Мазмұнға өту
Новости
Новости

Новости

6 173 жазбалар429 тіркелуші

Актуальное и интересное со всего света

Шығыс Қазақстан облысында тепловоз әйелді қағып кетті

Телеарна мәліметінше, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Мамандар жазатайым оқиға болды ма, әлде әйел өз-өзіне қол жұмсады ма соны тексеріп жатыр.

«Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 2-бөлігімен «Өскемен-1» стансасындағы желілік полиция бөлімінің соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жариялануға жатпайды», - деді ШҚО көлік полициясы басқармасының баспасөз қызметі.

0
0
331

Түркістан облысында жантүршігерлік жағдай болды

Басылым мәліметінше, Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азаматтық некедегі әйелін қызғаныштан өлтірген 41 жастағы ер адамға үкім шығарған.

Қайғылы оқиға Сауран ауданының Қаражон ауылында болған. Тергеу материалдарына сәйкес, әйел 34 жаста болған. Оның азаматтық некедегі күйеуі басына 16 калибрлі мылтықтан оқ атқан. Әйел оқиға орнында қаза тапқан.

Сотта ол әйелді өлтіргісі келмегенін, тек қорқытқысы келгенін айтқан. Алайда 2, 15 және 16 жастағы үш бала анасыз қалды.

Ер адам 18 жылға ең жоғары қауіпсіздік колониясында жазасын өтейді. Үкім заңды күшіне енген.

0
0
308

Бақытгүл Хаменоваға қатысты алғашқы сот отырысы шегерілді

Бұған дейін облыстық соттың баспасөз қызметі өкілі қылмыстық іс Атырау қалалық № 2 сотына түскенін айтқан еді. Алғашқы сот отырысы 14 маусымға белгіленген болатын.

«Істі қарайтын судья өзге қылмыстық іс бойынша кеңесу бөлмесіне кетуіне байланысты, басқа күнге ауыстырылды», - деді соттың баспасөз қызметі өкілі.

Айта кетейік, экс-шенеунік «пара алды» деген күдікке ілініп, тергеу абақтысына қамалған еді. Бақытгүл Хаменовамен бірге Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Акылбек Рысқалиев та қамауда отыр.

0
0
289

Екібастұзда жеңіл көлік екі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Облыстық Полиция департаменті мәліметінше, оқиға 14 маусымда сағат 22:55-те Екібастұздағы Мәшһүр Жүсіп көшесінде болған. Volkswagen Passat көлігін мінген 30 жастағы жүргізуші басты жолға шығып бара жатып, жол бемей Toyota Crown көлігімен соқтығысқан.

Соққыдан Toyota жаяу жүргіншілер жолына шығып кетіп, екі адамды қағып кеткен.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 54 жастағы әйел жедел жәрдем көлігінде қаза болды. 34 жастағы жаяу жүргінші дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Тергеу жүргізіліп жатыр», - деді ПД өкілдері.

Көліктер мамандандырылған айып тұрағына қойылған.

0
0
286

Бір жыл бойы зорлап келген: Қызылордада жантүршігерлік оқиға мәлім болды

Құқық қорғаушы Дина Таңсәрінің айтуынша, «НеМолчиKz» қорына хабарласқан ер адам екінші сыныпқа енді ғана қадам басқан туысын 12-14 жас аралығындағы бір топ жеткіншек бір жыл бойы зорлап келгенін айтқан.«Анасы бұл сұмдық оқиға туралы кездейсоқ білген. Ол үлкен ұлы (жәбірленуші, 8 жаста) інісін (кішісі 6 жаста) жыныстық әрекеттерге мәжбүрлегенін естіп қалған. Анасы бірден бұл туралы қайдан білгенін, оны кім үйреткенін сұраған. Бала жылап, бәрін айтып берген. Бәрі биыл 6 мамырда белгілі болған. Бала ойнауға шыққанда, оны жоғары сынып оқушылары ескі ғимаратқа апарып, сол жерде әдепсіз әрекеттер жасауға мәжбүрлеген. Олар басқа мектептің балалары. Жәбірленуші бала бәрінің аты-жөні мен қайда тұратынын біледі», - дейді белсенді.Осыдан кейін жәбірленушінің ата-анасы балалардың үйіне барған. Оларды…

0
0
298

Павлодарда өзенді жүзіп өтпек болған мұғалім суға батып кетті

«Усолка өзенінде Торайғыров университеті жоғары колледжінің ұстазы суға батып кетті. Ол колледж оқушыларын өзенге апарған. Өзінің суда жақсы жүзетінін көрсетпек болған. Өзенді жүзіп өтем деп күші жетпей қалған», - деді Олег Трещев.

Спикердің айтуынша, марқұм ұстаз колледждің 1-2 курс студенттеріне далалық-әскери жиын өткізіп жүрген.

«Ол жиын тек колледждің аумағында өту керек болған. Алайда, ұстаз өзі бастама тастап, өзенге барған. Марқұм 23-24 жастағы жас ұстаз еді», - деді Олег Трещев.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

0
0
279

Алматы облысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысты: жүргізуші қаза тапты

Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жеңіл көлік жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, автобуспен соқтығысқан. 34 жастағы Hyundai Getz жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

Жол апаты салдарынан тасжолда үлкен кептеліс пайда болған.

«Қажет сараптамалар тағайындалды. ЖКО дерегі бойынша тергеу «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы немесе көлік құралдарын пайдалануы» бабы бойынша жүргізіледі. Басқа зардап шеккендер жоқ», - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

0
0
339

Ақтөбеде «Гарант 24 Ломбард» пирамидасына қатысты айыпталушылар үйқамаққа алынды

Ақтөбеде былтыр маусымда «Гарант 24 Ломбард», «Выгодный займ» және басқа да қаржы пирамидаларының айыпталушыларына қатысты сот басталған еді», - деп хабарлайды «Диапазон».Басылым мәліметінше, қылмыстық істе 3786 том бар. Соттан барлығы 17 мың 268 жәбірленушіден жауап алуы керек. Сотталушылар саны - 48 адам, олардың 31-іне бұлтартпау шарасы тағайындалған. Бірақ ҚІЖК нормалары бойынша, сот бұл бұлтартпау шарасын бір жылдан аса уақытқа ұзарта алмайды.Ақтөбе облыстық сотының мәліметінше, 9 маусымда сот 31 айыпталушыға қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасын үйқамаққа алуға өзгерту туралы қаулы қабылдады. Басқа облыстардан келген айыпталушылар үйіне бара алмайды. Олар сотқа қатысуы үшін Ақтөбеде үйқамақта болады. Уақытша баспананы үкімге дейін Ақтөбе облысының әкімдігі қамтамасыз етуі тиіс.Еске…

0
0
300

«Стелс-омикрон» штамы Қазақстанның 12 өңірінде анықталды

Барлық өңірде BA.1 «омикрон» штамы - 98,6 пайыз, оның ішінде 12 өңірде BA.2 «Стелс-омикрон» - 36,7 пайыз, B.1.617-Delta - 1,4 пайыз анықталды.

«ПТР скринингінің нәтижелерін растау үшін толық геномды секвенирлеу жүргізілді. Жүргізілген толық геномды секвенирлеу нәтижесі бойынша BA.2 "Стелс-омикрон" штамының - 93,8 пайыз (Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары), BA.1 "Омикрон" штамының - 6,2 пайыз (Атырау, Қызылорда, Қарағанды облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары) айналымы анықталды», - делінген хабарламада.

Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына қарамастан, министрлік коронавирус инфекциясына қарсы уақтылы вакцинациядан, ревакцинациядан өтуге кеңес береді.

0
0
243

Өзекті мәселелер партияластар назарында

Бүгін «AMANAT» партиясының кіші мәжіліс залында облыстық филиалы жанындағы өңірлік даму қоғамдық кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті. Күн тәртібінде1. Қант тапшылығы және қант бағасының өсуі туралы2. Қала жолдарының сапасы және оларды жөндеу жоспарлары туралы3. Су қысымының төмендеуі және су берудегі жиі үзілістер туралы сұрақтар көтерілді. Кеңес жұмысына облыстық кәсіпкерлік басқармасының, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының және «Батыс Су Арнасы» ЖШС өкілдері қатысты.Отырысты қоғамдық кеңес төрайымы ашып, сөз кезегін БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Сүлеймен Мирас Серікұлына берілді. Мекеме басшысының орынбасары облыстағы қант бағасының күрт өсуіне байланысты жиын қатысушыларына түсіндіріп, баяндап берді.- Отандық қант зауыттарыны…

0
0
279