Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Теңге бағамы көтерілді

2015 жылғы 21 тамыздағы жағдай бойынша 2015 ж. 21 тамызда сағат 15.29-да Қазақстанның коммерциялық банктерінде бір АҚШ долларын сатып алу/сату құны құрады:

БЦК - 239/241

ККБ - 238.03/240.98

Халық банкі - 239.02/241.01

AsiaCredit Bank - 239/241

Qazaq Banki - 239/241

KASE таңғы сессиясында бір доллар құны 252,47 теңгені құрады.

http://www.inform.kz/kaz/article/2809643

0
0
242

«Ұлттық медициналық холдинг» Білім күніне орай 125 балаға сертификат тапсырды

«Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-ның барлық еншілес ұйымдары кәсіподақ комитеттерімен бірлесе отырып, «Балаларды мектепке дайындайық» акциясының аясында холдинг қызметкерлерінің балаларына сертификаттар тапсырды. Акцияға орай, Холдингке қарасты барлық ұйымдардың қызметкерлері арасынан көп балалы отбасылар, болмаса әлеуметтік аз қамтылған отбасылар таңдалған. Холдинг жиналған қаражатты 125 бала арасында бөліп, әрқайсысына 10 000 теңгенің сертификатын тапсырып отыр. «Келе жатқан Білім күніне орай біздің ұжым «Балаларды мектепке дайындайық!» атты акция аясында көп балалы отбасыларға және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек ретінде сертификат тапсырып отыр. Акция аясында 125 балаға 10 000 теңгенің сертификаты беріледі. Бұл ақша әжептәуір көмек болады деп сенемін. Жалпы, шара аясында 1 мл…

0
0
193

Кенже Жуманулы: В этом году в мега-проект «Қазақстан дауысы» включен новый этап — «Нар тәуекел» (Нокаут)

Новый сезон мега-проекта «Қазақстан дауысы» (Голос Казахстана) стартует в эфире телеканала «Казахстан» 20 сентября. Перед началом третьего сезона произошли некоторые изменения. О них рассказывает директор проекта Кенже Жуманулы. Первая перемена коснулась наставников. Известный казахстанский певец Медеу Арынбаев покинул проект. В третьем сезоне его место займет эстрадный исполнитель Рустем Нуржигит. И еще один немаловажный момент. В проект включен решающий, четвертый этап – «Нар тәуекел» (Нокаут). Главный приз – 5 млн. тенге. В проекте могут принять участие исполнители от 18 до 50 лет. На всех этапах до финала кандидаты обучаются профессиональной командой наставников. И когда все подходит к финалу, мы получаем возможность узнать, кто из соискателей обладает тем безоговорочным сочетанием та…

0
0
710

Кенже Жұманұлы: Биыл «Қазақстан дауысы» жобасына «Нар тәуекел» атты кезең енгізілді

«Қазақстан дауысы» жобасының жаңа маусымы «Қазақстан» телеарнасында эфирге 20 қыркүйекте шығады. Үшінші маусым алдында жобаға бірнеше өзгерістер енгізілді. Осыған орай жоба директоры Кенже Жұманұлы өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, «Қазақстан дауысы» жобасының биылғы маусымы өте қызықты болмақ. Халыққа жақын болуы үшін биыл біраз өзгерту енгізілді. Мысалы, тәлімгер Медеу Арынбаевтың орнына әнші Рүстем Нұржігіт келді. Оған қоса, «Нар тәуекел» атты жаңа кезең енгізілді. Нағыз шайқастың қызатын кезі де осы кезең. Сондай-ақ, бұрынғы сайыстарға да өзгерту енді. Үшінші маусым алдыңғыларға қарағанда, анағұрлым қызықты болмақ». Бас жүлде – 5 млн. теңге. Жобаға 18 бен 50 жас аралығындағы орындаушылар қатыса алады. Аталған жобаның өзге байқаулардан ерекшелігі, бұл байқау қатысушылардың тек дауысқ…

0
0
555

Дзюдодан Әлем чемпионатын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» арнасы тікелей эфирде көрсетеді

Тамыздың 24-30 аралығында Астанадағы «Алау» мұз айдынында дзюдодан ересектер арасындағы Әлем чемпионаты өтеді.

2016 жылғы Рио Олимпиадасына жолдама беретін Әлем чемпионатына әр  елдің үздік спортшылары келмек.

Елімізде өтетін маңызды спорттық шарадан «Қазақстан» Ұлттық арнасы мен «KAZsport» толыққанды ақпарат таратып, 24-30 тамыз аралығында тікелей эфирді назарларыңызға ұсынбақ.

Сонымен қатар, көрсетілім барысында «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» арнасы Қазақстанның және әлемнің танымал спортшыларымен, бапкерлерінен, спорт мамандарынан сұхбаттасып, арнайы репортаж ұсынады.

0
0
259

«Бордо» — «Қайрат» матчы 1:0 есебімен аяқталды

Еуропа Лигасының плей-офф раунды аясында франциялық «Бордо» клубы мен алматылық «Қайрат» арасындағы ойын аяқталды. Францияның «Нуво Стад де Бордо» стадионында өткен ойында «Бордо» командасы 1:0 себімен жеңіске жетті. Ойын болжағандай өте белсенді басталды. «Бордо» футболшылары көп шабуыл жасап, допты өз бақылауында ұстады. Матчтың 5-ші минутында франциялық команданың шабуылшысы Кизе-Телин есеп ашатын мүмкіндікті мүлт жіберді. Осыдан кейін «Бордо» шабуыларды үдете түсті, алайда «Қайрат» қарымта шабылда ойнады. Алайда матчтың 27-ші минутында Вахби Хазри гол соғып алаң иелерін алға шығарды. Тағы алты минуттан кейін «Бордо» ойыншылары тағы гол соғып кете жаздады. Екінші таймда да шабуылдар толастамады. Алайда ойыншылардың біраз шаршап қалғаны байқалды. Осылайша өте тартысты өткен матч 1:0 есе…

0
0
343

Темекіге қанша қаражат жұмсайсыз?

Әлем бойынша әр 6 секунд сайын бір адам темекінің салдарынан өмірден өтеді. Біздің елде де 4 миллионнан аса адам шылым шегеді деген мәлімет бар. Ал, сіз темекіге қанша ақша кететінін және қанша уақытыңызды жоғалтатыныңызды білесіз бе? Бүгінде темекінің бір қорапшасы орта есеппен алғанда 300 теңге. Бір күнде бір қорап темекі шегетін адам бір айда тапқан қаражатының 9000 теңгесін никотинге жұмсайды. Демек, бір жылда 108 мың теңге улы түтінмен бірге желге ұшады. Егер адам 20 жыл темекі тартса, 2,500 000 миллион қаржыны тек темекіге жаратады екен. Оған шылым бағасының жыл сайын қымбаттап жатқанын қосыңыз. Ал, бұл арадағы уақыт шығын бөлек әңгіме. Бір тал шылымды шегіп болғанша, орта есеппен 5 минут уақыт кетеді. Сонда бір күнде 1 сағат 40 минут уақыт зиянды іске арналады. Ал, 1 айда 60 сағат…

0
0
590

Қазақтан шыққан әр саланың тұңғыштары

Тұңғыш қазақ профессоры Санжар Асфендияров болса, Ата Заңның алғашқы жобасын жасаған қазақ – Барлыбек Сыртанов. Қазақтың мәдени-руһани дамуына тұңғыш болып үлес қосқан жандар туралы не білеміз? Қазақтан шыққан тұңғыш профессор – Санжар Асфендияров. 1927 жылы ол Нариманов атындағы шығыстану институтының директоры болып тағайындалды. Сондай-ақ, сол жылы оған Мәскеу университетінің профессоры атағы қоса берілді. Бірінші Ата Заңның жобасын жасаған қазақ кім? Ол – Барлыбек Сыртанов. Қазақ зиялы қауымы арасында тұңғыш рет «Қазақ елінің уставы» атты еңбек жазды. 1911 жылы шыққан жинақта сот билігінің тәуелсіздігі туралы мәселе қозғады. Білім беру саласында Социалистік Еңбек Ері атағын алған тұңғыш қазақстандық – Рафиха Бекенқызы Нұртазина. Сабақ беру әдістемесі бойынша 200-ден астам еңбектің авт…

0
0
2030

Джордж Крол: Қазақтың «тәуелсіздік», «дастархан» сөздері ерекше ұнайды

АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж Альберт Крол «Таңшолпанға» сұхбат берді. Елші «Таңшолпан» тілшілерін ерекше тосынсыймен қарсы алды. Қазақтың киіз үйінде ақ дастархан жайып, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм ұсынған Джордж Крол таңғы аста шұбат ішкенді тәуір көретінін айтады. «Сіздермен сұхбаттасу мен үшін зор мәртебе», деп сөзін қазақ тілінде бастаған Елші: «Қазақ тілі – өте әдемі. Маған тілді толық меңгеру үшін әлі көп оқып, тәжірибе жинақтау керек. Қазақ тілі – күрделі грамматикасы бар, логикасы бай тіл. Қазақ тілі – мен үшін әуен, музыка сияқты. Қазақтың «тәуелсіздік», «дастархан» сөздерінің мағынасы тереңде. Осы сөздер ерекше ұнайды»,-дейді. АҚШ елшілігінің ауласына киіз үй тіккен Джордж Крол: «Қазақтың киіз үйін көрген сайын қызығатынмын. Бұл – қазақ халқының…

0
0
580

Ринат Елубаев – импрессионистік модерн бағытында еңбектеніп жүрген суретші

Оның еңбектері елімізде ғана емес, шетелдерде де жоғары бағаға ие болған. Импрессионизм – француз тілінен аударғанда «серпілік, еркіндік, бір сәттік әсер» деген ұғымдарды береді. Жанрдың басты идеясы академиялық бағыттан, яғни реализмнен алшақтау. Бір сәттік әсер арқылы ойды жеткізу. Жанрдың бастауында Мане, Вангог, Писара секілді қылқалам өнерінің әлемдік классиктері тұр. Бүгінде бұл жанр біздің елде де кең қанат жаюда. Ринат Елубаев импрессионистік модерн бағытында еңбектеніп жүрген суретші. «Сурет салу – көңіл күйіме байланысты. Қазақ болғандықтан ұлттық нақыштағы дүниелерді көп салуға тырысамын. Себебі, ұлттық құндылықты насихаттауымыз керек»,-дейді суретші. Табиғат аясында сурет салу – суретшінің басты кредосы. Ринат Елубаев көбінесе абстракциялық бағытта қалам тербейді. Оның еңбекте…

0
0
840