Діндарлар әйел адамның дін істері басқармасын басқаруына қарсы
Әйелдерге исламда орын бар ма?Молдалар мемлекет ісіне араласты...Мынау шенеунік әйелдің суреті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында (ҚМДБ) жұмыс істейтін молдалар чатында қызу талқыға түсті. Дүмше молдалардың жаман ойынша, Дін істері комитетінің басшылары да еркек болуы тиіс екен. Еркек болғанда да - «Беті Құран көрген, бұты құман көрген» еркек!..Ау, молдафандар, өздеріңе көп алып жатқан жоқсыңдар ма!? Дін істер комитеті - Аида Балаева басқаратын Мәдениет және Ақпарат министрлігіне қарайтын мемлекеттік орган. Бұл орган сендердің мүфтиятыңның, сендердің бас мүфтиіңнің меншігі емес. Сендердің Бас мүфти сайлағандарыңа мемлекеттік шенеуніктер араласып жатқан жоқ қой. ҚМДБ Жарғысына сай болмаса да, Құранды қате оқитын, арабшасы нашар адамды Бас мүфти қылып алдыңдар. Ақорда жақтан «мынау б…





