Мазмұнға өту
Новости
Новости

Новости

6 173 жазбалар429 тіркелуші

Актуальное и интересное со всего света

Президент: Қазақстанның ұлттық мүддесіне қарсы әрекет ететін кәсіби арандатушылар әшкереленуі керек

Белсенділер саяси партиялар мен қозғалыстар құруға ынталы екенін мәлімдеп, ішкі және сыртқы саясаттың өзекті мәселелері бойынша әртүрлі пікірлері мен көзқарастарын білдіреді. Бұл – азаматтық қоғамның жетілгенін көрсететін табиғи процесс. Дегенмен, Президенттің пікірінше, азаматтық белсенділердің барлық әрекеті, соның ішінде наразылық акциялары қолданыстағы заңнамаға және парасаттылыққа қатаң сәйкес келуі өте маңызды.

«Заңды бұзуға, заңсыз әрекеттерге баруға, соның ішінде полиция қызметкерлерінің адамдық қадір-қасиетіне, кәсіби ар-намысына қарсы бағытталған әрекеттерге баратындар заңнамамызға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Қазақстанның ұлттық мүддесіне қарсы әрекет ететін кәсіби арандатушылар әшкереленуі керек», - деді Мемлекет басшысы.

Фото алынды file.liga.net

0
0
239

Шымкентте ер адам 1 миллиард теңгеге жалған шот-фактура толтырған

«Қылмысты іске асыру үшін 6 компания құрылды, олардың жалпы айналымы 2019-2021 жылдар аралығында 3 миллиард теңгеден асты, соның нәтижесінде мемлекеттік бюджетке салық түрінде 1 миллиард теңгеден астам қаржы түспеген», - делінген хабарламада.

Қылмыстық істі тергеу аяқталып, сотқа жолданған.

0
0
324

Головкин - Канело жекпе-жегі өтетін орын белгілі болды

Бұл туралы бокс кешін өткізуге жауапты Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы ресми мәлімдеді.

Еске салайық, екі мықты арасындағы үшінші айқас 17 қыркүйекке жоспарланған.Осыған дейінгі екі кездесу де дәл осы аренада өткен болатын. Алғашқы жекпе-жек тең есеппен аяқталса, екіншісінде төрешілер жеңісті мексикалық былғары қолғап шеберіне берген еді.

Фото алынды sports.kz

0
0
211

Нұр-Сұлтанда екі күнге созылған өрттің себебі аталды

«Кеше сағат 18:53-те өрт ауыздықталып, бүгін сағат 05:55-те толығымен жойылды. Өрт шығуының алдын ала себебі - отты абайсыз қолдану болуы мүмкін (аз калориялы от көзі). Өртті сөндіруге 86 қызметкер мен 14 техника жұмылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.

Еске салайық, 20 маусымда сағат 15-03-те «101» пультіне Есіл ауданының Қорғалжын тас жолының бойында қураған шөптің өртенгені туралы хабарлама түскен. Қамыс пен қураған шөп жанды. Елордалық өртсөндірушілер қызыл жалынмен екі тәулік бойы арпалысты. Өрт ошағына ТЖМ-нің МИ-8 тікұшағымен 27 рет су шашылды (81 тонна).

0
0
237

«Пәтер сатып алған». Ақтөбелік мекеменің бас есепшісі сотталды

Сот оны 7 жылға бас бостандығынан айырып, пәтері мен тоңазытқышын тәркілеген.Басылым мәліметінше, 2015 жылы Алға қаласының тұрғыны Светлана Н. «Алға тазалық» коммуналды кәсіпорнында бас есепші болып жұмыс істеген. Ал 2016 жылы компанияның ақшасын жымқырғаны үшін екі рет сотталған. Үкімдердің бірінде ол «Алға тазалық» мекемесінде жұмыс істемейтін екі тұрғынға зейнетақы мен әлеуметтік төлем аударғаны айтылған. Екі қылмыстық іс бойынша ол шартты түрде бас бостандығынан айырылған.Осылайша, қаржылық қылмысы үшін екі рет сотталған ол 2018 жылы «Неохим» ЖШС мекемесіне бас есепші болып қайта жұмысқа орналасқан. Ол жүктілігіне байланысты демалысқа шыққан соң серіктестік тексеріс жүргізіп, нәтижесінде 64 миллионнан аса қаражат жетпейтіні анықталған. Ал содан кейін тергеу барысында бас есепші серікт…

0
0
608

Рахмонов пен Морозовтың UFC-дегі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

UFC Apex аренасында өтетін шара астана уақыты бойынша 05:00-де басталады. Қазіргі уақытта 12 жекпе-жек жоспарланған.Сергей Морозов төртінші болып бразилиялық Раулиан Пайвамен (21-4) жұдырықтасады. Олардың жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен 6:30-да басталады.Келесі болып сағат 7:00 шамасында Қытайдан келген этникалық қазақ Сайран Нұрданбек (37-10) АҚШ-тан келген Ти Джей Браунмен (16-8) кездеседі.Жекпе-жекті «Матч! Боец» телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Сонымен қатар, жекпе-жектерді UFC Fight Pass жазылымы арқылы көруге болады.Шавкат Рахмонов америкалық Нил Мэгнимен (26-8) кездеседі. Олардың жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10:00-де басталады.Рахмоновтың жекпе-жегін Setanta Sports 1 және «Матч ТВ» арналарынан, сондай-ақ UFC Fight Pass жазылымынан көруге болады.Ф…

0
0
258

Облыстық экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы

«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі облыстық қоғамдық кеңестің отырысы Идиятов Сержан Серікұлының төрағалығымен өткізілді. Онда облыстағы инвестициялық жобаларды іске асыру туралы мәселе қаралды. Күн тәртібінің негізгі мәселе бойынша БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Беккалиева Жанна Палатовна баяндама жасады. Ол өз сөзінде «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Батыс Қазақстан облысы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған Жол картасында 5,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен 177 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, 2022 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша 217 млрд.теңге сомасына 13…

0
0
469

ІІМ: 30 граната атқыш әлі де қылмыскерлердің қолында

«Бүгінде қылмыскерлердің қолында көп қару-жарақ қалып отыр, бұл ұрланған қарудың 2 мыңнан астам данасы, оның ішінде 30 граната атқыш, 2 пулемет, 122 автомат және 379 тапанша бар. Бұл елеулі қауіп төндіреді, өйткені қылмыскерлер оны кез келген уақытта бейбіт тұрғындарға қарсы қолдана алады», - деп хабарлады ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов ОКҚ брифингінде.

Әділовтің айтуынша, бүгінде полицейлер 1 626 қаруды - 10 граната атқыш, 6 пулемет, 160 автомат, 113 дана ойық қару, 361 тапанша мен 253 граната, сондай-ақ 41,1 мыңнан астам оқ-дәріні тауып, тәркілеген.

0
0
237

Үш ауысымды мектеп мәселесі әлі де азаймай тұр

Бүгін «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Оралов Асхат Раздықұлы ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде өңірлердегі азаматтарды қабылдады. Қабылдауға «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Мұқаев Мұрат Рахметұлымен бірге облыстық білім басқармасының басшысы Мыңбаева Айгүл Әділгерейқызы және облыстық құрылыс басқармасының басшысы Антазиев Әлібек Сайынұлы қосылды. Қабылдауда Теректі ауданында күрделі мәселердің бірі болып отырған бұл Подстепный елді мекеніндегі мектептердегі бала санының өсуіне байланысты, орын тапшылығы мәселесі көтерілді. Подстепный жалпы орта білім беретін мектебінде екі жыл қатарынан оқыту үш кезеңде жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда Подстепный ауылында 10000 астам халық тұрып жатыр. Болжам бойынша халық саны алдағы 3-4 жыл аралығында 12…

0
0
231

Тоқаев: Тілге құрметімізді құр сөзбен емес, нақты іспен көрсетуіміз керек

«Қазақ мемлекеті аман тұрғанда, қазақ тілі жасай береді. Бұған ешқандай күмән болмауы керек. Біздің елде ұлтына, тіліне бола ешбір азаматтың құқы шектелмеуге тиіс. Әйтпесе, қоғамда жанжал тууы мүмкін. Ел ішіне іріткі түскенін қалайтындар осыны тілеп отыр. Сондықтан, тіл мәселесі бойынша бәріміз ұстамдылық танытуымыз керек деп ойлаймын. Бұл сырт көзге ұлтымыздың өз болашағына деген сенімсіздігі, тіпті, әлсіздігі сияқты көрінеді», - деді ПрезидентҰлттық құрылтай отырысында.Мемлекет басшысының айтуынша, «баршамыз тілге құрметімізді құр сөзбен емес, нақты іспен көрсетуіміз керек».«Мемлекеттік рәміздерімізге, ана тілімізге деген құрмет әрқашан жоғары болуға тиіс. Қазақ тіліне қатысты алаңдаушылық елдегі жағдайды дұрыс түсінбегеннен туындап отыр. Шын мәнінде, бұрынғы ахуал мен қазіргі кезеңді м…

0
0
263