Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

«ҚазАқпарат» елімізде ғана емес, сонымен бірге Орта Азия аймағындағы жетекші агенттіктердің бірі болып келеді

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігін 95 жылдық мерейтойымен құттықтады.«Ақпарат - тұрақтылық пен ынтымақтастықты орнықтыратын ең басты идеологиялық құрал. Ал бұл кеңістікте биыл 95 жылдығын тойлап отырған өзіндік терең тарихы бар «ҚазАқпарат» агенттігінің орны ерекше. Бастауын сонау 1920 жылдан алатын бұқаралық ақпарат құралы өз заманының жаңалық жаршысына айналып, тек елімізде ғана емес, сонымен бірге Орта Азия аймағындағы жетекші агенттіктердің бірі болып келеді. Тәуелсіз еліміздің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірін жан-жақты жазатын сенімді ақпарат көзі ретінде халықтың ықыласына бөленіп жүрсіздер. Агенттіктің барша ұжымына толағай табыс, отбастарыңызға бақ-береке тілеймін!», - делінген құттықтауда. ҚазАқпарат http://w…

0
0
287

«Ақ халатты абзал жандар»

Еліміздегі дәрігерлердің біліктілігі турасында өрбіген әңгімені бүгін 21:05-те «Айтуға оңайдан» көріңіз.

Дәрігерлік  мамандық – бұл ерлік.  Ол өзіне құрбан болуды талап етеді, ойдың, ниеттің адал болуын қажет етеді. Дәрігер ой-санасы анық, пиғылы, мінез-құлқы таза, адал және мұнтаздай болуы керек. Дәрігер болу үшін бейімділік, икемділік, қабілеттілік қасиеттері аздық етеді. Дәрігердің  сондай-ақ, науқас  адамның сенімін ала білуі, ол адамды өзінің ауруымен күрестіре білуі маңызды. Сырқат жандарға күшін ғана емес, жүрегін де жұмсай білуі қажет.

Біздің елдің дәрігерлерінің қазіргі ахуалы қалай? Ем-дом қалай жүргізілуде?

Бүгін 21:05-те «Айтуға оңай...» осы мәселеге тоқталады.

0
0
5390

«Астон Вилла» — «Манчестер Юнайтед» матчын «Қазақстан» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Астана уақытымен сағат түнгі 00:35-те тікелей эфирде «Астон Вилла» - «Манчестер Юнайтед» матчын көрсетеді. Бүгін Ағылшын Премьер Лигасының 2-ші туры аясында «Астон Вилла» өз алаңында «Манчестер Юнайтед» командасын қабылдайды. «Вилла Паркта» өтетін матчтар ешбір клуб үшін оңайға соқпайды. Мысалы, өткен жылы «МЮ» осы стадионда ұпай жоғалтқан еді. Сол уақыттан кейін Луи Ван Гал ұжымында көптеген өзгерістер болды. енді манчестерлік клуб тек жеңіс үшін ойнайтыны анық. Осы маусымды екі команда да жеңістен бастады. Алғашқы турда «Астон Вилла» «Борнмут» командасын, ал «Манчестер Юнайтед» «Тоттенхэмді» 1:0 есебімен ұтты. Айта кетейік, «Астон Вилла» - «Манчестер Юнайтед» матчын бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Астана уақытымен сағат түнгі 00:35-те тікелей эфир…

0
0
210

«Ордабасы» — «Қайрат» матчын «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін, 14 тамызда, футболдан Қазақстан чемпионатының 23-ші туры аясында кезекті ойын өтеді.

Шымкентте жергілікті «Ордабасы» алматылық «Қайратты» қабылдайды. Бұл ойынды «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде сағат 17:50-де ккөрсетеді.

Еске сала кетейік, ҚПЛ-дың 23-ші турындағы алғашқы ойында «Астана» сырт алаңда «Ақтөбені» 1:0 есебімен ұтып, әзірге чемпионаттың 1-ші орнына шықты.

0
0
177

Қазақстандық телеэкранға бірегей Мойнақ ГЭС-і жайлы түсірілген отбасылық кинолента эфирге шығады

"Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясының тапсырысы бойынша "Астанателефильм" киностудиясы "Жарық" хикаясының түсірілімін аяқтады. Премьера "Қазақстан" телеарнасының эфирінде 31 тамызда көрсетілетін болады. Бұл туралы "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясының Баспасөз қызметі хабарлайды. "Жарық" - көрермендерді көптеген эмоциялар күтетін көңілді отбасылық сага. Қызық сюжетті хикая кейіпкерлері бір-біріне ғашық болып, аяқ асты ажырасады, жақындарын тауып, енді бірде іздеу салып жатады, бірге әр түрлі тосқауылдардан қашып жатады. "Жарық" оқиғалары "жоғары кернеу аймағында" - бірегей Мойнақ ГЭС айналасында өрбитін болады. "Сіз гидроэлектростанцияда болып көрдіңіз бе? Міне күш қайда жатыр! Міне мінез қайда!", - түсірілімнің процесін режиссер Бактияр Сейтказиев осылай сипатта…

0
0
679

Шашыңыз шаршатқанда

Ұйқыдан ояна салысымен, айнаға қарағанда шашыңыз ұйпа-тұйпа болып, көңіл-күйіңізді жабырқата ма? Табиғи өңі өзгерген шашыңыз жылтырамай, саулығына зақым келген болса, кәдеге жарайтын мағлұматтарды қағаз бетіне түртіп алып, ой түйіңіз. Тұңғыш рет «Әйел бақыты» хабарында айтылған пайдалы кеңестер топтамасын сіздердің назарларыңызға ұсынғалы отырмыз. 1. «Шашым-сәнім». Шашыңызды аптасына екі рет арнайы сусабынмен жуған соң, тері астындағы шашты қоректендіріп отыру үшін бальзам, майларды қолдануыңызға әбден болады. Сусабыныңызды екі айда бір рет ауыстырып тұрғаныңыз абзал. 2. Шаш бұрымын тарақтың көмегімен түбінен көтере кептіріп, фенді 10 сантиметрден кем тақатпаған жөн. 3. Қолаң шашты болсаңыз, ұшынан бастап тарай бастаңыз. 4. Шаштың ұшын екі айда қысқартып отыруды әдетке айналдыру керек. 5.…

1
0
356

Теңге ілу чемпионатына қатысатын елдердің қатары көбейіп келеді

30 тамызда Астанада өтетін Теңге ілуден І Ашық Азия чемпионатына қатысуға ынта білдірген мемлекеттер қатары күн санап көбейіп келеді.

Қазіргі таңда Ресей Федерациясының Алтай Республикасына қарасты Қосағаш ауданынан Ербол Еділбаев бастаған теңге ілушілер, сондай-ақ, Тұрал Әлиевтің жетекшілігімен Әзірбайжан елінің спортшылары, Бенсзе Иштван бастаған Венгрия, Оразбек Тойғанбаев бастаған Қырғыз елінің спортшылары, Ахат Қуанышұлы бастаған Қытай елінің сайыпқырандары, Махмад Хакимовтің жетекшілігіндегі тәжікстандық жігіттер, Рахимжан Ходжиматов бастаған Өзбек азаматтары, Түркия елінен Алпарслан Жейлан және Моңғолияның Бай-Өлке аймағынан Әуесхан Ром басқарған қандастарымыз келеді, деп күтілуде, деп хабарлайды Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының баспасөз қызметі.

0
0
1189

«Барыс» хоккейден Президент Кубогын ұтып алды

Елордалық «Барыс» Астанада өткен ҚР Президенті Кубогының финалында «Адмирал» (Владивосток, Ресей) командасын 3:2 есебімен ұтып, жеңіске жетті. Матчтың алғашқы минуттарынан бастап «Барыс» басымдықты қолына алып, шабуылды үдетті. Алайда алғашқы кезеңде шайба соғылмады. Ал, екінші кезеңнің 1-ші минутында Брендон Боченски есеп ашып, алаң иелерін алға шығарды. Осыдан кейін «Адмирал» ойыншысы Максим Мамин есепті теңестірді. Ойынның 36-шы минутында «барыстық» Евгений Рымарев Талғат Жайлауовтың пасынан кейін есепті 2:1-ге жеткізді. Алайда қонақтар сапынан Константин Макаров шайба соғып, есепті қайта теңестірді. Кездесудің үшінші кезеңінде командалар қанша тырысқанымен есеп өзгермеді. Осылайша матч овертаймда жалғасты. Шешуші кезеңде «Барыс» ойыншысы Талғат Жайлауов тағы бір нәтижелі пас берді. Ша…

0
0
188

Бейжіңде Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының президенті сайланады

Сайлау Әлем чемпионаты аясында 12-20 тамыз аралығында өтпек.

Сайлауға үш үміткер түскен. Бірі, сырықпен секірудің һас шебері, танымал спортшысы Сергей Бубка, екіншісі Британия Олимпия ассоциациясының өкілі – Себастьян Коэдир. Үшінші үміткер қазіргі президент – Ламин Диак.

0
0
197

Шыншылдық деген не?

«Иман айнасы» хабарының қонағы Айбек Қалиев осы тақырып төңірегінде әңгіме өрбітпек.

Абай мен Шәкәрім шындықтың не екенін көп өлеңдерінде талқылаған. Ал, қазақтың ұлы жазушысы  Мұхтар Әуезовтің «Әділет тілесе, атаңның болсын, айыбын айт»,-деген сөзі бар. Шындық, шыншылдық – аса қажет екені даусыз.  Біреудің ағаттығын  бетіне бассаң, ол мұндай сынды көтере алатыны күмәнді. Біздің қоғамда кейде шыншыл жандардың  ісі өрге баспауы сондықтан. Алайда, бұл сөздің қазіргі таңдағы салмағы қандай? Бүгінгі қоғам шындықты бетке тура айта ала ма? Қазақ шындықты қалай түсінген?

Бүгін «Иман айнасы» хабары сағат 12:40-та осы тақырып төңірегінде әңгіме өрбітпек. Хабардың қонағы – айтыскер ақын Айбек Қалиев.

0
0
2514