Дұрыс азықтандырмау салдарынан орын алатын мал аурулары
Бірқатар қауіпті аурудың алдын алу үшін кейде малдың азығын жақсартып, күтімді көбейткен жөн, деп хабарлайды Agroqogam.kz. Мәселен, тимпания ылғалды, шықты немесе жаңбырдан кейінгі шөпті көп көлемде жеген кезде, әсіресе жоңышқа немесе люцерн жеп қойғанда туындайды. Сонымен бірге шіріп кеткен шөп тамырлары мен бұзылған бидайды жесе де мал тимпания ауруына шалдығуы мүмкін. Тимпанияның алдын алуға арналған сақтық шараларын сақтаған жөн. Олар: • Қойларды аш күйінде жайылымға жібермеу, әсіресе жайылымда жоңышқа егілген болса; • Қойларды аш күйінде ылғалды жасыл шөптесін өсімдіктер өскен жерлерге нмесе шық тұрған жерлерге жібермеу; • Қойларды мұндай жайылымдарға жібермес бұрын оларды шөппен азықтандырып алу керек; • Илектеліп қалған шөп бумасынан алып, бұзылған жем-шөп бермеу. • Ағынды емес су…
