Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Ватсап желісі арқылы ұялы телефонға осы айдың 14-нен 15-не қараған түні судың жаппай өшетіні туралы хабарламалар таратылуда

«Павлодар-Водоканал» Жауапкерлігі шектеулі серіктестігі 14-ші тамыздан 15 тамызға қараған түні қала бойынша судың өшірілуі туралы таралған өсек-аянды жоққа шығарды.

Ватсап желісі арқылы ұялы телефонға осы айдың 14-нен 15-не қараған түні судың жаппай өшетіні туралы хабарламалар таратылуда. Ақпаратты таратқан адам бұндай жаңалық «Павлодар-Водоканал» ЖШС-нің сайтында жарияланғанын жеткізген. Ал аталмыш ұйымның басшылығы болса, бұл хабарландырудың жалған екенін алға тартуда. Себебі түгелдей бір қаланың суын өшіріп тастау мүмкін емес,  -дейді. Тек 14-15 тамыз аралығында  облыс орталығының кейбір көшелерінде суды жаңарту жоспарланған. Ал Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция учаскесіне өсек тарату бойынша ешқандай өтініш түспеген.

Айта кету керек, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР-ның ҚК бойынша жалған хабарлама таратқан азаматқа 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 
0
0
395

Осы тақырып бойынша