Мазмұнға өту
Qaz

Qaz

497 жазбалар4 тіркелуші

Азайды соңғы кезде байғұс бөкен...

Қазақ тілінде түсірілген "Киік толғауы" атты мультфильмнен ерекше әсер алып отырмын. Өздеріңіз білесіздер, қазіргі таңда ақбөкендердің қаншалықты қырылып жатқанын. Бұл туындының қай жастағы адамға болса да тәрбиелік мәні зор. Егер көрмеген болсаңыздар, көре отырыңыздар. Жүрекке жетерліктей дүние екен. Ақсақ киік Арқаның Бетпақ деген даласы бар, Бетпақ шөл, ойлы-қырлы панасы бар. Сол жерде ел жоқ, көл жоқ өсіп-өнген, Жәндіктің киік деген баласы бар. Киікті қазақ және дейді бөкен, Бетпақты байғұс бөкен қылған мекен. Киікті атып аңшы өлтіргенде, Жазықсыз жан өлді деп ойлай ма екен. Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім, Басқаға жануарды-ау теңгермедім. Көздері мөлдір қара ақ бөкенді, Адамның баласынан кем көрмедім. Азайды соңғы кезде байғұс бөкен, Мың-мыңдап баяғыда жүреді екен. Бұл күнде келе жат…

3
0
2229

Арабқа тұрмысқа шыққан қазақ қыздың мұңы

Қазіргі уақытта қазақ қызының басқа ұлт өкілдеріне тұрмысқа шығуы жиілеп кетті. Қытайға, ұйғырға, орысқа, енді бірі араб ұлтыны тұрмысқа шығып жатыр. Олардың барлығы бақытты емес! Жат елде жүріп, өзге тілде сөйлеп, өзіміздің бесбармағымызды сағынып, ата-анасының тірі кезінде бір көруге зәру болып жүрген қазақ қыздар қаншама?! Қоштасар сәтте арабқа күйеуге шыққан қазақ қызы елдегі сіңлілеріне сәлемдемесін Қаржаубай Сартқожаұлы профессор ағамыздан жолдады. "Аға, сіз жоғары оқу орнында ұстаз екенсіз, қазақтың қыздарына айтыңызшы, басы таз, мұрны пұшық болса да қазақ жігітіне шықсын. Еш уақытта басқа ұлтқа шықпасыншы. Осыны жүрген жеріңізде айтып жүріңізші, аға. Мен сізге тапсырар жалғыз өтінішім осы" деп жылап қалды. ( Толығырақ видеодан көріңіздер). Осындай қателіктерді қайталаудан аулақ бо…

2
0
1494

Туылған күніңмен, Геннадий!

Бүгін сәуір айының 8-і батыр ұлдарымыздың бірі Геннадий Головкиннің туылған күні! Еліміздің бағына біткен қайсар азаматымызды туылған күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Деніне саулық, отбасына амандық, береке, бірлік тілейміз! Әрқашан Көк Туымызды желбіретіп, ҚАЗАҚСТАННЫҢ атын әлемге әйгілей беруіңізге шын жүректен тілектеспіз! GGG туылған күнімен құттықтаған барша адамдарға ВКонтакте және Twitter әлеуметтік желісі арқылы былай деп жауап берді: «Я горжусь, что я - Казахстанец! И любовь к стране не измерить! Я готов ее в песнях славить и словам этим твердо верить. Я горжусь, что любовь народа не имеет черты и границы, и когда сын ее год от года возвращает за это сторицей» Естеріңізге сала кетсек, Геннадийдің келесі жекпе жегі Лос-Анджелесте 23-ші сәуір күні Доминик Уэйдпен өтетін болады. С…

3
0
552

«Балық басынан шіриді», министр мырза!

Әлеуметтік желілердің бірі арқылы төменде көрсетілгендей суреттерді көріп қалдым. Масқара! "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Тілдерді дамыту және қоғамдық - саяси жұмыс комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" бұйрығының мәтінінен 50 ҚАТЕ шыққан.

Министр мырзалар бұйрыққа қол қоймас бұрын өздері бір қарап шығады ма екен? Мейлі, ережені министрдің өзі жазбады делік. Бірақ, осынша қатенің шығуы өте ұят нәрсе...Әлде министрліктің жанындағылар "Ғ", "Қ", "Ң" "Ө", "Ү" сынды төл әріптерімізді білмейді ме? "Үтір мен нүктені" ажырата алмайтын болғаны ма?

Бабаларымыз «Балық басынан шіриді» дегенді осындайда айтқан болар. Қазақ тілінің шашбауын көтеруші орган осылай жасаса, басқадан не үміт, не қайыр?

5
1
1141

Қазақ жігіті планетаның ең ақылдылары қатарында

Талай арудың арманына айналған қалталы бойдақ жігіт Димаш Әділет Мensa International ұйымынан шақырту алды. Менса - интеллектінің жоғары көрсеткішіне (IQ) жеткен адамдарға арналған ең ірі ұйым. Бұл туралы Димаш өз Instagram парақшасында жариялаған. "Шамамен бір ай бұрын мен алғаш IQ-тест тапсырып көруге бел будым. Жақында нәтижесі шықты, 99-шы процентильден (топ 1%-дан жоғары) асқанымды қуанышпен хабарлаймын, мені Мensa International ұйымына кіруге шақырды. Менса - интеллектінің жоғары көрсеткішіне (IQ) жеткен адамдарға арналған ең көне әрі ірі ұйым", - деп түсіндірді Димаш. Димаштың айтуынша, бұл IQ-тестті тапсыру кезінде қойылатын жалғыз талап - бақылаушының көзінше тапсыру және 98% Жер шарының тұрғындарынан (98-ші процентиль) жоғарырақ көрсеткішке жету. Менса адам интеллектісін дамытып…

3
0
1487

Киелі тас

Жатжерліктердің калуға келісім бергенінен қуанып шулаған онкилондардың көңілі тынған тұста қайта от тұтатты, ал Амнундак меймандарын әңгімеге тартты. – Сендер біздің жерді түгел көрсек дедіңдер. Оның қандайлық қатер екенін білесіңдер ме? Ормандарда әр алуан жыртқыш аңдар жүреді. – Олардан біз қорықпаймыз – өзімізге шапқызбай, жыртқыш аңның кез келгенін жасынымызбен жайрата саламыз, – деген жауап алды ол өз сөзіне. – Орманда азулы аңнан басқа ақымақ адамдар да жүреді, олар жыртқыштардан әлдеқайда қауіпті. – Мынасы қызық екен! – деді Ордин жолдастарына. – О не, олар да онкилондар ма? Олар неге қатерлі? – Жоқ, олар онкилондар емес. Олар тағы адамдар, біз солармен ұдайы соғысулымыз. Және өздері аса әлеуетті, жекпе-жекке келгенде біз белдесе алмаймыз. «Вампу» деп атаймыз оларды, бұл «жалаңаш а…

0
0
999

САННИКОВ ЖЕРІНДЕГІ БІРІНШІ КҮН-Жаңа Жер

Таң ағарғанда тұман айыққан жоқ еді, оның қоюлығынан бес қадам жердегі адамның өзін ұшты-күйлі таба алмайсың. Шатырдың сыртына шықсаң да құздан құлап кетпес үшін сипалап жүру қажет. Жар жақпарын жағалай әрі жүріп төмен түсер жол іздеу үшін күте тұру керек болды. Олар Қазандықтан алып шыққан отынның қалғанын жағып, асықпай ас әзірлеп ішті, иттерін азықтандырып алды. Сағатқа қарап шамаласа, күн шыққанына бір сағаттан асқан, алайда соқыр тұман тұмшалап алып әлі көрсеткен жоқ. Тұман бейнебір ойпаттың алып тостағанына шып-шып толып, тасып төгіліп жатқан айран тәрізді. – Мынау түтіндеп тұрған – сіздің жанартауыңыз! – деп қағытты Костяков. – Бұл түн баласы атқылап шығатын әуелі от лаулап, артынан түтін бықсиды. – Күле түс, күле түс, Павел Николаевич, – деп ойын сөзге шын жауап беруге айналды Орд…

0
0
628

МҰЗДЫ ТЕҢІЗ АРҚЫЛЫ-Жаңа Жер

Жиһангездерді үш тәулік бойы тұтқынында ұстаған боран да ақыры басылды-ау. Көктемгі күн шұғыласы Қазандық аралының терістігіндегі мүйісінен басталып, батысқа да, шығысқа да, солтүстікке де кең жайылып кеткен Мұзды теңіздің шалқар айдынын кіреукелеген ақ қарға шағылып, сәскеден-ақ айнадай жалтырады да жатты. Көзді қарықтырып алмас үшін барлығының да көзілдірік киюіне тура келді. Әйтпесе Қиыр Солтүстікте көктемде көп болатын көз ауруына шалдығуы кәдік. Күн әлі аласа тұр, әсіресе соңғы жауыннан кейін жалтырап кеткен айдын қары құйтақандай мың сан айнаны шұғылаға шағылыстырып бетке ұстағандай, өткір нұр жарқ-жұрқ етіп көзді қарықтырады. Ондайда кісі бірнеше күн түк көрмей қалады да, оның ақыры жанарды шағып шымшылаған ауруға ұласып, жаныңды жай тапқызбайды. Ең күңгірт көзілдіріктің өзі, екі ж…

0
0
1042

ҚАЗАНДЫҚ АРАЛЫН ЖАҒАЛАЙ-Жаңа Жер

Жағадағы лашық жартылай құлап қалған екен. Олжа онша болмағандықтан бұл аралға кәсіпкерлер онша келмейді және жетуі де оңай емес. Сондықтан аралдарға ғылыми-зерттеу жүргізген кезде жөнделетін лашыққа жылдап адам қолы тимейді, сонан шатырынан тамшы ағып, төбесі опырылып, қабырғалары құлайды. Бірақ түнеп шығу үшін жөндеудің ретін таппай, күн жақсы болған соң олар мұзға қонды. Елең-алаңда бәрі иттердің абалағанынан оянды. – Аю болып жүрмесін! – деп Горохов шала-шарпы киінген бойы мылтығын алып шатырдан ата шықты. Қалғандары да оған ілесе шығып ғажап бір көріністен аңтарылып қалды. Иттердің арғы жағында он қадамдай жерде батылсыздана қарап үш ақ аю тұр. Байлаулы сексен иттің бәрі қарғысында шапшып, артқы аяғынан тік тұрып, шаптыға шабаланады. Ырылдаған, қырылдаған ызы-шуынан тірі тұрсын, өлі…

0
0
554

ЖАҢА СІБІР АРАЛДАРЫНЫҢ АРАСЫНДА-Жаңа Жер

Ертеңгісін елең-алаңда керуен қайта жолға шықты. Аралдың түстік жағасын бойлап батысқа қарай бес шақырым жүріп, олар мұз жарларды осының алдындағыдай тағы да барлауға мүмкіндік алды. Онан әрі теңізге дейін көсіліп, аралдың төрт шыңының бірі – Кигилях құзды тауымен көмкерілетін ұзыннан-ұзақ батыс түбек арқылы созылған асуға тап болды. Таудың состиып тұрған себебі бұрын айнала белдеулеп жататын аралдың бір бөлегі опырылып, ұзынша, тар қылта ғана қалған. Жолды отыз шақырымдай қысқарту үшін қылта басталысымен-ақ онан асып түсу керек еді. Кигилях таулары өз атын аспанға тік шаншылған діңгек сияқты жел мүжіген ғажайып шыңдарының көптігінен алған. Кәсіпкерлер бұл діңгектерден қиялында адам мүсінін табады да, тауды киелі деп қастерлейді (киги-адам, кигилях-адам сияқты). Мәселен, олар Бунге балғам…

0
0
1355