Ұзынкөл ауданының Ұзынкөл ауылындағы халыққа қызмет көрсету бөлімімен оқыту семинары өткізілді
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің № 2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Ә.А. Сейдалі 2021 жылғы 26 сәуірде Ұзынкөл ауданының "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ басшысы мен қызметкерлерінің қатысуымен "Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен уақтылығын арттыру" тақырыбында семинар өткізді.Мемлекеттік корпорация мамандарының негізгі міндеттерінің бірі зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындауға құжаттарды сапалы қабылдау және алушылардың электрондық іс макеттерін қалыптастыру болып табылады, өйткені зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау бөлігінде мемлекеттік қызметтерді көрсетудің уақтылығы мен сапасы құжаттар пакетінің толықтығына және сканерлеу сапасына байланысты.Қатысушылар іс макетте…
