Елдегі ең көп сатылатын автомобильдердің алғашқы бестігі
Елдегі автокөлік саудасы біртіндеп қалпына келуде, 2017 жылдың наурызынан бастап ай сайын оң динамика байқалуда. Ресми дилерлердің барлығы 49 052 автомобиль, коммерциялық көлік және автобустар сатты.Былтырғыдай брендтер тұрғысынан ең көп сатылатын ТОП-5-тікті Toyota компаниясы бастады - 9 267 автомобиль сатылған (+ 5,2%). Екінші орында Лада - 8 733 (+ 7,2%). Жаңадан келген - өзбек елінен Ravon - алдыңғы қатарлы үштікті түйіндеді - 4 621 автокөлік, Қостанайда R3 седан өндірісі басталуымен сауда он есе өсті. Төртінші орында - Hyundai - 3 624 (+ 2,5%), негізінен қазақстанда жасалған. Рейтингтің бесінші орнында ГАЗ маркалы коммерциялық техника - 2 821 (+ 17,9%). Қазақстандық автокөлік нарығында ресми түрде ұсынылған қырық бес брендтен компаниялардың басым көпшілігі оң сатылымдық динамикамен а…
