Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Полицияға жалған ақпарат берген азамат ұсталды

Жалған ақпарат беріп, басы дауға қалды. Павлодар қаласының 24 жасар азаматы өзінің заттарын тонап кетті деген шағымымен қалалық Ішкі істер бөліміне жүгінген. Ол сол арқылы қарыздарын өтегісі келген. 24 жасар облыс орталығының тұрғыны ІІБ белгісіз екі азамат өзіне шабуыл жасап, ұялы телефоны мен ақшасын тонап кеткені жайлы хабарлаған. Полиция қызметкерлері аталған факті бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмыстарын жүргізіп, жалпы шығын көлемін шамамен 50 мың тенгеге бағалаған. Тергеу жұмыстарының нәтижесінде қоңырау шалған азаматтың ұялы телефоны кейін өзінде болып шыққан. РУСЛАН ОСПАНОВ – Павлодар қалалық ІІБ орталық бөлімі басшысының орынбасары Аталған фактіге сай біз ҚР ҚК 419- бабы, 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісін бастадық. Қазіргі таңда алдын-алу жұмыстары жүргізілуде. Ұсталған…

0
0
146

Геннадий Головкин мен Давид Лемье үш қалада медиа-тур өткізбек

Fightnetwork.com сайтының хабарлауынша Геннадий Головкин мен Давид Лемье үш қалада пресс-конференция ұйымдастыруды жоспарлауда.

Екі боксшының қатысуымен өтетін медиа-тур 18 тамызда Нью-Йорк қаласында, 19 тамызда Квебекте (Канада) жалғасып, 20 тамызда Лос-Анджелес қаласында аяқталмақ.

Еске сала кетейік, WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин 2015 жылдың 17 қазанында (Астана уақытымен 18 қазан) АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында  канадалық Давид Лемьеге қарсы жекпе-жекке шығады.

Кездесуді «Қазақстан» Ұлттық арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

0
0
276

Ұлттық арна көрермендеріне «Жаңа қоныс» атты телехикая ұсынады

«Dastan MEDIA» кинокомпаниясы туындының түсірілім жұмыстарын бастады.

«Қазақстан»РТРК» АҚ тапсырысы бойынша «Dastan MEDIA» кинокомпаниясы «Жаңа қоныс» атты телехикаяның түсіріліміне кірісіп кетті. Хикаяның негізгі кейіпкерлері - Мырзахановтар отбасы.

Телехикая олардың жаңа пәтерге көшіп келу оқиғасымен басталады. Осылайша, қаладан ауылға қоныс аударған жандар өмірлерінде күтпеген түрлі жайттарға кездесіп, қызығы таусылмас күндер жалғаса береді.

Комедия жанрындағы  12 сериялы туынды Ұлттық арна көрермендеріне қазан айында ұсынылмақ.

0
0
809

Ватсап желісі арқылы ұялы телефонға осы айдың 14-нен 15-не қараған түні судың жаппай өшетіні туралы хабарламалар таратылуда

«Павлодар-Водоканал» Жауапкерлігі шектеулі серіктестігі 14-ші тамыздан 15 тамызға қараған түні қала бойынша судың өшірілуі туралы таралған өсек-аянды жоққа шығарды. Ватсап желісі арқылы ұялы телефонға осы айдың 14-нен 15-не қараған түні судың жаппай өшетіні туралы хабарламалар таратылуда. Ақпаратты таратқан адам бұндай жаңалық «Павлодар-Водоканал» ЖШС-нің сайтында жарияланғанын жеткізген. Ал аталмыш ұйымның басшылығы болса, бұл хабарландырудың жалған екенін алға тартуда. Себебі түгелдей бір қаланың суын өшіріп тастау мүмкін емес, -дейді. Тек 14-15 тамыз аралығында облыс орталығының кейбір көшелерінде суды жаңарту жоспарланған. Ал Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция учаскесіне өсек тарату бойынша ешқандай өтініш түспеген. Айта кету керек, 2015 жылдың 1 қаңтарынан…

0
0
400

«Жаңа қоныс» телехикаясының түсірілімі басталып кетті

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының тапсырысы бойынша «Dastan MEDIA» кинокомпаниясы «Жаңа қоныс» (Квартиранты) 12 сериялы телехикаяның түсіріліміне кірісіп кетті. Ситком «Қазақстан» телеарнасында қазан айында көрсетіледі деп жоспарлануда. Бұл туралы «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының Баспасөз қызметі хабарлайды. Осындай тақырыпта хикая түсіру телевизия үшін бірегей тәжірибе болып табылады. Сондай-ақ, телехикаяның бірнеше ерекшеліктері бар. Онда Қазақстанның жағдайы жақсарып, ауыл адамдарының қалаға көшіп келіп, өз орындарын табу туралы баяндалады. Телехикаяда қозғалатын тақырып – пәтер жалдап тұратын отбасының қызықтары. Қалаға көшіп келген көптеген жанұялардың басынан өтетін бұл мәселе көрермендерге өте таныс деп айтуға болады. Себебі, көрермен өзіне етене…

0
0
563

«Ғасырлар үнінде» — Абай әндері

Абай әндері халық әндерімен тамырласып жатқандықтан, нотаның жоқ кезінде-ақ, қалың бұқараның игілігіне айналды.

Ұлы ақын Абай Құнанбаев  музыкада да айтарлықтай мұра қалдырды. Ақын асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыка бағытында мұндай мүмкіндігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген кезеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ, тек халықтық музыка дәстүрі  қалыпта еді. Сондықтан, Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса жетті. Десек те, Абай әндерінің бүгінге толық жеткен себебі - олар халықтың жан дүниесіне сай, табиғатына жақын болғандықтан, халық санасынан өшпес орын алған. Абай әндерінің ерекшелігі неде?

Бүгін Ұлттық арнадан сағат 13:40-та «Ғасырлар үнін» көріңіз.

0
0
836

Бүгінгі тұсаукесер дәстүрі

«Әйел бақыты» хабарында әнші Сәкен Майғазиев қызы Раянаның тұсаукесер тойындағы қызықтарымен бөліседі.

Қазақтың тұсаукесер дәстүрі – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл – біреудің ала жібін аттамасын деген ұғым. Тұсаукесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары, сенімдері де бар. Көбейіп, көгере берсін деп көк шөптен есіп жасайды. Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді. Адал болсын деп ала жіптен де жасайды. Ал, бүгінгі тұсаукесер дәстүрі қалай орындалып жүр? Дәстүрдің ережесі сақталған ба? Тұсауды кімге кестірген дұрыс?

Бүгін 15:00-де «Әйел бақыты» хабарында әнші Сәкен Майғазиев қызы Раянаның тұсаукесер тойындағы қызықтарымен бөліседі.

0
0
938

«Ордабасы» — «Қайрат» матчын «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

Осы аптада футболдан Қазақстан Премьер лигасының екінші кезеңдегі ойындары басталады.

23-ші турда шымкенттік «Ордабасы» алматылық «Қайратты» қабылдайды.

14 тамызда өтетін ойынды «KAZsport» телеарнасы сағат 17:50-де тікелей эфирде көрсетеді.

0
0
188

«Бордо» — «Қайрат» матчын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

Еуропа Лигасының плей-офф раунды аясында франциялық «Бордо» клубы алматылық «Қайрат» командасымен кездеседі.

Алғашқы ойын 20 тамызда (21 тамызға қараған түн) Францияның «Нуво Стад де Бордо» стадионында Астана уақытымен сағат түнгі 00:30-да өтеді. Ал, екінші матч Алматының «Орталық стадионында» 27 тамыз күні 20:45-те өтеді. Аталған екі кездесуді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, алматылық «Қайрат» Еуропа Лигасының алғашқы кезеңдерінде сербиялық «Црвена Звезда», армениялық «Алашкерт» пен шотландиялық «Абердин» клубтарын ұтқан.

0
0
316

«Қазақстан» телеарнасының премьерасы: «Қызыл сарайдағы түс» атты тарихи дастан

Қытай тарихындағы танымал теленовеллалардың бірі «Қызыл сарайдағы түс» атты хикаясы 3 тамыздан бастап қазақстандық экраннан көрсетеле бастады. Әдемі декорациялар, қымбат және әсем киім үлгілері, сол кездегі қалпына келтірілген тұрмыстық жағдай Цин династиясының дәуіріне бойлай енуге мүмкіндік береді. «Қазақстан» телеарнасы өте күрделі, әрі әдемі және сазды тілде, ежелгі қытай - мандарин диалектісінде түсірілген 50 сериялық телехикаяның күрделі синхрондық дубляжын іске асырды. Хикая 2010 жылы Азияда телехикаялардың көрсетілімі бойынша үздік атанды. Хикаяның бюджеті 19 млн. $. Хикаяның бас кейіпкері Цзя Баоюй отбасында әйелдері басым түскен ауқатты отбасының мұрагері («Қызыл сарай» деп аталуының бір мәні – «ауқатты отбасылардың қыздары өмір сүретін үй-жай»; атаудың басқа бір дереккөзі – бес…

0
0
1467