Мазмұнға өту
Qogam

Qogam

667 жазбалар5 тіркелуші

Азаматтық қоғам - экономика, мәдениет аясында демократиялық қоғам шеңберінде мемлекеттен тәуелсіз, дербес дамушы қатынастардың жиынтығы

Алматы облысында 12 мыңнан астам шетелдік тіркелген үйлер анықталды

Алматы облысының прокуратурасы 12 мыңнан астам шетелдіктерді тіркеген 278 үйді анықтады.Бұл үйлердің ішінде тұрғын немесе жоқ мекен-жайлар болды.Мысалы, Қарасай ауданының Батан ауылындағы үйлердің бірінде 300-ден астам шетелдік азамат тіркелген.Осы фактілер бойынша ҚР ҚК 394-бабы (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.Сондай-ақ, мемлекеттік қазынаға үш мың заңсыз көшіп келушілердің 79 млн.теңге салық төлемеу фактілері анықталды, олар бойынша өндіріп алу жұмыстары жүргізілуде.Сонымен қатар, сот шешімі бойынша елден шығарылуға жататын 29 заңсыз көшіп келушілер және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған 43 заңсыз көшіп келушілер шығарылмаған.Жалпы, тексеру аясында Алматы облысының прокуратурасы көші-қон заңнамасын 600-ден астам бұзушылықты анықтап, 17 көші-қон полиция қызм…

0
0
256

Президент Қауышу күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амал күнімен құттықтады.

– Әз-Наурыздың бастауы – Амал күні құтты болсын! Бұл – халқымыздың ежелгі әдет-ғұрпын жаңғыртып, төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған бірегей дәстүріміз. Осы күні ұлттық болмысымыз бен құндылықтарымыз ерекше дәріптеледі. Ел ырысы көбейе берсін! Жыл жақсылығымен келсін! – деп жазды Президент өзінің Х парақшасында.


t.me/aqorda_resmi

0
0
280

Елде Наурыз мейрамы басталды

Ұлыстың ұлы күні енді 10 күн тойланады
undefined
Республика бойынша барлығы 10 мыңнан астам мәдени іс-шара өтеді. Ал мерекенің логотипі ретінде «қызғалдақ» гүлі таңдалды.

Наурызнама онкүндігі мынадай:

🔅14 наурыз Көрісу күні – Амал мерекесі
🔅15 наурыз «Қайырымдылық күні»
🔅16 наурыз «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күні
🔅17 наурыз «Шаңырақ күні»
🔅18 наурыз - «Ұлттық киім» күні
🔅19 наурыз – «Жаңару» күні
🔅20 наурыз «Ұлттық» спорт күні
🔅21 наурыз «Ынтымақ» күні
🔅22 наурыз – «Жыл басы»
🔅23 наурыз – «Тазару күні»

@qazaqstantv

0
0
238

Арманның әдіре қалатын түрі бар

Алматы қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, нысанды сүруге қатысты сот процесі 2022 жылдан бері жалғасып келеді.“Кешенді салу барысында бірқатар заң бұзушылықтар жіберлген. Атап айтқанда тексеру кезінде 2 нысанды салу туралы рұқсат қағаз болмаған және бүкіл нысан бойынша көптеген қате анықталған”, – деп мәлімдеді қала құрылысын бақылау басқармасындағылар.Тұрғын үй кешенінің өзі тұрғын үйді пайдалану және қызмет көрсету жөнінде нысаналы мақсаты бар жер учаскеде орналасқан. Осылайша, жеке тұрғын үй ретінде салынған кешен арқылы құрылыс салушы қала тұрғындарына жалған мәлімет беріп, пәтерлерді сатуды жоспарлаған.Бұған дейін басқарма Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен заңсыз құрылысты бақылауды күшейту бойынша бірлескен жұмыс аясында нысанға жоспардан тыс тексеру жү…

0
0
272

Министр сүйінші жаңалық жариялады

Еліміздің цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркісібі министрі Бағдат Мусин сүйінші жаңалық жариялады.Сүйінші жаңалық!⠀Өткен жылдың наурыз айында Кремний алқабына жұмыс сапары барысында мен Youtube өнімдерін басқару жөніндегі вице-президент Адам Смитпен кездесіп, сервистің Қазақстанда іске қосылуын талқылаған едім.⠀Ал бүгін мен сіздермен керемет жаңалықпен бөліскім келеді. Қолданушылар мен контент жасайтындарға жаңа мүмкіндіктер ашатын YouTube Premium енді Қазақстанда. Бұл оқиға елдің цифрлық инфрақұрылымын дамыту мен оны жаһандық желіге біріктіруде жасаған елеулі қадам.⠀Басқа қызметтермен қатар YouTube Premium-ді қолдану бейне мен музыкалық мазмұнға жарнамасыз шексіз қол жетімділікті, бейне материалдарды офлайн режимде көру үшін оны жүктеу мүмкіндігін және басқа қосымшаларды қатар…

0
0
276

Прокурорлар шахтаның қызметін тоқтатты

Қарағанды және Павлодар облыстарында орын алған қайғылы оқиғалардан кейін облыс аумағында ұқсас фактілерге жол бермеу мақсатында Алматы облысының прокуратурасы Кеген ауданындағы «Тұйық» қорғасын кен орнының ұңғымада (бұдан әрі - шахта) тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларын бұзу деректерін анықтады.Тексеру барысында шахта бекіністерінің деформациясы мен зақымдануын, шатыр мен борттар бойынша тау массасының бөліктерінің қатып қалуы, сондай-ақ жобалау құжаттамасынан ауытқу және бекіту материалының паспорттарының және өзге де орындаушылық құжаттаманың болмауы анықталған.Анықталған бұзушылықтар 25 кеншінің өмірі мен денсаулығына қайтымсыз әсер етуі мүмкін және нақты құлау қаупін тудырды.Осыған байланысты, прокуратураның үйлестіруімен Өнеркәсіптік қауіпсіздік де…

0
0
194

Алматыға соғыстан қашып келген ресейліктер енді жер сілкінісінен қашып жатыр

Алматыдағы жер сілкінісінен қашып, Мәскеуге оралғалы жатқан ресейлік келіншек жүрек тебірентер видео жариялады.«Жаңа оянып, осындай хабарлама жазу керек деп ойладым. Күйеуім екеуміз Алматыдан кетуді жөн көрдік. Бұл жер сілкінісіне байланысты. Біз қатты қорқамыз. Мәскеуге қайтамыз. Қазақстанда бір жарым жыл тұрдық. Бұл менің өмірімдегі ең керемет кезең болды. Мен қазір бұл жайында кәдімгідей сөйлей аламын. Бірақ бірер күн бұрын көзіме жас алдым. Неге дейсіз ғой? Қазақтар менің орыстан артық туысыма айналып кетті. Рас айтамын. Мұнда жаны жайсаң адамдар көп. Бұны қалай түсіндіруді білмеймін. Бірақ Алматыдан кейін Мәскеуге бару каторгамен бірдей... Мен ертең Қазақстанды, Алматыны сағынамын, қазірден сағынып жатырмын. Таңертең терезеден тауды көретінімді. Баламды арбаға салып жүргенімді. Автоб…

0
0
427

АПВ-ға қарсы екпе әйелдер онкологиясының өсуін тоқтатуы мүмкін

Адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялаудың көмегімен жатыр мойны обырының жиілігін айтарлықтай төмендетуге болады, деп есептейді ДДҰ Қазақстандағы өкілі.Фото: ameldental.com-«Қаржылық тиімді және дәлелді медициналық-санитариялық іс-шараларды, соның ішінде қыздарды адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялауды, сондай-ақ обыралды зақымданулардың скринингі мен емдеуді жүргізу және обырдың инвазивті түрлерін диагностикалау мен емдеуге қолжетімділікті кеңейту арқылы біз жатыр мойны обырын қоғамдық денсаулық проблемасы ретінде жоя аламыз және бұл ауруды өткен кезеңге қалдыра аламыз. Жатыр мойны обырынан бірде-бір әйел өлмеуі керек. Біздің күш-жігерімізді біріктірейік. Жатыр мойны обырын жоюға барлық елдердің күші жетеді», - деп атап өтті ДДҰ-ның ҚР-дағы елдік офисінің басшысы Ске…

0
0
243

Шымкентте спорт мектептерінің бапкерлері ақша жеген

Сот үкімімен Шымкент қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының спорт мектептерінің жаттықтырушылары бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша 1 және 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.

Сот талқылауы барысында жаттықтырушылар 2022 жылдан 2023 жылға дейінгі мерзім аралығында спортшылардың Алматы, Тараз қалалары мен Түркістан облысында оқу-жаттығу жиындарына барғаны туралы жалған жол жүру құжаттарын ұсынып, 6 млн теңгеден астам қаржыны жымқырғаны анықталды.

Мемлекетке келтірілген шығын толығымен өтелді.         

Құқық қорғау органдары мемлекет қаржысын ұрлауға қарсы қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде.

Шымкент қаласының прокуратурасы

0
0
256

Тоқаев Жұмабай Шаштайұлының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы Жұмабай Шаштайұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Президент қарымды қаламгер, публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұмабай Шаштайұлының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

"Жұмабай Шаштайұлы қазақ әдебиетіне өзіндік қолтаңбасын қалдырып, руханиятымыздың дамуына елеулі үлес қосты. Шығармалары кеңінен насихатталып, оқырман тарапынан жоғары бағаланды. Өнегелі ғұмыр кешкен Жұмабай Шаштайұлының есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", – деп жазылған жеделхатта.

t.me/aqorda_resmi

0
0
204