ru
Default banner
Новости
Новости
5 964 жазбалар425 тіркелуші
Актуальное и интересное со всего света
0

Үш ауысымды мектеп мәселесі әлі де азаймай тұр

Бүгін «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Оралов Асхат Раздықұлы ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде өңірлердегі азаматтарды қабылдады. Қабылдауға «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Мұқаев Мұрат Рахметұлымен бірге облыстық білім басқармасының басшысы Мыңбаева Айгүл Әділгерейқызы және облыстық құрылыс басқармасының басшысы Антазиев Әлібек Сайынұлы қосылды.

Қабылдауда Теректі ауданында күрделі мәселердің бірі болып отырған бұл Подстепный елді мекеніндегі мектептердегі бала санының өсуіне байланысты, орын тапшылығы мәселесі көтерілді. Подстепный жалпы орта білім беретін мектебінде екі жыл қатарынан оқыту үш кезеңде жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда Подстепный ауылында 10000 астам халық тұрып жатыр. Болжам бойынша халық саны алдағы 3-4 жыл аралығында 12 мыңға дейін жетеді деп күтілуде. Себебі осы елді мекенге көшіп келіп жатырғандар өте көп, және де 6000 нан астам адам жерге кезекте тұр. Подстепный ауылынан 3 км орналасқан Тоқпай елді-мекенінде 2020 жылдан бастап осы елді-мекендерде 40, 3 қабатты 6 пәтерлі үй салынды және жер телімі берілуі жоспарда. Жалпы 4-5 жылда 6-18 жастағы бала саны да 4500-ға жетуі мүмкін.

Осы елді-мекенде 2 орта мектеп жұмыс істеп отыр, соның ішінде ағымдағы оқу жылы 345 оқушыға арналған Подстепный орта мектебінде (қазақ мектебінде) 892 оқушы үш ауысымда оқып аяқтады. Келесі оқу жылы да бұл мәселе жалғасын табуы мүмкін. Қазір таңда Подстепный №1 ЖОББМ 995 оқушы аяқтап, 140 бала бірінші сыныпқа қабылданып отыр. Мектеп алды даярлық сыныбына 130 оқушы келеді. Сонымен қатар №1 және №2 саяжай аумақтарында 500 астам оқу жасындағы балалар бар, жыл сайын осы оқушыларда Подстепный ауылында оқуға ниет білдіріп отырады. Орын тапшылығына байланысты қабылдауға мүмкіндік болмай, оқу жылының басында мәселе үлкен дауға айналып отыр. Подстепный ауылындағы мектептерге Тоқпай ауылынан балдар тасымалданып отыр. Тоқпай ауылында да халық саны жыл сайын өсіп келеді.

Аталған мәселе бойынша ҚР Білім министрлігіне хат жолданатын болады. Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиевтің хабарлауынша, республикалық бюджеттен қаражат бөлінген жағдайда, Подстепное елді-мекеніне жаңа мектептің құрылысы 2023 жылы жоспарланған.Аталған мәселе бойынша ҚР Білім министрлігіне хат жолданатын болады. Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиевтің хабарлауынша, Подстепное елді-мекеніне жаңа мектептің құрылысы 2023 жылы жоспарланған.

"AMANAT" партиясы БҚОФ баспасөз қызметі