Мазмұнға өту
Qogam

Qogam

667 жазбалар5 тіркелуші

Азаматтық қоғам - экономика, мәдениет аясында демократиялық қоғам шеңберінде мемлекеттен тәуелсіз, дербес дамушы қатынастардың жиынтығы

Бүгін - Ұлттық киім күні

Бүгін 18 наурызда елімізде Наурыз меркесі аясында Ұлттық киім күні аталып өтіп жатыр.

undefined

Фото: quizlet.com

Қазақстан бойынша, барша адамдар қазақтың ұлттық киімін киіп, шапан мен сәукелелер Қазақстан қалаларының көшелерін толтырады.

0
0
370

Димаш Құдайберген Пласидо Домингоға шапан кигізді

Әлемге әйгілі әнші, Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген атақты испаниялық опера әншісі Пласидо Домингоға шапан сыйлады.

"Қай халықта болмасын, өзінің кіндік қаны тамып, туып-өскен еліне, жеріне деген ыстық ықыласын, терең сезім­дерін өлеңге қосып, өз өлкесі­нің тау-тасын, дархан даласын, аққулы көлін жырламаған өнерпаз кемде-кем.Саф өнері арқылы өз ұлтының үнін,жүректен шыққан тың туындыларын күллі әлемнің алақанында аялата білген 20 ғасырдың үздік опера әншісі Пласидо Доминго атамызға дәстүріміз бойынша шапан жапқан сәттен көрініс.Бүгінгі күн - ертеңгі тарих", - деп жазды Димаш әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген мен Пласидо Доминго Будапештте Virtuosos V4+ жобасының финалында Жорж Бизенің «Искатели жемчуга» операсынан дуэт шырқаған болатын.

0
0
354

Тоқаевтың насыбай туралы айтқаны желіде дау туғызып жатыр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атыраудағы Ұлттық құрылтайда насыбай туралы айтқаны қоғамдық пікірді екіге жарды. Көптің бәрі деуге болмайды, бірақ, көп ішіндегі көкезулерге ыржаңдайтын әңгемнің шеті шықса болды, талапайға салады. Кешелі бері әлемжелінің іші насыбайға «толып кетті».«Насыбай. Насыбайым болмаса, ауырады басым-ай». Енді қайттік, біреудің насыбай атып, най тартпаса, басы ауырады екен деп, бәріміздің басымыз ауырып, балтырымыз сыздауы керек пе? Көңілің осы бір атым насыбайдан қалып бара жатса – ат, алайда, насыбайыңды қақырық-түкірігіңмен араластырып, көлкілдетіп көрінген жерге тастама! Тазалық сақта, жидіме, өзге жұртты жиіркендірме!Ауылда қариялардың насыбай атқанын көрдік. Әңгімені саумалдап сауып отырып, тілдің астына тастап кеп жіберіп, иә болмаса, ерінге қыстыра қойып,…

0
0
392

Бүгін - Наурыз аясында Шаңырақ күні

Фото: anatili.kazgazeta.kz-Шаңырақ күні қазақстандықтардың жас ұрпақты тәрбиелеу мәдениетін көрсете отырып, олардың бойында патриотизм, адамгершілік пен еңбекқорлыққа деген құштарлықты қалыптастыруға үндейді.Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, қазақ мәдениетінде шаңырақтың қадір-қасиеті айрықша. Ол – әрі аспан күмбезі, әрі үй-жай, әрі тірек, әрі бақуаттылық пен қауіпсіздік және ұрпақтар сабақтастығы.Ол – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан материалдық және рухани мұра, сонымен қатар отбасының тұрақтылығы мен ұрпақтың үздіксіз жалғасуының символы.Шаңырақ – отбасы белгісі, сондықтан да қазақ халқы жас жұбайлардың отау құрып, шаңырақ көтеруіне ерекше мән берген. Ата-бабаларымызда «Шаңырақ көтеру» атты ерекше дәстүр-салт болған.Жалпы, Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясы…

0
0
356

Тоқаев: "Тіліміздің қолдану аясын кеңейте түсу - басты бағыт"

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысумен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы басталды.«Тіліміздің қолдану аясын кеңейте түсу мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып қала береді. Бұл – біз үшін мызғымас ұстаным.Елімізде қазақ тіліне деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Қазақ тілі бизнестің, ғылым мен техниканың тіліне айнала бастады. Бұл үрдісті одан әрі дамытудың ең тиімді әрі төте жолы – ағартушылық.Қазір ірі кітап дүкендерінде қазақ тіліндегі туындылардың үлесі арта түсті. Соңғы кезде баспагерлердің жаңа буыны әлемдік бестселлерге айналған шығармаларды аударып жүр. Көптеген кітаптарды шығарып жатыр. Аударылған кітаптардың ішінде көркем әдебиет қана емес, іскерлік бағыттағы туындылар да көп. Мемлекеттік саясаттың мәні – осында.Ешкімді мәжбүрлемей, күнделікті өмірдегі қажет…

0
0
428

Қыздарды каратэге беріңдер

Осы жерде үнемі айтып жүрем. Тағы айтайын, қыздарыңды каратэге беріңдер. "Ой, керек емес қызға каратэ. Қыз деген нәзік болу керек. Төбелесі нес?" деген түсінікті өшіріңдер.Каратэмен айналысқан қызға ешкім әкіреңдей алмайды, соқтыға алмайды, тиісе алмайды. Өйткені, ол қыз физикалық тұрғыда мықты болады. Баяу болмайды, денесі шымыр болады. Ал соққы алса, дұрыс қорғанады, өзіне қысым көрсеткен адамның кем дегенде миын шайқап тастайды. Ары кеткенде, бастан теуіп талдырып ұйықтатады.Шын сөзім. Әсірелеусіз. Әрине, ешкім қыздарыңа қысым көрсетпесін! Алла сақтасын! Бірақ, өзін қорғай алатын спорт түрі - каратэ артықтық етпейді.Және спортпен айналысса, денсаулығы мықты, ауырмайтын болады. Мына кілең әйелге қол көтеретін далбаёбтар көбейген заманда, қызыңды каратистка қылып өсіріп, сақтан. Мына вид…

0
0
500

Елімізге Чехиядан күдікті экстрадицияланды

Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті Чехиядан экстрадицияланды. Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдікті «Ж»-ны аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Чехиядан экстрадициялады. Ол 2021 жылдың көктемінде жәбірленушіге халық тұтынатын тауарларды Қазақстаннан Ресейге тасымалдау қызметін ұсынып, одан кейін алдау арқылы жәбірленушінің 19 миллион теңгеге жуық тауарын иемденіп, оны басқа тұлғаларға сатып, ақшасын жымқырған деген күдікке ілінген. Қылмыс жасағаннан кейін күдіктініңжасырынуына байланысты ол халықаралық іздеугежарияланды. Ағымдағы жылдың қаңтарында ол Чехияда ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәрк…

0
0
364

ТЖМ хостелдерді жаппай тексеріп жатыр

Маңғыстау облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына хостелдерден жоспардан тыс тексеруді жалғастыруда.

Бүгінгі таңда инспекторлық құраммен 8 хостел тексеріліп, 50-ден астам бұзушылық анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша барлық 8 хостел әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде сот шешімімен 2 хостелдің қызметі тоқтатылды.  ТЖМ азаматтар мен кәсіпкерлерді өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады. t.me/qr_tjm

0
0
335

Жітіқарада жігіттер есірткі қойып кетіп жүрген баланы жазалаған

Қостанай облысындағы Жітіқара қаласында жігіттер Руднойдан келіп есірткі қойып кетіп жүрген балаларды ұстап жазалады.

Полиция есірткі тасымалдаушыны қамап тастады. Ал оны ұрған адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

0
0
281