ru
Default banner
News
News
5 920 жазбалар424 тіркелуші
Актуальное и интересное со всего света
0

Облыстық экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы

«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі облыстық қоғамдық кеңестің отырысы Идиятов Сержан Серікұлының төрағалығымен өткізілді.

Онда облыстағы инвестициялық жобаларды іске асыру туралы мәселе қаралды. Күн тәртібінің негізгі мәселе бойынша БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Беккалиева Жанна Палатовна баяндама жасады. Ол өз сөзінде «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Батыс Қазақстан облысы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған Жол картасында 5,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен 177 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, 2022 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша 217 млрд.теңге сомасына 13 жоба іске асырылды, 1376 жаңа жұмыс орны құрылды. Оның ішінде ірі: Құны 212,4 млрд. теңге және 1237 жұмыс орнын құрумен 4-ші газды кері айдау компрессорын (КПО б.в.) орнату; Пластмасса қалдықтарын қайта өңдеу, 50 тұрақты жұмыс орнын құрумен құны 1,2 млрд.теңгеге тауарларға арналған пластмасса қаптамалар өндірісі (УТПК ЖШС) іс жүзінде асырылуда деді.

«АИП» ЖШС базасында шар клапандары өндірісі іске қосылды. Сонымен қатар, «Уральскагрореммаш» АҚ ресейлік FOXBUS компаниясымен бірлесіп IVECO шассиі базасында Автоспецтехника өндірісін игерді, сондай-ақ IVECO шассиі базасында автобусты құрастыруды игеру жоспарда бар. «Квант» ЖШС жиһаз өндіретін жаңа цехты тапсыра отырып, жаңғырту жүргізілуде, сондай-ақ қойма салу жоспарлануда.

«УТПК» ЖШС пластмасса қалдықтарын қайта өңдеу бойынша жабдық орнатты, қуаттылығы жылына 7000 тонна тауарларға арналған пластик қаптама өндірісі. Жобаны іске асыруға кәсіпорын 590 млн.теңге көлемінде инвестиция бағыттады. Жоба аясында өнімнің келесі түрлері шығарылады: тамақ контейнерлері; шелектер, бассейндер, орауыш пленкалар, тамшылатып суаруға арналған құбырлар, кабельдік өнімдерге арналған қабық, құбырларға арналған полипропилен қорғаныш қабығы, орауыш материалдар, поддондар, тротуар плиткалары, люктер, қоқыс контейнерлеріне арналған шикізат және т. б. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша қоғамдық кеңес мүшелері сұрақтар қойылды. Отырыс қорытындысы бойынша ұсынбалар қабылданды.