тұлғалары». Абай

Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған деректі фильмді бүгін Ұлттық арнадан сағат 18:50-де көріңіз. Абай – қазақтың демократ ақыны, ұлы ойшыл-философы. Ол қазақ тілінің мәйегінен көптеген өлеңдер мен дастандар сондай-ақ, басқа да философиялық шығармалар жазды. Абай өлеңдері бай философиялық, курескерлік қасиетке ие. Ол ең алдымен қазақтың телегей-теңіз ауыз әдебиетінен сусындап, батырлар жыры мен ғашықтық жырларының үрдісіне мұрагерлік етті. Абай шығармалары арқылы руһани бірлікке шақырады. Абай шығармашылығының тақырыбы жан-жақты әрі әлеуметтік аясы кең. Ол халықты өнерге, білімге, ғылымға бейімдейді. Сондықтан, «жанға жайлы, жүрекке жылы» тиетін Абай өлеңдері XIX ғасырдағы «қазақ қоғамының айнасы», деп те аталады. Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына орай бүгін Ұлттық арнадан сағат 18:50-д…

0
0
625

Бүгін «Вест Бромвич» — «Манчестер Сити» ойыны Ұлттық арнаның тікелей эфирінде

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы ойынды сағат түнгі 00:50-де тікелей эфирде көрсетеді. Бүгін Ағылшын Премьер-Лигасының алғашқы туры аясында «Вест Бромвич Альбион» командасы «Манчестер Сити» клубын қабылдайды.

Матч алдындағы баспасөз мәслихатында «Манчестер Сити» клубының бас бапкері Мануэль Пеллегрини Серхио Агуэро мен Давид Силва жарақатынан толық айыққанын айтты. Клубтың тағы бір маңызды ойыншысы Самир Насри бүгін алаңға шығуы белгісіз.

Ал, «Вест Бромвич Альбион» сапына биыл жартылай қорғаушы Серж Гнабри мен шабуылшы Рики Ламберт қосылды. Бұл ойыншыларға клубтың өткен маусымдағы үздік ойыншысы жартылай қорғаушы Сейдо Берахино көмектеседі.

Айта кетейік, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы ойынды сағат түнгі 00:50-де тікелей эфирде көрсетеді.

0
0
215

«Балапан» телеарнасы жариялаған ертегілер байқауы жалғасуда

Байқау қорытындысы 25 тамызда белгілі болады. «Балапан» телеарнасы бесжылдық мерейтойы қарсаңында ата-аналар арасында жариялаған ертегілер байқауы жалғасады.

Байқау талабы бойынша туынды 3-10 жас аралығындағы бүлдіршіндерге арналған, бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында, кітаптарда жарияланбаған, көлемі кемінде екі бет (12 қаріп) болуы керек.  Ал, ертегі жанрына шектеу қойылмайды.  Ең үздік ертегінің желісі бойынша телевизиялық қойылым түсіріліп, кітап шығарылмақ. Айта кетейік, байқау 25 тамызға дейін жалғасады.

Мекенжайымыз: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4, «Қазмедиа» орталығы, «Балапан» телеарнасы.

E-mail: [email protected]

0
0
751

Дана Зияшева Бразилиядағы МАC (Mostra Amazonas de Cinema) кинофестивалінде үздік режиссер атанды

«Өмір қорғаушылары» («Защитники Жизни») фильмі Коста Рика билігі мен халықаралық ұйымдардың назарын Нгобедегі әйелдер мәселесіне аудартып отыр. Қазақстандық Дана Зияшева Бразилиядағы МАC (Mostra Amazonas de Cinema) кинофестивалінде «Өмір қорғаушылары» («Защитники Жизни») фильмі үшін үздік режиссер атанды. Картина Коста Рика мен Панама шекарасындағы тропикалық орманда өмір сүретін Нгобе тайпасының төл мәдениеті үшін күресі туралы баяндайды. Тайпаның матриархы Кармен ханымның алдында қиын таңдау тұрады. Яғни, дәстүрге сәйкес 12 жастағы немересін 70-тегі көрші бақсыға тұрмысқа беру немесе кішкентай қыз зорлық көріп, жүкті болғаннан кейін полицияға арыз жазу. Фильмге дайындық бір жыл бойы жүрген. Дана тайпамен бірге өмір сүріп, көптеген қажетті материал жинақтаған. Түсірілім жұмыстарына төрт…

0
0
498

«Қайрат» футбол клубының плей-офф сынындағы қарсыласы анықталды

Бұл туралы бүгін UEFA-ның жеребе тарту рәсімінде белгілі болды. Алматының «Қайрат» командасы Еуропа лигасының плей-офф сынында Францияның «Бордо» футболшыларымен кездеседі.

Бұл туралы бүгін UEFA-ның жеребе тарту рәсімінде белгілі болды. Еске салайық, бұның алдында «Қайрат» бірінші іріктеу кезеңінде «Црвена Звезданы» жолынан ығыстырса, екінші кезеңде «Алашкерт» клубынан басым болды. Үшінші кезеңде шотландиялық «Абердин» командасын ұтты.

1
0
756

Ертең «KAZsport» Ағылшын Премьер Лигасының жаңа маусымын көрсетуді бастайды

Ертең, яғни 8 тамыз күнінен бастап футболдан Ағылшын Премьер Лигасы басталады. Әлемдегі ең тартысты чемпионаттың ойындарын «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Биылғы маусым 2015 жылдың 8 тамызында басталып, 2016 жылдың 15 мамырында аяқталады. Чемпиондық атақ үшін 20 команда таласады. Оның үшеуі АПЛ-ға төменгі дивизионнан қосылған жаңа команда, яғни «Борнмут», «Уотфорд» және «Норвич Сити». 2015/16 маусымда Премьер Лигада Лондоннан 5, Ливерпуль мен Манчестерден екі клуб сынға түседі. Сонымен қатар, чемпионатта уэльстік «Суонси Сити» бақ сынайды. Еске сала кетейік, 8 тамыз күні сағат 17:00-де «KAZsport» телеарнасы маусым алдындағы АПЛ-ға шолуды көрсетеді. Ал, сағат 17:30-да тікелей эфирде «Манчестер Юнайтед» пен «Тоттенхэм» арасындағы ойынды тікелей эфирде көре аласыздар. Сонымен…

0
0
481

«Қайрат» Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды

Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Шотландияның Абердин қаласында Алматының «Қайраты» жергілікті командамен шеберлік байқасты. Ойын барысында басымдық алаң иелерінің жағында болғанымен, Владимир Вайсстың шәкірттері қорғанысты нық ұстап, оңтайы келгенде, қарсы шабуылдауға тырысты. Бұл тактика екінші таймда өз жемісін берді. 59-минутта «Абердин» қақпасының алдындағы қарбалас сәтті шебер пайдаланған «Қайраттың» мерген ойыншысы Жерар Гоу есеп ашты. Кездесу соңына таман шотландиялық команданың шабуылы үдей түсті. 84-минутта айып добын беру сәтінде Кенни Маклин қақпа бұрышын дәл көздеді. Соңғы секундтарда «Қайраттың» қақпашысы Владимир Плотников керемет шеберлік көрсетіп, қақпасын аман алып қалды. Сөйтіп тартысты ойын 1:1 есебімен аяқталып, екі кездесу қорытындысымен (Алматыдағы матчта а…

0
0
203

Ұлттық арна жаңа жоба жүргізушісіне кастинг жариялайды

Кастингтің өтетін орны мен уақыты туралы толық ақпаратты 8 (717)2-55-33-86 телефон нөмірі бойынша біле аласыздар. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы жаңа жоба жүргізушісіне кастинг жариялайды.

Кастингке 30-45 жас аралығындағы келбетті, жүзі жылы, танымы кең, тікелей эфирде өзін ұстай алатын, дикциясы мен сөйлеу мәнері қалыптасқан  қыз-келіншектер қатыса алады.  Жоба күн сайын тікелей эфирде көрсетіледі. Кез-келген тығырықтан шыға алатын, тосын жағдайларда шығармашылық пен ерекше тапқырлыққа баруға батылы жететін жандар бағын сынап көрсе болады.

Кастингтің өтетін орны мен уақыты туралы толық ақпаратты 8 (717)2-55-33-86  телефон нөмірі бойынша біле аласыздар.

0
0
784

Ренат Гайсин «Әйел бақыты» хабарының жаңа маусымына арнап ән жазуда

24 тамызда «Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы «Әйел бақыты» ток-шоуының жаңа маусымы эфирге шығады. Осыған орай композитор Ренат Гайсин жаңа маусымға арнап ән жазуда.

Ал, Нариман Қойшыбаев басшылық ететін жоба ұжымы көрермендерге жаңа маусымда түрлі тосынсый әзірлепті. Айта кету керек, Ренат Гайсин «Жаужүрек мың бала» (2012), «Ликвидатор» (2011), «Ағайындылар» (2009) және т.б. фильмдерге саундтрек жазған талантты музыкант.  «Әйел бақыты» ток-шоуы эфирге 2013 жылдан бері шығып келеді.

Бүгінде бұл хабар еліміздегі «one woman show» форматындағы жалғыз жоба. Жүргізушісі – Ләйлә Сұлтанқызы.

0
0
712

Қазақстандық гимнаст Әзизбек Құдратоллаев Азия чемпионатында қола медаль иеленді

Қазақстандық спортшы Әзизбек Құдратоллаев Жапонияның Хиросима қаласында өткен Азия чемпионатының спорттық гимнастика жарысында қола жүлде ұтып алды, деп хабарлайды ҚР Штаттық ұлттық командалар мен спорттық резерв дирекциясының баспасөз қызметі.

Жарысқа Азияның жеті елінен келген атлеттер қатысқан. Гимнаст Әзизбек Құдратоллаев шығыршықтағы жаттығулардан финалына шығып, құрлық біріншілігінің қола жүлдесін жеңіп алды.

Айта кетейік, Қазақстан Ұлттық құрамасы турнирде жалпыкомандалық 5-ші орын иеленді.

Біздің анықтама: Әзизбек Құдратоллаев - Шымкент қаласының тумасы, спорттық гимнастикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2015 жылы Кореяның Кванджу қаласындағы 28-ші Дүниежүзілік Универсиаданың финалисі, 2015 жылғы Әлем кубогы кезеңінің (Любляна қаласы, Словения) күміс жүлдегері.

0
0
250