Мазмұнға өту
Новости
Новости

Новости

6 180 жазбалар429 тіркелуші

Актуальное и интересное со всего света

Қаңтардағы зардап шеккен Алматы облысының кәсіпкерлеріне 100 миллион теңге өтелді

Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментімен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына шағын және орта кәсіпкерлерден әкімшілік кедергілер бойынша өтініш келіп түсті.
Қаңтардағы тәртіпсіздіктерден зардап шеккен кәсіпкерлер 100 млн теңге көлемінде материалдық залалдың орнын толтыра алмай жүрген.
Осының аясында кәсіпкерлер шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды анықтау жөніндегі өңірлік комиссияға жүгініп, нәтижесінде өтінімдері қабылданды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және өңірлік кәсіпкерлер палатасының арласуымен жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде, мүдделі тараптардың қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.
Кесдесу нәтижесі бойынша кәсіпкерлерге қаңтардағы зардап шеккен шығындары толықтай өтелді.
Кәсіпкерлердің заңды құқықтары қорғалды.

0
0
555

8 Наурыз құтты болсын! С 8 Марта!

Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурызбен құттықтаймыз!

Осы әдемі мерекеде сіздің күлімсіреуіңіз гүлдер сияқты жүздеріңізде гүлдеп, айналаңыздағы адамдарға қуаныш сыйласын.

Сіздің мансаптық жетістіктеріңіз мақтаныш сезімін тудырсын, ал отбасылық қиындықтар көңілді болсын.

Сізге бақыт, бейбітшілік және рухани жылулық тілейміз.

Сүйіспеншілікпен және құрметпен, «Честное слово» онлайн-сервисінің ұжымы

Поздравляем вас с Днём Весны – с 8 Марта!

В этот прекрасный праздник пусть ваши улыбки расцветают на лицах, как цветы, и заряжают окружающих радостью.

Пусть ваши карьерные достижения вызывают гордость, а семейные хлопоты доставляют удовольствие.

Желаем вам счастья, мира и душевной теплоты.

С любовью и уважением, коллектив онлайн-сервиса «Честное слово»

0
0
342

Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі туралы цифрлар не дейді

Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі туралы цифрлар не дейді:

- бүгінгі күні Түркияда зілзала салдарынан қайтыс болғандар саны 35,4 мыңға жеткен;

- Сирияда қайтыс болғандар 7 280 адам;

- жарақат алғандар: Түркияда 105 500 адам, Сирияда - 9 000 адам;

- жер сілкісінің эпицентрінде 3 млн. адам тұрады екен;

- Түркияда 2,2 млн. адам апат шарпыған аумақтан көшірілген;

- Сирия мен Түркияда жалпы саны 26 млн. адам гуманитарлық көмекке зәру;

- Түркияда жер сілкінісі шарпыған аумақ - елдің 12 провинциясы, олар (жалпы, негізінен 10 провинция туралы айталады): Адана, Адыяман, Батман, Диярбақыр, Ғазиантеп, Хатай, Қаһраманмараш, Килис, Малатья, Османие, Шанлыурфа және Элязыг;

- Түркия бойынша құтқару жұмыстарына 249 000 адам қатысып жатыр;

- Түркияның шығыны 84,1 млрд. доллар, бұл дегеніңіз ел экономикасының 10 проценті;

- Әлемнің 82 елінің құтқарушылары Түркияда құтқару жұмыстарымен айналысып жатыр;

- Түркия бойынша 13,5 млн. адам апат аймағында өмір сүреді екен;

- Түркиядағы апат аумағы 450 шақырымды құраған;

- Түркияда апат салдарынан 6217 ғимарат құлаған;

- Түркияның 10 провинциясында 3 айға төтенше жағдай жарияланды;

- Дүниежүзілік банк Түркияға 1,78 млрд. доллар қаражат аударатынын мәлімдеді;

- Әзербайжан Адымянда 1000 контейнерлік үй (қалашық) салмақшы;

- қазақ және қарғыз ағайындар Түркияда киіз үйлер құрып жатырғаны белгілі, Қазақстан (еріктілер) тарапынан 120 киіз үй болуы керек, одан кейін Еркін Тәтішев те киіз үйлер мен генераторлар жібермекші. Қырғыз ағайындар қанша киіз үй құрғанын анықтау керек;

- Қазақстан Түркияға тағы 55 тонна гуманитарлық көмек жіберетін болды;

- 212 сағаттан кейін 77 жасар әйел жер астынан шығарылды, дегенмен, мұндай оқиғалар саны сиреп барады.

0
0
366

Алматыда ауадағы азот диоксидінің деңгейі нормадан 2,6 есеге артады

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел екпіні 5 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 7-9 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 0-2 градусқа дейін көтеріледі. 30 қаңтарда, 31 қаңтарға қараған түні метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы, қалада ауаның ластану деңгейі жоғарылайды деп күтіледі. Ауадағы артық азот диоксиді 2,6 есе, PM2,5 бөлшектері - 3,3 есе болады.

PM2,5 - бұл құрамына қатты микробөлшектер де, ұсақ сұйық тамшылар да кіретін ауаны ластаушы зат. Ірі бөлшектерден айырмашылығы, олар биологиялық кедергілерді жеңе отырып, денеге енеді, сондықтан адам денсаулығына қауіп төндіреді.

Сонымен қатар, үш қалада – Қостанай, Қарағанды ​​және Ақтөбеде ауаның ластану деңгейі жоғарылайды деп күтіледі.

0
0
469

Біліктілікті арттыруға барлық жағдай жасалған

▪︎Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жетісу облысы бойынша филиалы 2023 жылы мемлекеттік қызметшілерді оқыту бағытындағы жұмысын бастады.

▪︎Ағымдағы жылы Жетісу облысының жергілікті атқарушы органдарында 600 мемлекеттік қызметшіні оқыту жоспарланған (қайта даярлау-103, біліктілігін арттырудан-497).

▪︎Бұдан бөлек, мемлекеттік қызмешілер үшін «Жобалық басқару», «Бизнес-процесстік тәсіл», «Адамға бағдарланған мемлекет» т.б. тақырыптар бойынша қосымша біліктілігін арттыру курстарына өткізу үшін көшпелі семинарлар жүргізіледі

▪︎Сондай-ақ, оқыту барысында облыстың белгілі азаматтарын, қоғам белсенділерін және басшылық лауазымдарда қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілерді тарта отырып «Қонақ дәрістері» өткізіледі.

▪︎Қолданыстағы нормативтік құқықтық актіге сәйкес, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау – қосымша кәсіби білім алуға арналған оқу курстары және біліктілігін арттыру – олардың құзыретін жетілдіруге арналған оқыту семинарлары. Осыған орай, мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үш жылда бір реттен сиретпей біліктілігін арттырудан өтуі тиіс. Қайта даярлаудан мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілер және мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілер өтеді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі / Агентство РК по делам госслужбы

0
0
567

Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын емес - ТЖМ басшысы

"Бүгінде су тасқыны жағдайына толық дайындық туралы айту мүмкін емес.(...) 255 елді мекенді су басу қаупі төніп тұр, бұл - 127 мыңнан аса үй мен 700 мыңнан аса азамат. Былтырғы су тасқыны кезеңін талдау нәтижелері бойынша, су тасқынының негізгі себептері - өзен арналарының балдырлануы мен лайлануы, арық жүйелердің болмауы, су қорғау аймақтарында тұрғын үйлердің салынуы", - деді Юрий Ильин Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, тәуекел деңгейі жоғары өңірлер қатарына Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары мен Абай, Жетісу облыстары кіреді.

Ұлытау және Павлодар облыстарында тәуекел деңгейі орташа.

Төтенше жағдайлар министрлігі басшысының айтуынша, кейбір өңірлерде су тасқынына қарсы іс-шараларды жүзеге асыру бойынша тапсырмаларды орындауға әлі де ресми көзқарас бар.


0
0
452

Маңғыстау облыстық стоматология орталығы өткен жылғы жұмысын қорытындылап, биылғы жоспарымен бөлісті

Стоматологиялық орталықтың директоры Қуат Машырықов өз сөзінде мекеме қызметінің негізгі бағыттарының бірі – сапалы стоматологиялық көмек көрсету екенін атап өтті. Оның айтуынша, кадрлық әлеуетті сақтау және дамыту, әсіресе дәрігерлердің кәсіби деңгейін арттыру бойынша маңызды шаралар қолға алынған.

"Біз тіс ауруларын анықтау және алдын-алу бойынша үлкен жұмыстар атқарылды.  Дәрігерлер үнемі өздерінің кәсіби біліктілігін арттырып, жаңа әдістерді енгізуде, протездеудің бірнеше түрі кеңінен қолданылуда. Өткен жылы 10 жас маман жұмысқа қабылданды. Атқарылып жатқан барлық іс-шаралар облыс тұрғындарына көрсетілетін стоматологиялық көмектің қолжетімділігін арттыруға және сапаны жақсартуға бағытталған», - деді ол.

Егер 2021 жылы дәрігерлердің қабылдауына 74 847 адам жазылса, өткен 2022 жылы бұл сан 74 545 адамды құрады. 2021 жылы 112 адамға уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берілсе, өткен жылы 133 адам осындай анықтама алған. Сондай-ақ 2021 жылы 2 291 адам жұмысқа кіріскен кезде алдын-ала медициналық тексеруден өтсе, 2022 жылы 3 223 адам осы қызмет түрін алған. Өңірдегі цифрландыру бойынша ұйымдастырушылық, әдістемелік, консультативтік көмек көрсету мақсатында облыстың 8 медициналық ұйымына бару ұйымдастырылды.

Тіс дәрігерлерімен қамтамасыз ету Ақтау және Жаңаөзен қалаларында 100%, Маңғыстау және Түпқараған аудандарында 50%, Бейнеу және Мұнайлы аудандарында 40%, Қарақия ауданында 38% құрайды. Баяндамада ерін мен таңдайдың туа біткен жырығы бар балалардың туу көрсеткіші де атап өтілді. Бүгінгі таңда осындай диагнозбен 297 бала диспансерлік есепте тұр. 2022 жылы 49 нәресте туа біткен кемістікпен дүниеге келген.

Стоматологтар салауатты өмір салтын қалыптастыру шараларына белсенді қатысып келеді. Олардың ішінде «Өмір бойына жарқыраған күлкі» республикалық ұлттық бағдарламасын атап өтуге болады. Кішкентай емделушілермен кариестің алдын алу, ауыз қуысының шырышты қабығының аурулары, зиянды әдеттер, ақаулар, кронштейндер жүйесі сияқты тақырыптарда әңгімелер жүргізіледі.

Балаларға арналған шаралар жиі ұйымдастырылады, онда дәрігерлер өз ұсыныстарын береді, ауыз қуысының гигиенасы ережелері туралы әңгімелейді, қандай тіс щеткалары мен пасталар қолданған дұрыс екендігі жөнінде ақпарат береді.

Биылғы жоспарда сапалы стоматологиялық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету, қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру, жаңа технологияларға оқыту және оларды енгізу, мекеменің медициналық менеджментін дамыту, медициналық қызметтерді жоғары стандарттарға сәйкес көрсету, ішкі сапа мен қауіпсіздікті тұрақты бақылау жалғасады.

Айта кету керек, есеп беру жиналысына Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Есенғалиева қатысты.

0
0
683

Асау үйретіп, бәйге алған 17 жастағы Дария

Десе де, мұндай күрделі кәсіпті меңгеріп жүрген нәзік жандылар арамызда жоқ емес. Солардың бірі – атыраулық Дария Болат. Небәрі 17 жастағы мектеп оқушысы Agroqogam.kz порталына сұхбат беріп, өзінің ерекше кәсібі, сүйікті ісі және ұлттық спорт туралы кеңінен баяндап берді.

Атырау қаласындағы Тасқала елдімекенінде тұратын Дария Болат бүгінде 11 сыныпта оқиды. Жылқы малын ерекше сүйетін бойжеткен 15 жасынан бастап асау үйретіп, бүгінде ат спортымен кәсіби түрде айналысуда. Дарияның айтуынша, бұл спорт түріне ден қоюына жылқыға деген махаббаты себеп болыпты.

«15 жасымнан бастап асау үйрете бастадым. Асау үйретуді қолға алып, меңгеруіме себеп болған бір жайт – алғашқы сәйгүлігім. Әдемі деген ат қойып, меншіктеп алған сәйгүлігімді өзім үйретсем деген талпыныс болды», – дейді Дария.

Дарияның айтуынша, ол жастайынан ата-әжесінің қолында өсіп, төрт түлік малдың қыр-сырына қаныға жүріп бой жеткен. Әжесіне қолғанат болып, мал сауысып жүріп, жылқыға деген көзқарасы да өзгере бастайды. Уақыт өте келе, алдына мақсат қойып, ақша жинап жүріп, өзі ұнатқан сәйгүлікті де сатып алады.

Продолжение у нас на сайте

#agroqogamkz #agro #agronews

0
0
661

Маңқа, сақау, су ауруы: жылқының жұқпалы аурулары туралы не білесіз

 Қазір де солай. Десе де, бұл кәсіпке енді ғана бет бұрған жастар үшін жылқы шаруашылығында есте ұстайтын басты дүниелер де жоқ емес. Соның бірі – жылқы малының негізгі аурулары, олардың белгілері мен алдын алу шаралары. Бұл тақырыпты аша түсу үшін өмірінің біраз бөлігін мал емдеу ісіне арнаған, ардагер ветеринар Нүсіпәлі Тоқтасынұлына жүгіндік.

Мал дәрігерінің айтуынша, жылқыларда кездесетін ауруларды жұқпалы, жұқпалы емес және құрт аурулары деп қарастыруға болады. Оның ішінде жұқпалы аурулардың жылқы үйірі үшін қауіптілігі жоғары. Себебі, кей аурулар салдарынан бір шаруашылық ондаған мал басынан айырылуы мүмкін. Сол үшін жұғатын жылқы дерттерінің белгілерін біліп жүру көптік етпейді, дейді маман.

Жылқы ауруларының түрлері

«Ринопневмония, сақау, пастереллез, сальмонеллез, су ауруы, маңқа – кең таралған жұқпалы жылқы аурулары. Бұл аурулардың алдын алу үшін арнайы екпелер егіледі. Зерттеулер жүргізіледі. Жеке тоқталар болсақ, ринопневмония – бұл жедел өтетін жылқы аурулары. Онымен ауырған жылқының дене қызуы көтеріліп, шаршаңқы болады. Мұрын қуысы толық қабынып кетеді, буаз биелер түсік тастайды.

Маңқа да қауіпті жұқпалы ауру. Көп жағдайда бұл аурумен құлындар ауырады. Бірақ ересек жылқылардың да ауырғаны жиі кездесіп қалуы мүмкін. Не де болса, сақ болу керек. Аурудың бірінші белгісі дене қызуының көтерілуі. Мұнда да мұрын қуысынан маңқа ағып, қабынады. Былайша айтқанда ірің ағады. Тамақ тұсы іріңдеп, кетеді. Мұнымен ауырған құлындардың қалпына келуі өте қиын. Олар арықтап, дұрыс дамымай қалады.

Су ауруы дегеніміз не? Ғылыми тілде айтқанда, трипаносомоз. Бұл дертпен ауырған жылқылар күрт арықтап кетеді. Қауіптілігі бірінше кезекте олардың ұрпақ өрбіру органдарына әсер етеді. Мәселен буаз биелер түсік тастайды, айғырлар да әлсірейді. Желімі ісінеді. Бастапқыда ауруды анықтау өте қиын. Себебі, басында аурудың белгісі білінбейді. Сол үшін мал дәрігері ауырған жылқыға дұрыс диагноз қоя білуі керек.

Продолжение у нас на сайте

#agroqogamkz #agro #agronews

0
0
861

Қой шаруашылығы: ең маңызды әрі өзекті мәліметтер

 Десе де бүгінде қой шаруашылығына қатысты, қойларды күтіп, бағу, өсіру, төлдету, түрлі аурудың алдын алу, олардың етті-сүтті бағыттағы тұқымдарын жетілдіру мәселелері зерттеуде ғылым да кенде емес. Бұл ретте agroqogam.kz оқырмандарына қой малына қатысты ғылыми негізделген ақпарат беру үшін отандық ғалымдардың әдебиетін қазақ тіліне аударып шыққан болатын. Осы ретте «Қой шаруашылығы» кітаптың ең құнды деген тұстарын назарға ұсынамыз.
Кітап авторлары қазақ еліндегі қой тұқымдарын жетілдіруге, жаңа қой тұқымдарын шығаруға үлес қосқан, Қазақстан аумағындағы қой шаруашылығын дамытуға ғылыми негізде еңбек сіңірген Мырзабеков Сұлтан Шайымұлы мен ресей ғалымы Ерохин Александрдың бірлескен еңбегі.
Кітаптағы ақпаратты негізге ала отырып, қойларды бағу, азықтандыру, олардың биологиялық және өнімдік ерекшеліктері, қойдан алынатын өнімдер туралы теориялық, әдіснамалық және практикалық сауалдарды бір жыл бойы оқырмандарымызға ұсындық.
Қойлардың шығу тегінен бастап, олардың биологиялық ерекшеліктері, қой тұқымдарының түрлері қатысты ақпараттар да біздің сайтымызда бар.
Қойлардың биологиялық ерекшеліктеріне олардың ағзасының қоршаған орта жағдайларына сәйкес өнімділік пен ерекшеліктерін анықтайтын морфофизиологиялық қасиеттерінің жиынтығы жатады. Елімізде қойлардың көптеген түрлері өсіріледі. Олардың кейбірі дәл біздің елді бұрыннан мекен еткен болса, кейбірі бірнеше қой тұұымын будандастыру, яғни селекциялық жұмыстар нәтижесінде пайда болған.
Қазіргі қойлардың маңызды ерекшелігі – табиғаттың түрлі жағдайларына бейімделе алуы. Олардың бұл бейімделгіштігінің арқасында адамдар шөл-далаларда, тауларда, далаларда және т.б. түрлі экологиялық жағдайларда қойлардың көптеген түрлерін шығара алды. Қойлар жайылымдық жерлерге жайылуға бейімделген. Жануарларға жеуге жарамды 800 өсімдіктің 460 түрі ірі қара мал, 416 түрін жылқы малы жесе, қойлар еш қиындықсыз түрін қойлар еш қиындықсыз 520 түрін жейді. Жусанның 91 түрі бар. Оның 39-ын жылқы малы, сиырлар 24 түрін жесе, қойлар 46 түріне дейін жейді. Қойлардың азығы туралы толық материалды осы жерден оқи аласыз.
Қойларға азықтандыруға қатысты көптеген ғалымдардың тұщымды ойлары, пікірлері бар. Кей жағдайда оларды тұрыс азықтандырмаудың салдарынан түрлі дерттер туындауы мүмкін. Қойлар шыдамды, төзімді келгендіктен, олар жайылымнан жайылымға көшіп жүре береді. Тау-тастағы, шөл-шөлейттегі, жартылай шөлейттегі өсімдіктерді жей береді. Бұл олардың физиологиялық қана емес, анатомиялық та ерекшелігіне жатады. Мәселен, қисық біткен тістері мен жіңішке еріндерінің арқасында олар тіпті тықыр жерлерде өздеріне азық табуға қауқарлы. Тіпті, астық дәндерін де олар асқан шеберлікпен таңдап, дәндерді жеке-жеке де жей алады. Сол себепті, олар жайылым сапасына тәуелді емес. Ащы, тікенекті өсімдіктерді, арам шөптерді де қойлар азық етеді. Тиімділік тұрғысынан алғанда, бұл көптеген фермерлер үшін де қолайлы.

Продолжение у нас на сайте

#agroqogamkz #agro #agronews

0
0
684