«Бір түнде 400 адам жұмыстан босатылды». «Абу Даби Плаза» айналасындағы үлкен дау
Астанадағы Абу-Даби Плаза құрылысының айналасында үлкен дау туындады - шамамен 400 қызметкер компания басшылығына шағымдарын білдірді, олар бір түнде ақшалай өтемақыcыз, заңсыз жұмыстан шығарылғанын айтады. Бұл туралы КТК телеарнасының сюжетінде айталған.Құрылысшылардың айтуынша, олар ешқандай хабарландырулар алмаған, жұмысқа келгенде ғана қысқарту туралы естіген, және олардың есімдері қызметкерлер тізімінен алынып тасталынған.«Біздің арамызда заңнаманы білмейтін жұмысшылар көп, басшылар соны пайдаланады және оларды алдайды. Бір-бірлеп кеңсеге шақырып, «Көп ұзамай жұмысқа адамдар шақырамыз, сосын сізді қайта шақыратын боламыз, қазір осы жерге қол қойыңыз», - дейді. Біз барлығымыз «Казинжиниринг», «Мониторинг», «ЭКСПО», «Казстрой» сияқты төрт қазақстандық компанияда жұмыс істедік», - деді…
