Алматы қаласындағы алма бақтарға қатысты ақпарат
Осы мәселе бойынша төмендегіні білдіреміз.2004 жылы «Халықаралық клубтар қауымдастығы» ЖШС Қарасай ауданы аумағынан (кейін Алматы шегіне енген) тауарлы ауыл шаруашылығын жүргізу үшін көлемі 884,9 га жер учаскесіне меншік құқығын алған. Бұл құқық аудан әкімінің шешімімен (2004 ж. маусым) берілген.Алматы қаласының жер қатынастары басқармасының 2015 жылғы 28 қыркүйектегі бөлу туралы қорытындысы мен 2015 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығы негізінде аталған жер учаскесі 16 учаскеге бөлініп, жаңа кадастрлық нөмірлері берілген.Бұл жер учаскесі арқылы Керенқұлақ өзені мен Берқара өзені ағып жатқанын атап өту маңызды. ҚР Жер кодексінің (2004 жылы қолданыста болған) 132 және 133-баптарына сәйкес су қорының жерлері мемлекеттік меншік болып табылады және тиісті органдардың келісімдерімен уақытша пайдалан…



