Мазмұнға өту
QazAgym
QazAgym

QazAgym

599 жазбалар50 тіркелуші

Әр қазағым — жалғызым!

БҰҰ жанындағы халықаралық электр байланыс одағы Қазақстанға жаңа +997 дэф кодын белгіледі

Сондай-ақ халықаралық деңгейдегі цифрлы сервистерді қолданғанда да, барлық жерде Қазақстан деген сигнал шығады.

Кезінде КСРО тарағанда, +7 халықаралық телефон коды екі елге бірдей бекітілген болатын. Біз Қазақстанға ғана тиесілі халықаралық кодқа қол жеткізу үшін былтырдан бері телекоммуникация саласындағы компаниялармен бірге жан-жақты жұмыс жүргізіп келеміз. Осы келіссөздердің нәтижесінде біздің елге дербес +997 коды резервке қойылды!

Қазір тиісті құжаттар рәсімделіп, жаңа кодқа көшу бойынша іс-шаралар атқарылып жатыр.

Дереккөз

0
0
176

XVI Еуразия Медиа Форумына тіркелу басталды

22 – 24 мамыр аралығында Алматыдағы The Ritz-Carlton қонақ үйінде он алтыншы Еуразия Медиа Форумы өз жұмысын бастайды. 2002 жылдан бері тиімді халықаралық коммуникация алаңына айналған Медиа форумға әлемнің 60 елінен 500-ден астам делегат жинады. XVI Еуразия Медиа Форумы «Бүгінгі әлем: шындық трансформациясы?» атауымен өтеді. Конференцияда әлемдік және өңірлік деңгейдегі бірқатар өзекті мәселелер көтерілмекші. Күн тәртібінде: жаһандануға қарсы процестер, тұтыну дағдарысының тереңдеуі, халықаралық құқық және жасанды ақыл-ойды пайдаланумен байланысты сын-қатер талқыланады. Сондай-ақ, Форум аясында медиа саладағы кәсіби тақырыптар – цифрлық әлемдегі журналистиканың болашағы мен блогсфера ықпалының артуын тілге тиек етеді. Орталық Азиядағы көшбасшы әрі тәуелсіз диалог алаңы ретінде Еуразия Ме…

2
0
1329

Принц Гарри мен актриса Меган Марклдың некелесу салтанаты

Бойдақ кезінің соңғы күнінде Гарридің қасында ағасы принц Уильям болды, ол үйлену тойында інісінің шафері міндетін орындайды.

Меган Маркл той алдындағы кеште анасы Дория Рэгландтың қасында болды. Сенбі күні қасиетті Геогрий шіркеуіне анасымен бірге келді, сол жерде Кентербери архиепископы оны принц Гарридің әйелі деп жариялады.

Дереккөз

1
0
600

Кубада 100-ден аса жолаушысы бар ұшақ құлады

Cubana de Aviacion әуе компаниясының ұшағы Гаванадан Ольгинге бағыт алған. Әуе кемесі Гавана әуежайынан ұшып шыққанына бірнеше минут өткенде құлаған.

Infobae порталының мәліметінше, ұшақ бортында 104 адам болған. Cibercuba басылымы кубалық Radio Rebelde радиосының журналисі Габдиэль Сильваға сілтеме жасай отырып, бортта экипаждан басқа 107 адамның болғанын және барлығының қаза тапқанын жазды.

Ұшақ құлаған жерге Кубаның Мемкеңес пен Министрлер кеңесінің басшысы Мигель Диас-Канель барды.

Әлеуметтік желіде куәгерлер апаттың видеосы мен суреттерін жариялап жатыр. Видео кадрларынан қара қою түтінді көруге болады.

Дереккөз

0
0
555

Жалғыз қалып, өзіммен, сырласқанда (Аудио өлең)

Өлең авторы – Айгүл СағымбайқызыӘуен авторы – Айбек Бекбосын «Жалғыздық»Бейнематериал авторы – Оптимус ПраймӨңдеген – Бақытжан БекмұхаммедұлыВконтакте – https://vk.com/public56982889 Инстаграмм – aikosmuzАмалым жоқ, жанымды, мұң басқанда,Жалғыз қалып, өзіммен, сырласқанда.Жылап тұрған жүрекке, мұң қонғанда,Бар керегім, тыныштық, жүйкелерім тозғанда.Айта алмассың ешкімге, айталмассың,Табылмаса қасыңнан, түсінер жан.Мұңның шаңы іліксе, мынау көңілге,Қалам сөйлей бастайды, ақ дәптерге.Осы сәтте ұмытам, мүлдем бәрін,Бар білерім мен үшін, енді әнім.Жүрегімде соғады, бір басқаша,Жеңілденіп қалады, сөз жазғанша.Қуанып та, мұңайып, мен жатамын,Бірде көңілім гүлденіп, бірде солып.Жазым ба екен, әлде көктем ұранын,Соғып жатыр, бар көңілді, бұрқыратып.Бірде тәнім шаршайды, бірде жаным,Безіп кеткім к…

1
0
2450

Сөз зергерлері арқа жерінде

Білім бәсекесі 2 күнге жоспарланды. Олимпиадаға телевизияның 60 жылдығы арқау болды. Сайыстың ашылу салтанатында филология факультетінің деканы Әбдуов Мұхаметқали Ілиясұлы сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жүктелген тапсырма бойынша студенттер сюжет дайындап, эссе жазды. Сонымен қатар, бірнеше журналистика пәндерінен тест тапсырды. Олимпиаданың соңғы күні журналистің жеделділігін айқындау мақсатында жедел ақпарат сайысы бойынша сынға түсуде. Сондай-ақ, студенттер мен оқытушыларға шахтер шаһарының көрікті жерплерін көрсетті. Олар Сарыарқа археологиялық мұражайы мен университет музейін аралады. Мұражай меңгерушісінің сөзінше, мұндағы ең көне жәдігерге 2000 жыл болған. Әр жәдігер жеке-жеке нөмірленген. Студенттер Арқа жерінің талай тарихи құндылықтарымен танысып қайтты.Аслан ҚажиевIT…

0
0
878

Болашақ журналистер Сарыарқа төрінде бақ сынады

Екі күнге созылатын бұл білім бәсекесіне Қазақстанда журналист мамандарын даярлайтын 18 жоғары оқу орнынан 48 студент қатысып, бар өнерлерін паш етті. Жарыстың бірінші кезеңінде әр топ өздерінің дайындаған видеоларын көрсетті. Ал екінші кезеңде қатысушылар эссе жазып, жеңіс тұғырынан көрінуге бар күштерін салды.Олимпиаданы Қарағанды университетінің ф.ғ.д., профессоры Асанов Қойлыбай ресми түрде ашып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.Екі кезең аяқталғаннан соң, жарысқа келген қатысушыларды Қарағанды қаласын аралатып, көрікті жерлердің тарихымен таныстырды. Студенттер бір-бірімен етене араласып, достасып үлгерді. Қарағанды қаласын аралап болған соң, «Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің тарихы» мұражайына жол тартты. Құшақ жая қарсы алған ҚарМу ұйымдастыру…

0
0
395

Болашақ журналистер бақ сынауда

Ф.ғ.д., профессор Асанов Қ.Д. кіріспе сөз сөйлеп, олимпиаданың ашылу салтанаты университет өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Жалпы білім бәйгесіне Республика бойынша он бес жоғары оқу орнынан журналистер қатысып, бақ сынауда.

Болашақ журналистер алдымен бас оқу ғимаратында орналасқан « Академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің тарихы» мұражайына саяхат жасап, университеттің тыныс тіршілігімен танысып шықты.

Айта кетейік 60 жылдық тарихы бар осынау айтулы университет былтыр Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өткен ІХ Республикалық журналистер олимпиадасында 1-ші орынға ие болып, дәстүрлі бәсекені Қарағандыда өткізу құқын жеңіп алған болатын.

0
0
540

Кенші жеріндегі ең алғашқы дода

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде журналистика пәні бойынша Х республикалық пән олимпиадасы өтіп жатыр. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 16 ЖОО студенттері келді. Жыл сайын өткізу дәстүрге айналған журналистер додадасына биыл студенттер ерекше көп жиналды. Республика бойынша барлығы 48 қатысушы бақ сынауда. Шараның шымылдығын ф.ғ.д., профессор Қойлыбай Асанов ашып берді. Содан соң ҚарМУ-дің филология факультетінің деканы, ф.ғ.д. Мұхамедқали Ілиясұлы мен облыстық «Saryarqa» телеарнасының директоры Берік Смағамбетұлы Дүйсетаев сөз сөйлеп, барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Екі күн бойы болашақ журналистерге телевизия, газет, интернет-журналистика саласында көп жылдар бойы қызмет етіп жүрген білікті журналистер әділ қазылық етеді. Атап өтер болсақ, облыстық «Saryar…

0
0
605

Уинстон Черчилльдің дәйек сөздері

***Егер сіз тозақ арқылы жүрсеңіз - жүре беріңіз, тоқтамаңыз.***Кез келген құлдырау - ол жаңа мүмкіндіктер.***Ақылды адам қатенің барлығын өзі ғана жасамайды -ол басқаларға да мүмкіндік береді.***Табыс- бір сәтсіздіктен екінші сәтсіздікке ынтаны жоғалтпай жылжу қабілеті.***Өз пікірін ешқашан өзгертпейтін адамдар - ақымақтар.***Билік есірткі секілді. Бір рет дәмін тартып көрген адам онымен мәңгі уланады.***Денсаулық пен байлық емес, сәттілік тілеңдер. Титаникте барлық адам дені сау және бай болды, ал сәтті адамдар аз ғана болды.***Кез келген дауда сіздің сөзіңіздің соңғы болғанын қалайсыз ба? Қарсыласыңызға"Сіздікі дұрыс" деп айтыңыз.***Төрт баланы тәрбиелегеннен гөрі елді басқару оңайырақ.***Біз үлкен оқиғалар мен кішкентай адамдар дәуірінде өмір сүріп жатырмыз.***Пессимист әр мүмкіндікте…

2
0
1584