Мазмұнға өту
Обложка сообщества QazAgym

Жұмысқа қажетті дағдылар

Еңбек нарығы. Алдымен еңбек нарығына бір шолу жасап өтейік, зияткерлік қызметкерлердің көпшілігі зейнеткерлікке асығар емес. Қаржылық перспективалар өте жарқын емес екені де рас. 50-60 жасыңызда сұранысқа ие маман болу үшін өзіңіздің біліктілігіңізді үнемі жақсартуыңыз керек.

Барлық жердегі цифрландыру – үзіліссіз оқудың бірден бір себебі. Жақын болашақта болжамдарға сәйкес, роботтар мен автоматика жүйелері АҚШ-тағы жұмыс орындарының жартысын және Ресейдің үштен екі жұмыс орнын жояды. Сондықтан журналистер, бухгалтерлер, турагенттер, гидтер және басқа да мамандар қайта мамандануға дайын болуы керек.

Алдағы жылдары жұмыс орындарына конкурс көбейеді. Бұл үрдіс жаһанданудан туындайды. Бүгінгі әлемде кейбір дамушы елдерде мердігер немесе бизнес-серіктес табу оңай.

Ақпараттық технологиялар секторының өкілдері, инженерлер мен медицина қызметкерлері ештеңеге алаңдамаса болады - оларға деген сұраныс келесі онжылдықта жалғаса бермек. Бірақ басқаларына қазірден ойлану керек. Soft skills – еңбек нарығындағы кез-келген өзгеріске төтеп беруге мүмкіндік беретін жеке қасиеттер.

Жұмсақ дағдылар (Soft skills)

2016 жылы Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда 2020 жылы сұранысқа ие болатын 10 кәсіптік дағдылар анықталды.

1. Көп деңгейлі мәселелерді кешенді шешу

2. Критикалық ойлану

3. Шығармашылық ойлану қабілеті

4. Адамдарды басқару қабілеті

5. Адамдармен өзара әрекеттесу қасиеті

6. Эмоциялық интеллект

7. Өз пікірін және шешім қабылдауды қалыптастыру

8. Клиент қажеттілігіне жұмыс істеу

9. Келіссөздер жүргізу қабілеті

10. Жаңа білімдерге ашықтық қабілеті

Бұл дағдылардың көбісі адамдармен қандай да бір түрде қарым-қатынас жасаумен байланысты. Осы дағдаыларға ие адамдарды машиналар әлі ауыстыра алмайды.

0
0
2391

Осы тақырып бойынша