Мазмұнға өту
QazAgym
QazAgym

QazAgym

599 жазбалар50 тіркелуші

Әр қазағым — жалғызым!

Қазақстанда Атом есімді 5 адам бар

Соңғы деректерге сәйкес, Қазақстанда Атом есімді 5 адам тұрады. Ең кішісі 3 жаста, ал үлкені – 66 жаста. Бұл есім иелері Ақмола мен Қостанай облыстарында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында тұрады.

Сонымен қатар құрамында "атом" сөзі бар мынадай есімдер де кездеседі:
- Атомжан — 2 адам
- Атомбек — 6 адам
- Атомвек — 2 адам
- Атомтай — 1 адам

Ескерте кететін жайт, аталған есім иелерінің 80%-ы 47 жастан асқан және олар Қазақстанның 11 өңірінде тұрады. Бұл ретте, елімізде Референдум есімді адам жоқ.

0
0
207

Нұрлан имам: Интернетті пайдалануға бола ма деген сияқты ғой. АЭС-тің пайдасы көп (Видео)

Нұрлан имам әлеуметтік желіде АЭС туралы сауалдарға жауап берді. Ол өзіне тән әзілмен «Интернетті пайдалануға бола ма деген сияқты ғой, интернетте ұятсыз нәрселер көп. Бірақ сонда да пайдаланасыз. Сол сияқты АЭС-тің де пайдасы көп. Ол — жасыл технологиялар санатына жатады, болашақтың энергиясы», — деді.

0
0
194

Жаңаөзенде «АMANAT» партиясы жастармен АЭС жайлы мәліметтермен бөлісті

Жаңаөзенде «TALQYLAU» сұхбат алаңында жастар бас қосты. Онда АЭС-тің маңызы, әлеуеті мен басымдықтары сөз болды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлайды. Сұхбат алаңында Жаңаөзен жастар ресурстық орталығы директоры АсқарҚойлыбаев, Ауған соғысы ардагері, № 17 мектеп алғашқы әскери дайындық пәні оқытушысы Жарылқасын Көпжасаров, қоғам белсендісі Сәбит Қаржаубаев сөз сөйледі.- 6 қазан күні жастар референдумға қатысуы керек. Өйткені ол да бір жауапкершілік. Әр адам өзінің дауысын беруге тиісті. АЭС құрылысы Қазақстанның дамуы үшін өте маңызды. Технологиялық прогресс жайында айтар болсақ, атом энергетикасының дамуы жаңа технологиялар мен қауіпсіздік жүйелерін жетілдіруге мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы АЭС-те қауіпсіздік шаралары өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған, ал қалдықтард…

0
0
193

Шымкенттік дәрігерлер жасанды интеллектінің көмегімен инсультті анықтай бастады

Өлім-жітім, соққыға жығылған сарбаз т б негатив ақпараттар ағынының арасында жақсы жаңалықтар да кездеседі. Шымкенттік дәрігерлер жасанды интеллектінің көмегімен инсультті анықтай бастады. Смарт жүйе компьютерлік томография қондырығысымен жұмыс істейді. Ол науқастарға талдау, сараптама жасап, инсульт белгілерін жылдам әрі дәл анықтайды. Тексеру қорытындысы смартфон қосымшасына жүктеліп, қажет адамдарға СМС жолданады. Қазірдің өзінде жасанды интеллект қойған диагнозбен 40 адамға операция жасалған. Жасанды интеллект мидағы цитатостатикалық ісінуді көріп, оң жағы немесе сол жағы мидың екіжақты полушариясын салыстырып, сол жерде мидың қанмен қамтамасыз ету бұзылысын анықтап береді.Жасанды интеллектті өзіміздің ІТ мамандар мен нейрорадиологтар жасап шықан. Дарынды жастардың әлеуетін дұрыс пайд…

0
0
285

Әнші Ғалымжан Жолдасбай: АЭС халық игілігі үшін салынады

Ғалымжан Жолдасбай – тыңдарман жүрегіне жол салған кең тынысты танымал әнші. Жуырда Ақтауда қала күніне орай ұйымдастырылған концертте өнер көрсеткен Ғалымжан Жолдасбай АЭС құрылысы жайлы пікірімен бөлісті. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлайды.

Әнші халық тұрмысының жай-күйі электр қуатымен қамтамасыз ету деңгейіне тікелей байланысты екенін айтады.

-Атом электр станциясы ел дамуына елеулі әсер ететін ерекше жоба деп білемін. Атом қуатын халық игілігіне бағыттау жобасын өзім қолдаймын.Ең бастысы нысан құрылысы тиісті мекемелер тарапынан қатаң қадағалануы тиіс. Қомақты қаржы өз жолымен жұмсалуы тиіс. 6 қазан күні әр адам өз пікірін біліп, дауыс берсе деймін. Бәрі де оңынан болғай,-дейді Ғалымжан Жолдасбай.

0
0
198

Энергетик Асқар Қасымов: Қазақстандағы АЭС жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Университетінде физика және химия ғылымдары зерттеу мектебінің деканы Асқар Қасымов Қазақстанда АЭС құрылысын жүргізудің экономикалық-әлеуметтік тиімділігі турасында маңғыстаулық жұртшылықпен пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. - Болашақ АЭС-те 2000-ға жуық адам жұмыспен қамтылады. Қазақстан университеттерінде ядролық физика, ядролық энергетика бойынша кадрлар дайындалып жатыр. АЭС құрылысы 10 жылдай уақыт алатындықтан, қажетті кадрлар үшін арнайы оқу бағдарламалары әзірленіп, оқытылады. Сондықтан, кадр тапшылығы болмайды деп ойлаймын, - дейді Асқар Қасымов. Оның айтуынша, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін отандық энергетикалық құрылымды әртараптандыру маңызды. «Озық технологиялар АЭС-те жоғары қауіпсіздік деңгей…

0
0
188

Yessenov University қызметкерлері АЭС құрылысын талқылады

Ақтауда АЭС құрылысын қолдау жөніндегі штаб мүшелері Yessenov University қызметкерлерімен кездесіп, референдум, атом электр станциясының болашағы, ғылым мен білім жайлы пікір алмасты.Қазіргі таңда елде өндірілетін барлық электр энергиясының шамамен 70%-ы көмір электр станцияларына тәуелді. Алайда, жұмыс істеп тұрған станциялар жыл өткен сайын тозып, істен шығуда. Бұл өз кезегінде электр энергиясының тапшылығына әкеп соғуы мүмкін. Сонымен қатар елдің экономикасы мен экологиясы үшін де аса қауіпті.Штаб мүшелерінің айтуынша, елдің энергетикалық тұрақтылығын сақтап, түрлі салада топ бастауымыз үшін АЭС бой көтеруі керек. Ал АЭС қызметі мен салынуына, ел азаматтарын тұрақты жұмыспен қамтуға мемлекет қауқарлы екенін алға тартты.- Халық АЭС-ның болашағына, онда жұмыс істейтін жастардың білім, бі…

0
0
310

Уақыт белдеуін ауыстыру дұрыс шешім болды ма – дәрігермен сұхбат

Биыл 1 наурызға қараған түні Қазақстан бірыңғай UTC+5 уақыт белдеуіне өткен еді. Жаңа уақытқа қарсы шыққан тұрғындар петиция жариялап, қажетті 50 мың қолды жинады. Жаңа уақыт белдеуі шынымен ағзаға зиян ба? Бұл сұраққа Астана Медицина университетінің Профилактикалық медицина ҒЗИ ғылыми қызметкері, петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Жанна Нұрберген жауап беріп, агенттік тілшісіне эксклюзивті сұхбат берді.− Жанна Нұрбергенқызы, осы күнге дейін уақыт белдеуіне қатысты түрлі ғалымдарды тыңдап келдік. Енді сіз дәрігер тұрғысынан айтыңызшы, уақыт белдеуін ауыстыру шешімі дұрыс болды ма? Бұл қазақстандықтардың ағзасына қалай әсер етті?− Жалпы уақыттың бір сағатқа шегерілуі ағзаға айтарлықтай көп өзгеріс әкелмейді. Бірақ қазір петиция жарияланып, кей тұрғындар уақытты кері қайтар…

0
0
227

Музыкасы азалы. Әбдіжаппар Әлқожаның қамалғаны жанына қатты батыпты

Әншілер Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлінің мұндай дау-жанжал, қамалу дегендерге еті үйреніп кеткен сияқты. Ал олардың әріптесі Әбдіжаппар Әлқожаның бұл жағдай жүрегін жаралағандай.Ол қамаудан шықққан соң Instagram-ға киімін өртеген видеосын жариялады. Ырымда бұл бар жамандық осымен кетсін дегенді білдіреді. Сосын оған «Көк бөрі» деген әннің сөзін қосып қойған.Ол мынадай:«Күйін кештім мен бүгінКөкбөрілердің жаралы.Адым сайын аңдығанҚақпаннан сирақ қанады.Арландарым атылып,Бөртелер кезді даланы.Айналамның барлығыШибөрі болып барады».Байқағанымыз, Әбдіжаппар осы жазбасымен бәле-жаланы қуып қана отырған жоқ. Әлдебіреулерге өкпелі екені білініп тұр.Сонда кімге? Айналасындағыларға дейін десең, оны біреу соны жаса деп арандатпаған шығар. Ал полиция ерсі әрекеті үшін ұстады.Иә, қазіргі адамдар…

0
0
468

Қазақ баласы ҰБТ-дан не үшін 1 балл алғанын түсіндірді

Ерасыл Уәлиев есімді биылғы мектеп түлегі әлеуметтік желілерге тіркеліп, онда өзінің ҰБТ-дан 140 балдың 1 балын ғана алғанын сүйінші сұрағандай жалпақ жұртқа жария еткен.   Фотоколлаж: ulysmedia.kzОл осындай «жетістігіне» дәлел ретінде желіге өзінің ҰБТ-дағы қорытындысы шыққан бланкінің фотосуретін жүктепті. Онда тест сынағының 2024 жылы 30 маусымда өткені көрсетілген.Ерасыл кейінірек салған видеосында неге бұлай істегенін түсіндіріпті. Айтқандай, ол пікірлерге жауаптарында мұны әдейі істегенін жазған. Сөйтіп, түлек ҰБТ қорытындысымен өмір тоқтап қалмайтынын, оның өмірде жетістікке жетуге кепіл бола алмайтынын дәлелдегісі келген.   «Мысалы, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп мектеп кезінде сабақты дұрыс оқымапты. Сол сияқты Билл Гейтс те дұрыс оқымаған. Барлығымы…

0
0
861