Мазмұнға өту
Qogam

Qogam

667 жазбалар5 тіркелуші

Азаматтық қоғам - экономика, мәдениет аясында демократиялық қоғам шеңберінде мемлекеттен тәуелсіз, дербес дамушы қатынастардың жиынтығы

2024 жылы ораза қай күні басталатыны айтылды (қалалар мен аймақтар бойынша кесте)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан т.б. елдердің Ғұламалар кеңесімен, пәтуа саласына жауапты ғалымдармен ақылдаса келе, биылғы Рамазан айының басталатын күні бекітілді.Фото: depositphotos.com-Ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 11 наурызда басталады. Ал сәуір айының 5-нен 6-на қараған түн – қасиетті Қадір түні. 10 сәуір – Ораза айт мерекесі.Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде пітір садақасы еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 640 теңге болып бекітілді.Сондай-ақ өзіңізге қажетті облыс, қала, аудан және ауылдың (барлығы 6000 елді мекен) ораза және намаз кестесін жоғары сапада pdf форматта muftyat.kz сайтынан https://www.muftyat.kz/kk/page/ramadan сілтемесі бойынша жү…

0
0
330

Бопсалаушылардан қашамын деп бесінші қабаттан секіріп кеткен

Ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген Қызылорда облысының алты тұрғыны Астана – Павлодар автожолында ұсталды.

Олар екі танысын күштеп көлікке отырғызып, пәтерге алып келіп, ұрып-соғып, қару-жарақпен қорқытып, екі күн бойы ұстап, 300 мың теңге мен ұялы телефондарын тартып алған.

Сонымен қатар тағы бір миллион теңге талап еткен. Жәбірленушілердің бірі қашпақ болып, бесінші қабаттан секіріп кетіп, көптеген жарақат алды.

Күдіктілер екінші жәбірленушіні көлікке отырғызып алып, ізін суытпақ болған кезде ұсталды.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің бірнеше бабымен қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Polisia.kz

0
0
216

Рабат Жәнібеков қайтыс болды

Белгілі спорт комментаторы Рабат Жәнібеков 82 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Бұл туралы оның қызы, журналист Сәуле Жәнібекова әлеуметтік желіде хабарлады.

«Қош бол, папа...», - деп жазды ол.

Рабат Жәнібеков 1942 жылы 27 маусымда Түркістан облысының Қазығұрт ауданындағы Рабат ауылында дүниеге келген.

1970-2000 жылдары ҚазТВ-да редактор, 2004 жылдан ҚР Білім және ғылым министрлігінің ғылыми-практикалық орталығында баспасөз хатшысы болып істеді.

1968 жылдан 2003 жылға дейін қазақ телевизиясында қызмет етті. 1973 жылдан бастап спорт бөліміне ауысып, комментаторлықты бастаған. Алғаш жүргізген матчы – Футболдан КСРО Чемпионатындағы «Қайрат» — «Торпедо» (Мәскеу) кездесуі.

0
0
293

Төтеншеліктер түнімен ұйықтамады

ТЖМ, Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облысы ТЖД жедел топтарының тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды. Жедел желі телефонына ақпараттық сипаттағы 259 қоңырау түсті.

t.me/qr_tjm

0
0
249

Алматыда жуық арада қатты жер сілкінісі болмайды

Сейсмикалық бақылау және зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия алдағы күндері Алматы аумағында жойқын жер сілкіністері 70% ықтималмен Алматы болжалды полигонында күтілмейді деген қорытындыға келді.Операциялық сейсмикалық деректерді талдай отырып, комиссия 2024 жылдың 04 наурыз күні 12 сағат = 20 минутта Алматы болжамалы полигонда сейсмикалық жағдай тұрақты екенін атады.4.03.2024 жылы 11:22 мин (Гринвич бойынша) Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында магнитудасы Мрv=6.1 тіркелген жер сілкінісі Алматыда 5 балл, эпицентрде MSK-64 шкаласы бойынша 5-6 балл болды.Комиссия жер сілкінісінен соң думпулер болады деп санайды."Сейсмикалық бақылау және зерттеу Ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия жақын арада күшті жер сіл…

0
0
254

ТЖМ итімен бірге дайын

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының барлық жеке құрамына дереу түрде жалпы жиын жарияланды.

Жалпы жиын бойынша РЖҚЖ базасына жеке құрамның 71 адамы жедел келді. Жедел ден қоюға шамамен жеке құрамның шамамен 70 адамы, 28 бірлік техника және 5 кинологиялық есептоп дайын.

t.me/qr_tjm

0
0
227

Алматыда жол қауіпсіздігі қатаң бақылауда

Алматыда 120-дан астам патрульдік полиция экипажы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.

Алматыда жол жағдайы тұрақты және бақылауда: бағдаршамдар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, қаланың негізгі көлік артериялары қолмен реттеуге көшті.
Ата-аналардың бір мезгілде балаларын үйлеріне алып кетуіне байланысты, қаладағы мектептер мен балабақшалар аумағында көлік қозғалысы көбейген. Бұл азғантай кептеліс әдеттегі мәселе ретінде шешілуде;
Алматыдан барлық бағыттар бойынша шығатын жол ашық, көлік ағынының өткізуі қалыпты режимде жұмыс істеуде.
Жанармай құю бекеттеріндегі жағдай да тұрақты: көлік кептелісі жоқ.
Алматы полициясы жол қозғалысына қатысушыларды қабылданып жатқан қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

0
0
254

Жетісу облысында мал өсіремін деген инвесторларға жер берілмей қойған

Прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды қолдау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.Фото: mk-kz.kzЖетісу өңірінде 3 жылдан астам екі шаруа қожалығы бордақылау алаңын салу және асыл тұқымды ауыл шаруашылығы жануарларын өсіру үшін жер телімдерін ала алмаған.Жер заңнамасына қайшы, жергілікті атқарушы орган негізсіз жер телімдерін беруден бас тартқан.Прокурорлық қадағалау актісін енгізгеннен кейін инвесторларға жалпы көлемі 39 гектар жер телімдері беріліп, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.Инвесторлардың құқықтарын қорғау прокуратура қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.Инвесторлардың дабылдарына жедел ден қою мақсатында Фронт-офис құрылып, Жетісу облыстық прокуратурасының Мобильді тобы тәулік бойы жұмыс істейтінін еске саламыз (байланыс телеф…

0
0
305

Өткен айда инфляция қатты кетіпті

Өткен жылғы ақпанмен салыстырғанда тарифтер су бұруға – 33,9%, орталықтан жылытуға – 30,9%, суық суға – 30,8%, қоқыс шығаруға – 30,7%, ыстық суға – 29,4%, электр энергиясына 19,9% өсті.Баға кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне – 21,5%, санаторийлер қызметтеріне – 16%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 13,9%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтерге – 13,3%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 13,1%, ұялы байланыс қызметтеріне 12,4% жоғарылады. Таксимен жол жүру – 11,7%, қалалық автобуспен – 9,3%, жолаушылар теміржол көлігімен – 8,7%, қалааралық автобуспен 8,2% қымбаттады. Жолаушылар әуе көлігімен жол жүру 4% арзандады.Баға деңгейі фармацевтикалық өнімдерге – 11,7%, жиһаз және үйге қажетті заттарға, киім және аяқ киімге – 11%-дан, жеке қолданы…

0
0
273

Журналист ауылдан қалаға келген қыздардың ауыр тағдыры туралы айтты

18 ҚАБАТТАН СЕКІРДІАлматыда бүгін тапа-тал түсте зәулім үйдің 18-ші қабатынан жап-жас қыз секіріп кетті. Әлбетте, бірден мерт болды, құтқару мүмкін емес еді.Марқұм бұл ЖК-да тұрмайды екен, қонаққа да келмеген. Жәй ғана есікті ашты, подьезге кірді, лифтімен ең жоғарғы қабатқа көтерілді, балконға шықты да төмен құлдилады22 жасар қыз бұл зәулім үйдің есігі кодсыз ашылатынын, 18-ші қабаттағы балконға еркін енуге болатынын қайдан білген? Яғни, алдын-ала өмірмен қоштасатын нүктесін белгілеген болуы әбден мүмкін. Өзі алматылық емес, ауылдан келген студент екен, Куәгерлер жүкті деседі.Қалай десек те, ешкімнің басына бермесін. Ауылда отырып “Қызым үлкен қалада оқып жатыр” деген ата-анағв баласының мұндай өлімі қандай соққы екені айтпаса да белгілі.Алматыда бәрі жетісіп жүрген жоқ, бір мезгіл жырақ…

0
0
455