Мазмұнға өту
Qaz

Qaz

497 жазбалар4 тіркелуші

МАМОНТТАР ҚОРЫМЫ-Жұмбақ Жер

Үлкен Ляховский немесе Таяу арал геологиялық құрылымы жағынан керемет. Оның төрт тайпақ, бірақ құзтасты шың, анығырақ айтқанда, шыңдар сілемі түп-түгел гранит, ал қалған жері жұмсақ құм-қайраң. Сондығынан да әлгі шыңдардан шапшып шығып жатқан сансыз бұлақтар мен жылғалар жұмсақ қыртысты оңды-солды тілімдеп, шетене өспейтін тақыр төбешіктерге бөлген де тастаған. Әудемге бармайтын қысқа жазда беткейі мүк батпақты тундраны көз алдыңа келтіріп, терістікке қараған ылдилар мен терең сайларында қар жатады. Астын қулаған толқынның қырсығынан теңізге төнген жеке-жеке жарқабаққа ұқсаған арал жағасы да әлгі жұмсақ құм-қайраңнан құрылған және ол өзек пен бұлақ жылғаларынан бөлек-бөлек танаптар түзген. Атам заманда қалыптасқан бұл қабат сірескен тон, тек жазда ғана болар-болмас жібіген сыңай танытады.…

0
0
2236

Ж О Л С А П А Р-Жұмбақ жер

Ақша мен құжаттарын түгендеп алып бір айдан кейін Горюнов шығысқа жол тартты, ғылыми барлау құралдарымен және басқа жарақтарын өзімен бірге ала жүрді, олардың ішінде су жаңа үш мықты нарта мен бір үлкен байдарка бар. Байдарка бөлек-бөлек болғанымен, жарты сағаттың ішінде құрастырып, жүзіп жүре берерлік. Оған төрт адам, үш нарта жүгімен және он ит еркін сияды, ал бұл дегенің – экспедиция мүшелерінің екі жағдайда да теңізден өтуіне мүмкіндік беретін дүние. Иркутскіден Качуг арқылы Ленаны бойлай төмен құлдилайтын ат-шана жолы, кәдімгі әкімшілік жер аударылғандар өлкесінің жадау астанасы – Якутскіге шейін шеті де, шегі де жоқ оппа қарды қақ тіліп, мұз құрсанған өзендерінің жақпар тасты жарқабақтарының астынан өтетін келеңсіз де көңілсіз ұзақ жол басталды. Одан әрі жол Алдан өзенінің сағасымен…

0
0
940

ІС ОҢҒАРЫЛЫП КЕЛЕДІ-Жұмбақ Жер

Жігіт келіскен күні сол сағатта келді. Шенк оны күтіп отыр еді. – Онкилондар жайында бар деректі ақтарып шықтым, – деді ол. – Меніңше, мағлұматтар қарама-қайшы сияқты. Бұл халықтың болғанына, чукчалармен соғысқанына күмән жок, артында жұрты, тас пен сүйектен домбалдаған қару-жарақтары да қалған. Бірақ қайда ғайып болып кеткені белгісіз. Былай деп ойлауға болатын сияқты, онкилондар аралдардың бірінде азық-түлік жетіспей, иә қатыгез табиғатқа төзбей қырылып қалды, не құрлықтың бір түкпірінде тығылып жүріп індетке ұшырап өліп бітті. – Аралдардың бірінде өлген болса, олардың сүйегі көптеп ұшырасар еді ғой, – деп қарсы дау айтты жігіт. – Адамдар із-түзсіз құрып кетпейді. Тіпті олар құрлықта тұрып өліп бітсе, жаңа көршілері – якут, тұңғыс, ламуттардың арасында аңыздар жүрер еді ғой. Ондай аңыз…

0
0
1251

ЖОҒАЛЫП КЕТКЕН ХАЛЫҚ-Жұмбақ Жер

Шенк сүр бойдақ еді, жасында көп саяхат жасаған, тундрадан мамонттың қалдықтарын іздеп Енисейдің сағасында, Байкал сырты мен Амурда зерттеу жүргізіп, Россияға қосылған бетте Сахалиннің де жер бедері мен өсімдік дүниесін барлаған. Сонан астанаға оралған соң жинаған материалдарын өңдеуге отырған-ды. Ол жалғыз, әрі тым жұпыны тұратын, академиктік еңбекақысының басым бөлігі жас ғалымдарға көмекке жұмсалып, өзін ғұмыр бойы қызықтырып келген Сібір мен поляр елдеріне экспедиция жасақтауға ұсталатын. Қыруар ақшасы өзі зерттеуші ретінде жоғары бағалайтын Толльдің саяхатына, оны іздеушілерге кетті. Салтанатты мәжілістен келе сала Шенк таң-тамаша жұмбақ тайпа онкилондар туралы деректер оқуға кірісті. Ықылым ғасырлар бұрын олар Чукот түбегін түгел алып тұрыпты, кейін чукчалар Мұзды мұхиттың жағасына…

0
0
1346

СОНДАЙ БІР ЖҰМБАҚ ЖЕР ӘЙТЕУІР БАР-Жұмбақ Жер

Ізсіз-түзсіз кеткен барон Толль мен оның серіктерін іздеу үшін жасақталған экспедицияның хабарын тыңдауға арналған ғылыми қоғамның салтанатты мәжілісінің бастапқы бөлігі бітуге таяп та қалды. Қоғамның мәртебелі басшылары мен жебеп-желеушілерінің әйдік суреттері безендірген қабырғаға тақау кафедрада бір офицер тұр. Барон Толль барып түсіп, кері оралмай қалған Беннетта аралына Новосибирь архипелагынан Мұзды мұхит арқылы ескекті желқайықпен жүзіп барып қайтқан батыл теңізші осы. Оның поляр бұрқасынына тотыққан ер келбеті кафедрада жатқан баяндамасының қолжазбасы мен алтын түйме әм ордендер әшекейлеген теңізші мундиріне шағылған шамның жасыл қалпағының тасасында көмескі көрінеді. Кафедра алдындағы жасыл шұғамен жабылған ұзын үстелдің басында қоғам Советінің мүшелері – терістік астанада тұраты…

0
0
1390

БЕТАШАР-Жұмбақ Жер

Арктиканың жартысына жуығы, яғни Жердің Солтүстікполюсті орап тұрған жоғарғы бөлігі біздің Одақтерриториясының терістік жағалауларымен қойындасыпжатыр. Жердің Оңтүстік полюсін орап жатқан, әрі өз алдынабір телегей құрлық Антарктикаға керісінше Арктиканы теңіздесе де болғандай.Еуропа, Азия және Солтүстік Америка құрлықтарыменастасқан тұсында Мұзды мұхит ұлылы-кішілі аралдарменалашабырланады да, оларынан полюске тақаған ортадеңгейінде ғана арылады.Ауа райының суықтығына орай бұл аралдар қалың мұз,сіреу қармен сіресіп жатады да, әудемге бармайтын поляржазында ғана аздап арқа-жеңін кеңіткендей болады. Теңіздіңаралдар төңірегіндегі тұсы көбіне бір орнынан міз бақпайтынмұздар құрсанған, ал қалған айдын ағыс пен желдің ырқындаерсілі-қарсылы жөңкіп жүретін санжылдық сіре сеңменсықалған.Қиын-қыста…

0
0
859

Сүйікті ақынның сүйікті өлеңі

Қысқа көйлек, қысқа ғана шашы да, Қысылмайды құшағын да ашуға. Кiм көрiнген, жақындаған, Ұқсайды - Көк иттердiң қаншығы-ұрғашыға. *** Анашасы - басын алған, шықты қыз: - Эх, құрбым, жетi клиент.. Мықтымыз! Күнде солай болса ғой..) Шіркін, шіркін... Көрiнбес ед, жоғымыз бен жұтымыз. Жарайды.. Ертеңге қандай жоспарың? - Ертең ...Келедi жiгiтiм, қосағым. Ертiп келер, өзiменен достарын, Сен де кел!. Кешкi сегiзде, Тосамын! *** Екеуі, Ұйықтап алған.. Күнiмен.. Тұрды жолда, Перiштедей түрiмен, Күткен жігіт, көлікпенен келді тез: Кастюм - шалбар, Бетте - күлкі.. Гүлімен.. - Сәлем! Жаным, отырыңдар тездетiп.. ..Көлiк тартты ауылға да, лездетiп, Қыздардың iшi сезiп - жамандықты, Қорқынышпенен қарады, Ес кетiп: - Жаным - дедi - қайда біздер барамыз? - Қазiр күнім орамалды саламыз, Қорықпа!) Қасында…

3
0
2115

Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де,талап қыл!

Адам баласы жар және мамандық таңдаудан қателеспеуі қажет екенін бәріміз білеміз. Бірақ, өзімізге ұнамайтын мамандықта оқып, тіпті, сол сүймейтін мамандық бойынша жұмыс жасап жүрген жандар қаншама...

Мамандық таңдау – адамның жас кезінде жасалатын негізгі өмірлік таңдау, сондай-ақ, ол болашақтағы күнделікті өмірініз болатындықтан, мамандық таңдаған сәтте өзіңіздің мүмкіндіктеріңізге, қызығушылықтарыңызға, не нәрсеге бейімдігіңізгді ескеріп, жақындарыңызбен ақылдаса отырып таңдағаныңыз дұрыс.

Сіздердің назарларыңызға ой саларлық бірнеше фото сурет ұсынғым келіп отыр.


3
0
4359

Əйел орамал тақпаса – арын ұмытады!

-Апа, неге осы қазақтың келіндері орамалсыз жүрмеуі керек? – Е, жарығым! Əйел орамал тақпаса – арын ұмытады. Күйеуінің барын ұмытады! Шашы – тамаққа түседі, өзіне келген қонақтың назары түседі. – Ал, сəлем салмаса ше? – Сəлем салмаса – өзін сыйлайтын қайын ата, қайын ағадан айырылады, тегін батадан қайырылады! – Келін міндетті түрде униформа (халат, ұзын көйлек, орамал) киіп, келін боп шауып жүруі керек пе? – Қыз қалыптан əйел болуға көндіретін ол – сəлемі, жат жұрттың алдындағы əдебі! Қыз күнін қиып, қыдыруын тиған – қатын болады! Қатын болған адам – қазанға, отқа жақын болады. Құрсағын кеңітіп, бала тапқан – кең болады! Алпыс екі тамырын иіткен ана болады! Басқа салғаннан ой түйіп, тағдырына бас игенге құдай өзі пана болады! Үлкеннен көргенін бойына сіңіріп, өзі де сол əулетке сіңген ке…

3
1
1272

Бауырсақты қалай пісіреміз?

Бауырсақ пісірмейтін қазақ жоқ болар, сірә. Бауырсақты пісіру былай тұрсын, оны жақсы көрмейтін адам жоқ. Орыс болсын, кәріс болсын, барлық ұлт өкілдері бауырсақ көрсе, ауыз тимей кетпейді. Сол себепті қазақ дастарханының төрінде тұратын бауырсақты пісірудің өзімше рецептін сіздерге ұсынғалы отырмын. Бауырсақ үшін қажетті азық – түлігіміз: сұйық май 1 жұмыртқа қаймақ немесе майонез (қалауыңыз бойынша) ұн ашытқы жылы су немесе сүтке де қамырды илеуге болады қант тұз Қамырымызды дайындап аламыз. Суға ашытқы, тұз , қант, қаймақ немесе майонез салып, араластырамыз. Үстінен ұнды қажетінше салып, жақсылап қамыр илейміз. Қамырдың бетін жауып көтерілгенше қойып қоямыз. Қамыр көтерілген соң зуала жасап (бөліктерге бөліп), қамырымызды жаямыз. Бауырсақты дөңгелектеп немесе төртбұрышты етіп кесуге де…

3
0
2188