Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Шипажайға жолдама ұтып алыңыз!

«Әйел бақыты» ұжымы ұйымдастырған «Біздің әулеттің хикаясы» сайысына қатысып, «Оқжетпес» шипажайына (Бурабай) жолдама ұтып алыңыз.

Ол үшін отбасыңыздағы қазыналы қариялар мен ата-анаңыздың басынан өткерген естен кетпес оқиғаларымен бөлісулеріңіз қажет. 
Сайыс шарты:
1. Әсерлі әңгімеңіздегі кейіпкердің фотосы;
2. Ерекше оқиға желісі;
3. Өзіңіз туралы қысқаша мәлімет пен байланыс телефондарын көрсетіңіз.
Осы ақпараттарды [email protected] мекенжайына жолдайсыз.

Сайыс 14 қыркүйекке дейін жалғасады.

#ӘйелБақыты #ЛәйләСұлтанқызы #Оқжетпес #БіздіңӘулеттіңХикаясы

1
0
1004

«Қазспорт» телеарнасы дзюдодан Әлем чемпионатын көрсетеді

«Қазспорт» телеарнасы («Қазақстан» республикалық телерадикорпорациясының құрамына кіреді) 24-30 тамыз аралығында өтетін дзюдодан Әлем чемпионатын тікелей эфирден көрсетеді. Бұл туралы «Қазақстан» РТРК Баспасөз қызметі хабарлайды. «Дзюдо Федерациясы» РАА мен «Қазақстан» РТРК» АҚ арасында алғаш рет Қазақстанда өткелі отырған дзюдодан Әлем чемпионатын трансляциялаудаң эксклюзивті құқығын беру жайлы келісімге қол жеткізіліп, тиісті Шартқа қол қойылды», - деп хабарлады «Қазспорт» телеарнасының бас редакторы Асқат Сағынаев. Аталмыш шара 24-30 тамыз аралығында «Алау» мұз айдынында өтеді. «Қазспорт» телеарнасы чемпионаттың іріктеу және ақтық кездесулерін тікелей эфирден көрсетеді. Таңертеңгі кездесулер сағат 11.00-де, кешкі кездесулер сағат 17.00-де басталады. «Қазспорт» телеарнасының редакторлар…

0
0
355

Жүрегім сізге аманат

Қарапайым тұрмыс кешіп жүрген әпкелі-сіңлілі Майя мен Кристина Сан-Николас қаласында гид болып жұмыс істейді.

Ақша жетіспеген соң Мая отбасын таршылықтан құтқармақ болып шетелге жұмыс істеуге кетеді. Бойжеткен өзін жұмысқа шақырған әйелдің алдап соққанын Манилаға келген соң бірақ біледі.

Жалғасын оқу.

Дүйсенбі-жұма күндері 22.40-та "Қазақстан" телеарнасынан көріңіздер.

0
1
984

Геннадий Головкин кіші Мейвезердің ТОП-5 қарсыластар тізіміне енді

12 қыркүйекте «MGM Grand» аренасында америкалық кіші Флойд Мейвезер (48-0, 26 KO) мен Андре Берто (30-3, 23 КО) кездеседі. Кіші Мейвезер үшін бұл карьерасындағы соңғы жекпе-жек болмақ. BoxingPlanet.ru сайтының хабарлауынша кіші Флойд Мейвезердің соңғы кездесуі қызықты өтуі үшін ТОП-5 қарсыласының тізімін ұсынды. 1-орын - Амир Хан (31-3, 19 КО); 2-орын - Кит Турман (26-0, 22 КО); 3-орын - Шон Портер (26-1-1, 16 КО); 4-орын - Геннадий Головкин (33-0, 30 КО); 5-орын - Мэнни Пакьяо (57-6-2, 38 KO), Г.Головкин мен кіші Мейвезер арасындағы жекпе-жек туралы жанкүйерлер және боксшылар арасында біраз талқыға түскен еді. Кіші Мейвезер жекпе-жектің өтпеуіне екеуі екі түрлі салмақ дәрежесінде жұдырықтасатындығын айтқан. Айта кетейік, Геннадий Головкин кіші Флойдпен жекпе-жек өткізу үшін салмағын түсі…

0
0
195

Зарина Диас WTA рейтингінде 1 саты жоғары көтерілді

Әйелдер теннис қауымдастығының жаңартылған рейтингінде Заринадан бөлек Юлия Путинцева мен Ярослава Шведова да жоғарылады.

Зарина Диас 1385 ұпаймен 34-орыннан 33-сатыға, Юлия Путинцева 752-ұпаймен 78-орыннан 77-орынға көтерілсе, Ярослава Шведова 568 ұпай жинап, 108-орыннан 106-сатыға орнықты.

Ерлер арасындағы рейтингте Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин 54-орнын сақтап қалды. Александр Недовесов 96-орыннан 95-орынға көтерілсе, Андрей Голубев 2 саты жоғарылап, 160-сатыға жайғасты. Дмитрий Попко 315-орынға көтерілді.

0
0
162

«Жұбайлар бар әңгімесі таусылған...»

Күйеуіне көңілі толмайтын келіншек бүгін 15:00-де сырымен бөліспек. Саққұлақ бидің «Адамның басшысы – ақыл, шолушысы – ой, жетекшісі – талап, қорғаушысы – сабыр, сынаушысы – халық, таусылмайтыны – арман, ең қымбаттысы – ар сақтау, бәрінен ардақтысы – өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі – сыйластық», деген аталы сөзі бар. Осы қасиеттерді бағалай білгендер ғана үлгілі отбасы бола алады. Талай жыл өтсе де, бір-біріне деген сыйластығы үзілмеген жандар бар. Керісінше, жылдар бойы қол ұстасып, өмірдің ыстық-суығына бірге төзіп келсе де, бір-бірінен суынып кеткен отбасылар да жоқ емес. «Әйел бақытының» бүгінгі кейіпкері - күйеуіне көңілі толмайтын, «назарынан тыс қалған» келіншек. Талай уақыт жарасып келген жұпты ажырасудан аман алып қалудың жолдары сарапшылар кеңесінде. Бүгін 15:00-де Ұлттық арн…

0
0
720

Нұржан Қарымсақов: Тарихи туындыны үлкендердің батасымен салу керек

Танымал суретші, ҚР Мәдениет қайраткері Нұржан Қарымсақов бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. Нұржан Қарымсақовтың сурет өнеріндегі бағыты – тарихи жанр. Бұл бағытты таңдаудағы себебіне тоқталған суретші: «Әкем – филолог еді. Бала кезімнен маған қазақтың батырлары, ақындары, жыраулары туралы жиі айтып отыратын. Өзінің де сурет салу жағынан өнері болатын. Ауылда көркемсурет мектебінің директоры болды. Сол әсер еткен болар»,-дейді. «Үлкен туындылар бірден шыға қоймайды. Оған бірнеше жыл қатарынан ізденіп, еңбектену керек. Мырзатай Жолдасбеков, Қойшығара Салғараұлы, танымал археолог Зейнолла Салмашев, түрколог Қаржаубай Сартқожаұлы сынды еліміздің үлкен тарихшылары, филологтарынан кеңес алып тұрамын. Тарихи туындыны осындай жандардың батасымен салу керек»,-дейді суретші. Сұх баттың толық нұсқ…

0
0
1391

Айсұлу Әбдікерім: Баланы сәби кезінен өнерге баулыған дұрыс

Цирк әртісі Айсұлу Әбдікерімнің қыздары да көгершіндермен өнер көрсетеді. Жастайынан өнерге құштар Айсұлу Әбдікерімді бүгінде көпшілік цирктегі тамаша қойылымдарынан жақсы таниды.

Әсем әуен ырғағында көгершіндерімен мың бұрала билейтін сұлу қыздары да бүгінде аналарының жолын таңдаған. Айсұлудың бұл таңдауға  ана ретінде де, ұстаз ретінде де еш қарсылығы болмапты. «Баланы сәби кезінен өнерге баулыған дұрыс. Қыз балаға өнердің берері көп. Әсемдікке, тазалыққа, тәртіпке үйретеді»,-дейді Айсұлу. Цирктің жазғы маусымдық демалысында көгершіндерін күнге жиі шығарып, саябақта бірге серуендейтін бұл отбасының баста қағидасы – «Береке түбі – бірлікте».

Олар тек сахнада ғана емес, өмірде де бір-біріне тілекші әрі қамқоршы отбасы туралы «Таңшолпаннан» көріңіз.

0
0
367

Бекболат Тілеухан: Теңге ілу – Әлем чемпионатын өткізуге тұрарлық спорт

Мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан бүгін таңғы бағдарламада қонақта болды. 30 тамыз күні Астанада ұлттық спорт теңге ілуден I Азия чемпионаты өтеді. Сондай-ақ, осы турнир аясында асау үйретуден да жарыс өтпек. «Бұрын-соңды теңге ілуден жарыс өткізілмеген. Құйғытып келе жатқан жүйрік үстінен жерден теңге ілу мен көрер көзге қызықты шоу сияқты асау үйретуді біріктіріп, сайыс ұйымдастырмақшымыз. Қазақта ат үстіндегі ойынның бәрі – соғыс өнерімен астасып жатады. Бұл спорт асқан икемділікті қажет етеді. Моңғолия, Түркия, Қытай, Ресей және т.б. елдерге жарыс өтетіні туралы хабар бердік. Сайысқа бұл елдер де қатыспақ ниетте»,-дейді Бекболат Тілеуханов. «Бүгінде не болса соны спорт қылып жатыр ғой. Оған қарағанда, ат үстінде жұлдыз…

0
0
496

Бүгін «Ливерпуль» — «Борнмут» матчын «Қазақстан» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

АПЛ-дың 2-ші туры аясында «Ливерпуль» өз алаңында чемпионаттың жаңа командасы «Борнмут» клубын қабылдайы.


АПЛ-дың 2-ші туры аясында «Ливерпуль» өз алаңында чемпионаттың жаңа командасы «Борнмут» клубын қабылдайы.

Премьер лиганың алғашқы ойынында мерсесайдтық команда сырт алаңда «Сток Сити» клубын 1:0 есебімен жеңген. Ал, «Борнмут» өз стадионында «Астон Виллаға» бір гол айырмасымен есе жіберген еді.

Осы уақытқа дейін «Ливерпуль» командасы «Борнмутқа» бірде бір рет ұтылмаған. Ал, АПЛ аясында екі команда алғаш рет кездеспек.

Сонымен қатар, «Борнмут» клубы «Энфилд» стадионында 1927 және 1968 жылдары Англия Кубогында «Ливерпульге» 4:1 есебімен жеңілген.

Айта кетейік, АПЛ аясындағы «Ливерпуль» - «Борнмут» матчын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы бүгін сағат 00:50-де тікелей эфирде көрсетеді.

0
0
762