Мазмұнға өту
Новости
Новости

Новости

6 180 жазбалар429 тіркелуші

Актуальное и интересное со всего света

Жаңа жылмен құттықтаймыз! С Новым годом!

Желаем вам мира и взаимопонимания, добра и удачи, денег и благополучия, исполняющихся надежд и радости. Храните свои жизненные ценности, будьте отзывчивы и любите друг друга. Пусть все неприятности останутся в уходящем году. Пусть новый год принесёт только положительные эмоции и много светлых радостных дней.

Мы благодарим вас за то, что вы выбираете нас и остаетесь с нами! Давайте вместе сделаем наступающий год лучше, светлее и радостнее.

Желаем вам приятных и веселых праздников!

С уважением, коллектив онлайн-сервиса «Честное слово»

***

Құрметті серіктестер мен клиенттер, достар мен таныстар, құрметті қазақстандықтар, Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз!

Сізге бейбітшілік пен өзара түсіністік, жақсылық пен сәттілік, амандық, орындалатын үміт пен қуаныш тілейміз. Өмірлік құндылықтарыңызды сақтаңыз, бір-біріңізге жанашыр болыңыз. Барлық қиындықтар өткен жылда қалсын.

Жаңа жыл тек жағымды эмоциялар мен көптеген жарқын қуанышты күндер әкелсін.

Бізді таңдап, бізбен бірге болғандарыңыз үшін алғыс айтамыз! Келе жатқан жылды жақсы, жарқын және қуанышты етіп бірге өткізейік.

Сізге жағымды және көңілді мерекелер тілейміз!

Құрметпен, "Честное слово" онлайн-сервисінің ұжымы

0
0
544

Алматы облысында суармалы жерлерді ет өңдеу зауытының құрылысына заңсыз бөлген

Алматы облысы Панфилов ауданында салынады деп жоспарланған ет өңдеу зауытына қатысты шу ушыға түсті. Зауыт құрылысына бөлінген жер заңсыз болып шыққан. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел мәлім етті, деп хабарлайды Agroqogam.kz тілшісі.

Бұдан бірер апта бұрын Алматы облысы Панфилов ауданының тұрғындары елдімекен маңынан салынғалы отырған ет өңдеу зауытынның құрылысына қарсы шыққанын жазған болатынбыз. Ауыл белсенділері өндіріс орны елдімекеннен 500 метр қашықтықта орналасқан және мұның арты ауылдың экологиялық ахуалына кері әсерін тигізетінін айтып, шу шығарған.

Зауыттың жыры бұдан бес жыл бұрын басталған. 2017 жылдары Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталовтың кезінде акцонерлік қоғам өкілдері өңір басшысымен кездесіп, қуаттылығы жылына 70 мың тонна болатын құс бауыздау сою және өңдеу цехын салу туралы жоспарын бөліскен. Ал ел назарына ұсынылған жоба жоспарына сай зауытта сағатына 6000, бір ауысымда 48 мың, тиісінше жылына 29,95 млн құс  сойылатыны жазылған.  Продолжение у нас на сайте #agroqogamkz #agro #agronews

0
0
366

«Қайырымды такси»  жобасы жайлы білесіз бе?

Тәуелсіздік күніне орай  Астана,  Алматы, Шымкент, Тараз, Орал, Ақтөбе қалаларының көшелеріне қайырымдылық таксиі іске қосылды.  Кез келген тұрғын телефонына  «Қайырымды такси»  мобильді қосымшасын жүктеп алған кез-келген тұрғын арзан  бағаға  отандық такси шақырып, пайдалана алады. Бұл бір жағынан қауіпсіз болса, екінші жағынан халықтық жоба.  

«Қайырымды жан» қоғамдық қайырымдылық қорының қызметкерлерінің сөзінше, бұдан былай әйелдерді,  балаларды тасуға  арналған такси қызметінің түрі де жұмыс істей бастайды. Ал клиенттер такси қызметіне қатысты қандайда бір шағымды тікелей қордың басшыларына хабарласып, айта алады.  Қосымшаны жасаушы Нұрәділ Асетдиллаұлының айтуынша, такси шақыратын кез-келген адам “Қайырымды жан” деген қосымшаны жүктеп алып сол арқылы таксиге тапсырыс береді. Ал такси жүргізушілері “Қайырымды такси” дегенді жүктеп, сол жерден тіркеуден өтеді. Яғни жұмысқа тұрған кез-келген такси жүргізушісіне зейнетақы жарнасы төленіп, әлеуметтік құқықтары жан-жақты қорғалады. Жұмыс істеу тәсілдері шетелдік қосымшалармен бірдей. Қазір алты қала бойынша мыңнан артық жүргізуші тіркелген. Таксидің бағасы 400 теңгеден басталады. Әрбір шақырым 140 теңгеден есептеліп отырады. Мәселен шетелдік қосымшаларда кептелістің болуына байланысты таксидің баға саясаты тез өзгеріп тұратын болса, бұл жерде баға тұрақты болады. Бұл платформаны IT саласының 38 маманы реттеп отыр. Ал Алматы қалалық  «Қайырымды Жан» сервисының  төрағасы: Қазір көптеген адамдар қайырымдылық жасау үшін елден тікелей ақша сұрайды. Біздің басты мақсат-сол елден қаржы жинамай, такси қызметі арқылы пайда тауып, содан түскен ақшаны қайырымдылық қорға аудару. Бұл бизнес жоба емес. Мен IT саласының маманы болғандықтан, білімімді өз елімде жүзеге асырғым келді. Статистикаға сенсек, Қазақстан бойынша 10 мың такси жүргізушісі бар десек, соның  әрқайсысы күніне 20-25 мың теңгеден  пайда табады екен. Соның 20-30 пайызы шетелдік компаниялардың қосымшасына түседі.  Есептесек, шетелдік қосымшалар арқылы күніне 54 млн теңге шетел асады екен. Шетелдік қосымшалардан елге еш пайда түсіп жатқан жоқ.  Ал отандық қосымша арқылы такси шақыртсаңыз  такси жүргізушісіне берген ақшаның  13 пайызы ұсталады. Оның 7 пайызын біз «Қайырымды жан» қоғамдық қайырымдылық қорына аударамыз. Ол ақша жағдайы қиын от басыларға, науқастарға көмектесуге жұмсалады. Ал, қалған 6 пайызды жүргізушілердің зейнетақы шотына аударамыз және офисті ұстап отыруға жұмсаймыз.

0
2
1095

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні * День Независимости Республики Казахстан

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

31 жыл біздің еліміз тәуелсіз, демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет мәртебесіне ие болды.

Осы күні барлығына жағымды және жақсы көңіл-күй тілейміз. Біздің елімізде әрқашан бейбітшілік, тұрақтылық, өркендеу мен бақыт орнасын.

Әрқашан сіздің, «Честное слово»онлайн қызметі

***

Уважаемые казахстанцы!

Поздравляем вас с Днем Независимости Казахстана!

31 год наша страна обладает статусом независимого, демократического, светского и правового государства.

Желаем всем в этот день позитива и хорошего настроения. Пусть в нашей стране всегда царят мир, стабильность, процветание и счастье.

Всегда ваши, онлайн-сервис «Честное слово»

0
0
736

Нұрболат Құралов: «Биыл 800 тонна алма жерде қалды»

 Екі жылдан бері мұндай өнім көрмеген бағбандардың қуанышында шек болмаған. Алайда соған қарамастан, көптеген қожалықта жүздеген тонна алма ысырап болып, жерде қалған. Қазақстанда өңдеу өнеркәсібінің жоқтығы, жабдықталған қоймалардың болмауы, инфляцияның шарықтауы бау-бақша, оның ішінде алма өсіретін шаруаларды қаншалықты шығынға батырғаны туралы «Aqniet Agro Gardens» мекемесінің директоры және құрылтайшысы Құралов Нұрболат айтып берді, деп хабарлайды Agroqogam.kz.

«Шаруалардың тасы өрге домалауы үшін тек мол өнім алу жеткіліксіз»

Биылғы жыл оңтүстіктегі мақта өсіруші ағайындар үшін ғана емес, сонымен бірге бағбандар үшін де оңайға соқпады. Нұрболат Құраловтың басшылығымен жұмыс істеп тұрған «Aqniet Agro Gardens» ЖШС бүгінде Қазығұрттағы ең ірі бау-бақшасы бар мекеме. Олардың бауы өте ауқымды – аумағы 500 гектар. Тиісінше, ірі бизнестің табысы да қомақты болуға тиіс еді. Алайда қожалық бірнеше жылдан бері шығынға ұшырап келеді. Бірнеше жылғы өнімсіздік, үсік жүру салдарынан тұралап қалған мекемені биылғы мол өнім де тығырықтан шығара алмапты. Мәселенің мән-жайын мекеме директоры әрі құрылтайшысының өз аузынан естідік. Нұрболат Құралов бүгінде басқарып отырған баудың тарихынан бастап, бүгінгі күнгі хал-жайын да кеңінен баяндап берді.

«Жалпы біздің қожалықты ағамыз Нұрлан Құралов 1999 жылы «Амангелді» ЖШС атауымен ашқан. Кейін 500 гектар жерге бау-бақша екті. Бастапқыда жүз гектар жүзім, алма, алмұрт, қара өрік, шабдалы, шие ектік. Одан бөлек тәлімбағымыз бар. Кейін ребрендинг жасап, 2021 жылы Aqniet Agro Gardens деп атала бастадық. Содан бері мен басшылық етемін.

Жалпы, алма өсіру Қазақстанда 2014 жылы қолға алынып, мемлекет бұл бағытты қолдау үшін түрлі субсидия бере бастады. Біз де соның негізінде бау ектік, инфрақұрылым, тамшылай суару, қарқынды бау-бақша үшін субсидия алдық. Керекті техникалар мен тоңазытқышты алдық», – дейді ол.

Продолжение у нас на сайте

#agroqogamkz #agro #agronews

0
0
493

Жалған статистиканы беретіндер жауапқа тартылмай, еш нәрсе өзгермейді

Олар  министрліктің ветеринария, субсидиялар үлестіру, астықтарын үлестіре алмаған диқандар мәселелеріне құлақ аспағанын айтып, наразылығын білдірді, деп хабарлайды Agroqogam.kz.

Премьер-Министр Әлихан Смайыловқа жолданған хатқа 25 депутат қол қойған. Хатта олар еліміздің ауыл шаруашылығы саласындағы бірқатар өзекті проблемаларды қозғап, салаға деген көзқарасты түбегейлі өзгерту керектігін алға тартты. Олардың айтуынша, соңғы екі жылда осы салаға қатысты көптеген депутаттық сауал жолданғанымен, шаруалардың жанайқайы әлі күнге дейін тиісті деңгейде «естілмей» келеді.

«Қағаз жүзінде бәрі де қатып тұрғаны болмаса, айтарлықтай өзгерістерді қарапайым адамдар сезініп отырған жоқ. Біз бүгіндері өз міндетін орындауда  Ауыл шаруашылығы министрлігінің халық алдында қалай есеп беретініне қайран қаламыз. Себебін айтсақ, есіңіз шығады.

Мәселен, ветеринария жұмысында былық пен кемшіліктер шаш етектен. Жарты жыл бойы осы салаға жауапты комитет төрағасы мен вицеминистр тағайындалмады», – дейді олар.

Салдарынан 8 ай бойы егілетін вакцина дер кезінде қолға тимей, екпе малдарға бір айда жаппай салынған.
Продолжение у нас на сайте

#agroqogamkz #agro #agronews

0
0
471

Қазақстандағы жол апатындағы негізгі қақтығыстардың себептері

Сонымен қатар қай өңірде жол апаты жиі болатыны анықталды. Жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендер саны бойынша бірінші орында Алматы (2,4 мың адам), одан кейін Алматы облысы (2,1 мың адам) және Жамбыл облысы (966 адам) тұр. Бұл 2021 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығындағы көрсеткіш.

  Көлік тізгініне отыратын жастар оларға жүктелетін міндеттің, жауапкершіліктің қаншалықты жоғары  екенін түсінбейді. Соның салдарынан жүргізуші куәлігін сатып алушылар көбею үстінде. Ал куәлікті сатып алған адамдар жол ережесін толық білмей, соңында ереже бұзып жатады. Өкінішке орай бұл жағдай жол көлік апатына әкеліп соғады. Бұл бүгінгі мәселенің бірінші себебі.

  Апаттың қандай жағдайда жиі болатынын жіктеп қарайтын болсақ төртінші орынды көлікті мас күйінде жүргізу алады. Көлікті мас күйінде жүргізу шағын бағандарға соғылып, кейін жүргізушіні жүргізуші куәлігінен айырып, көлікті айып тұрағына қоюдан бастап жолаушылар қазасына дейін апарады. Бүгінде шамамен 25 мың адам көлікті мас күйінде айдап, оның 20 мыңнан астамы жүргізуші куәлігінен айырылған.

  Ал үшінші орында халық үнемі кінәлі деп табатын ауа райының қолайсыздығы тұр. Бұл жағдай әсіресе қыс мезгілінде жиі орын алады. Жолдың тайғақ болуы мен жиі тұмандануы көліктердің соқтығысуына әкеледі. Дегенмен дөңгелектің мұздан тайып кетуіне көлік иесінің қысқы дөңгелекті (шипи) уақытында салмайтыны себеп болып жатады.

  Екінші орында кеш қарайып, күн ұясына батқандағы көлік тізгінін ұстаушылардың көбеюі. Қала ішінде жарық шамдары болғанымен, қала сыртында жоқ. Сондықтан жол тегіс болмай немесе жылдамдықты асырып екінші жолға шығып кетушілер саны басымырақ болады.

  Бірінші орынды жылдамдықты асыру алады. Бұған жоғарыдағы жүргізуші куәлігін сатып алу кіреді. Атап айтқандай куәлік сатып алып, ережені толыққанды меңгермегеннің салдарынан жылдамдықты тыйым салынған жерде шамадан тыс асырады. Бұл бүгінде екі күннің бірінде болып жатқан жол-көлік апатына әкеліп соғады.

  Аталған апаттың салдарына қарап, еліміздегі жан қиярлық оқиғалардың  60% көлікті тізгіндеген жүргізушілердің кінәсінен болатынына көз жеткіздік. Халық айтқан жолдың да ауа-райының да кесірі бар. Дегенмен басым бөлігі өзіміздің заңға бағынбағанымыздан болады.

  Жол тәртібін сақтау - әр адамның өз өміріне деген жауапкершілігі. Уақыт еншісіне қарай жол да жөнделер, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңнамалар да өзгерер. Алайда, көлік тізгіндеушілердің тәртібі мен ереже сақтауы түзелмейінше апаттың да азаюы, жағдайдың да оңалуы күрделі болмақ. Қауіп қайдан демеңіз, жылдамдықты азайтып, тәртіпке бағыну, өз өмірініздің кепілі. Жол ережесін білейік, есен - аман жүрейік!

Қазақ ұлттық университеті журналистика факутетінің 4 курс студенті А.М.Артық

Жетекшесі: аға оқытушы Н.Б.Рушанова

0
0
616

Отбасылық қақтығыс:ұрпақаралық дау

Бұл әлеуметтік өмірде де, әр отбасында да туындайды. Бұл ақсақалдар мен кәмелетке толмағандардың арасындағы белгілі бір қайшылық. Кейде олардың арасындағы өткір бұрыштарды тегістеуге немесе көздерін жұмып, шайтанның шыдамдылығын көрсетуге болады, кейде төзімділік жеткіліксіз. Бірақ шыдамдылық жақсы шешім бола ала ма? Ерте ме, кеш пе, кез-келген төзімділік аяқталады және жинақталған негативтің мөлшеріне байланысты кішігірім немесе үлкен әлеуметтік жарылыс пайда болады.

Неге бәрін іште жинап, өзіңді қинау керек? Ақыр соңында, қымбат отбасылық қатынастарды сақтауға көмектесетін жол болуы керек. Себеп нәтижені тудырады, ал егер себеп түсінілмесе, шығу тәсілі болатын нәтиже келе алмайды. Ұрпақтар мәселесін шешу үшін өзіңді жетілдіруге, жақындарыңа өз көзқарастарыңды түсіндіруге тілек қана емес, сонымен бірге батылдық қажет. «Кейде отбасылық қақтығыстар подсознаниеден іске қосылады, ал адамдар жай өздерін-өзі басқара алмайды. Егер адам түсініктемеден агрессиямен» жарылып «немесе себепсіз қорқатын болса, бұл басқа ұрпақтардан шыққан қақтығыстарға подсознание қатысатынын көрсетеді», - дейді ұйымдастырушы Юрий Камчатка.

Біздің ата-бабаларымыз құндылықтарымыздың негізі. Қоғамда белгілі бір уақытта болған қағидалар адам өзінің ата-анасынан оны тұлға ретінде құрған кезде толық бейнелейді және сіңіреді. Мұны құндылықтардың негізі деп атауға болады. Дәл осы қаланған іргетас негізінде одан әрі дамуды адам жүзеге асырады. Алайда, оның қызығушылықтары, адамгершілігі мен мінез-құлық сызығы заманауи мәдениеттің әсерінен қалыптасады және әрекет етеді, бұл жағдайда қазірдің өзінде құрылыстың өзіндік қондырмасы. Жастардың мүдделері қазіргі қоғамның оларға әсер етуі арқылы қалыптасады; аға ұрпақтың мүдделері өз заманындағы қоғамның аясында қалыптасты. Қоғамның мүдделері мен қажеттіліктері тез өзгеретінін, оларды қадағалап отыру қиынға соғатынын, одан да кейін оларға бейімделу керектігін бәрі жақсы біледі. «Бүгінгі» адам үшін қалыпты нәрсе ата-әжелерге оғаш немесе дөрекі болып көрінуі мүмкін.

Ұрпақтар қақтығысымен күресте ең бастысы - қарапайым түсіну және қабылдау тек өз пікірін ғана емес, сонымен қатар аға буындардың мінез-құлық нормаларын құрметтеу, отбасында бағыныштылықты сақтау. Бір жағынан, ата-бабалар мен олардың ұстанымдары құрметке лайық және оларды қазіргі мәдениеттің әсерінен төмендетуге болмайды. Екінші жағынан, қазіргі жастар өз таңдауын жасауға, қателіктерінен сабақ алуға және осы таңдауда құрметке ие болуға құқылы. Егер қақтығыс басқарылмайтын болса және оның қатысушылары өздерін басқармайтынын мойындаса, осы мәселе бойынша маманға хабарласқан дұрыс болар еді.

Ұрпақты қақтығыстар қоғамда бұрыннан бар болғандықтан және оларды толықтай жою мүмкін емес, сондықтан сіздің өміріңізден осындай қақтығыстарға себеп болатын түрлі факторларды алып тастау өте маңызды. Өзімшілдік және тек өз мүдделерін түсіну - бұған ерекше назар аудару керек. Ұрпақтар проблемасының себептерін жоюға, сондай-ақ басымдықтарды дұрыс орналастыруға негізделген көзқарас жағдайында жанжалдар отбасын айналып өтіп, әлемдегі ең қымбат адамдармен қарым-қатынас сақталады немесе жақсарады.

Жетекшісі: аға оқытушы Н.Б.Рушанова

0
0
712

Қаржылық және интернет-алаяқтықтың алдын алу

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсырмасымен 2022 жылдың қыркүйек-қараша айларының аралығында “Қаржылық және интернет-алаяқтыққа, экономикалық және мүліктік қылмыстарға қатысты халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру” бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп,кездесулер өткізілді.

Шымкент қаласындағы мекемелер,оқу орындары, аурухана-емханалар,мектептер,сауда орталықтары қамтылды. Спикерлер Заң профессорлары,Құзырлы орган қызметкерлері болды.

Түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық парақшалар таратылды.

Жоба мақсаты- қаржылық және интернет-алаяқтықтың алдын алып, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.

0
0
477

Қойлар неден уланады және алғашқы белгілері қандай

 Себебі мұның арты ауыр салдарларға алып келуі қауіп өте зор. Бүгінгі материалымызда улану тақырыбына кеңінен тоқталмақпыз, деп хабарлайды Agroqogam.kz.
Құрамында механикалық қоспалары бар, улы заттары, пестицидтер, улы саңырауқұлақтар, микроағзалар бар азық берген кезде қойларда жұқалы емес аурулар туындауы мүмкін.
Уланудың себептері әртүрлі болуы мүмкін. Оның ішінде кей жағдайларда малға беруге болатын азықтардың өзінде дұрыс сақтамау себебінен улы заттар түзіледі. Мәселен, зығыр күнжарасы, ақ жүгері, судан шөбі, қара тары, көлтабан шөбі, сиыржоңышқа мен жоңышқа құрамында (жабайы) цианогенді гликозид бар. Олар суда көп тұрған кезді бығып, синильді қышқылмен бірге гидролизденеді. Еркін синиль қышқылы бұл өсімдіктердің қурау, суда тұру, бығу кезінде түзіледі. Сол себепті кейде зығыр күнжарасын жылу сумен берген кезде ұсақ мал уланып қалуы әбден мүмкін. Уланып қалған малдың белгілеріне тоқталар болсақ, олар әлсіреп, азықтан бас тартады. Жүрісі өзгері, сирақтары тартыла бастайды. Одан бөлек, дем алысы нашарлап, жүрек соғысы да әлсірей түседі.
Мақта күнжарасы мен жай күнжараның құрамында көп жағдайда гликозид, госсипол болады. Еркін госсипол улы әсерге ие. Мұндай құрам сығу тәсілі арқылы алынған күнжараларда болады. Қазіргі таңда егер күнжарадағы еркін госсиполдың мөлшері 0,01 пайыз-дан аспаса, онда оны малға беру қауіпсіз деп саналады.
Продолжение у нас на сайте

#agroqogamkz #agro #agronews

0
0
460