Полицияға жалған ақпарат берген азамат ұсталды
Жалған ақпарат беріп, басы дауға қалды. Павлодар қаласының 24 жасар азаматы өзінің заттарын тонап кетті деген шағымымен қалалық Ішкі істер бөліміне жүгінген. Ол сол арқылы қарыздарын өтегісі келген.

24 жасар облыс орталығының тұрғыны ІІБ белгісіз екі азамат өзіне шабуыл жасап, ұялы телефоны мен ақшасын тонап кеткені жайлы хабарлаған. Полиция қызметкерлері аталған факті бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмыстарын жүргізіп, жалпы шығын көлемін шамамен 50 мың тенгеге бағалаған. Тергеу жұмыстарының нәтижесінде қоңырау шалған азаматтың ұялы телефоны кейін өзінде болып шыққан. РУСЛАН ОСПАНОВ – Павлодар қалалық ІІБ орталық бөлімі басшысының орынбасары Аталған фактіге сай біз ҚР ҚК 419- бабы, 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісін бастадық. Қазіргі таңда алдын-алу жұмыстары жүргізілуде. Ұсталған азамат осы дерек бойынша жалған ақпарат бергенін мойындаған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Енді жала жапқан азамат 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
