Мазмұнға өту
Новости
Новости

Новости

6 173 жазбалар429 тіркелуші

Актуальное и интересное со всего света

Ерікті түрде қан тапсырудың құндылығы қандай?

Жасыратыны жоқ, мұқтаж жандар ақша үшін қан тапсыратыны бұрыннан байқалады. Ал кейбіреулері қан арқылы жұғатын ауруларын әдейі жасырады. Сондықтан қанның ең қауіпсіз көзі - тұрақты және тегін қан тапсыратын ерікті донорлар болып табылады. Төлем мәселесін алып тастау ерікті донорлықтың анағұрлым жоғары қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, өйткені бұл жағдайда донорлар үшін ең алдымен мотивация, яғни жанына шипа іздеген емделушіге әлеуметтік жағынан қолдау көрсетудің бірден-бір жолы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемнің 70-тен астам елінде ұлттық қанмен қамтамасыз етудің 90%-дан астамы ерікті донорлық есебінен қамтамасыз етіледі.Өз еркімен және өтеусіз қан тапсырғандар шын мәнінде көп адамның өмірін сақтап қалады. Төмен және орташа табысы бар елдерде қан құю мәселесі…

0
0
406

Қазақстанда 9 мыңға жуық азаматтығы жоқ адам анықталды

Оларды анықтау жұмыстары халықаралық құжаттама науқаны аясында жүргізілді.

ҮЕҰ, Көші-қон қызметі және Әділет министрлігі өңірлердегі азаматтығы жоқ адамдарды анықтау үшін бірлесіп жұмыс істеді. Соңында 500-ден аса адам азаматтық алды, тағы 490-ы құжаттарын рәсімдеді.

Тиісті мекемелер еліміздің БҰҰ-ның азаматтығы жоқтар жөніндегі конвенцияларына қосылуы бойынша шетелдік әріптестермен келіссөздерді жалғастырып жатыр.

Еске салайық, мамырда «Урлютөбе» шекаралық бақылау бөлімінің өткізу пунктінде Қазақстан азаматтығы туралы заңнамасын бұзғаны үшін мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде үш төлқұжаты бар - қазақстандық, ресейлік және канадалық әйел ұсталған болатын.

Фото алынды bankchart.kz

0
0
324

WTA рейтингі жаңарды: қазақстандық теннисшілер қай орында?

Қазақстандық Елена Рыбакина «Уимблдондағы» жеңісінен кейін 23-орынын сақтап қалды. Юлия Путинцева жеті позицияға төмендеп, қазір 39-орынға жайғасты. 42 позиция жоғалтқан Зарина Дияс рейтингте төмен түсті. Қазір қазақстандық теннисші 243-орында.

Жекелеген разряд көшбасшы әлі де поляк теннисшісі Ига Швентек. Екінші орында эстониялық Анетт Контавейт, үшінші орында грекиялық Марина Саккари.

0
0
245

Шымкентте лауазымды тұлғалар балалар шығармашылығына бөлінген қаржыны жымқырмақ болған

«Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшылығына және биыл өздерінің бақылауындағы фирмаларды қолданып, Аrtsport платформасы арқылы балалар шығармашылығын жан басына қаржыландыруға бөлінген қаражатты ұрлауды ұйымдастырған басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Департамент тергеуінде 10 миллион теңге шамасында Аrtsport ақпараттық жүйесі арқылы балалар үйірмелерге қатысқандығы туралы жалған мәліметтерді пайдаланған ұрлаудың екі дерегі бар», - делінген хабарламада.Антикор мәліметінше, спорттық мемлекеттік тапсырыс аясында 2022 жылы Шымкент қаласына 2,3 миллиард теңге бөлінген. Бюджет қаражатын иемдену бойынша ұқсас фактілері қосымша тексеріліп жатыр.Соттың санкциясы бойынша, басқарма басш…

0
0
361

«Қоқан-лоқы, бопсалау». Қазақстандағы белгілі кәсіпкерлердің мүлкін басып алған рейдерлер ұсталды

Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында белгілі кәсіпкерлік құрылымдарды ұзақ уақыт бойы рейдерлік басып алуды іске асырған бір топ тұлғалар әрекетінің жолы кесілді, - деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігі.«Қылмыскерлер зорлық-зомбылық, қоқан-лоқы, бопсалау арқылы еліміздегі белгілі кәсіпкерлерді өз мүлкін тегін беруге мәжбүрлеген. Бүгінде департаментте Алматы қаласы мен Алматы облысында аталған тұлғалар тобының рейдерлік шабуылдар жасағаны туралы 4 дерек бойынша іс қозғалды», - делінген хабарламада.Сонымен қатар, топ қымбат жылжымайтын мүлік, автокөлік және т.б. алу арқылы заңдастырылған кірісі жасырын бизнеспен белсенді айналысқан.«Қылмыскерлердің уәкілетті мемлекеттік органдарда байланыстары болған. Қазіргі уақы…

0
0
295

Алматыда цех маңынан шыққан қою қара түтін жұртты шошытты

Оқиға куәгерлері Райымбек даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысы маңында қою қара түтін шығып жатқанын хабарлады. Алдын ала болжам бойынша, өрт сол ауданда орналасқан цехта шыққан.

«15 шілдеде сағат 6:59-да Әуезов ауданы, Райымбек даңғылы 348С мекенжайына жоғары дәрежедегі өрт сөндіру бөлімшелері жіберілді. Шақыру орнына 6 минуттан кейін жеткен өрт сөндіру бөлімі түсті металл өңдеу цех шатырына өтетін 150 шаршы метр электр пеші трансформаторы өртенгенін анықтады», - деді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.

Өрт сағат 8.57-де оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ.

Фото алынды tengrinews.kz

0
0
288

Егер құқығыңыз бұзылса уәкілетті органға жүгінуді ұмытпаңыз

Егер Сізге мемлекеттік қызмет сапасыз көрсетілсе, бұзылған құқытрады, бостандықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіру үшін ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне 8 (7292) 30-36-49 телефон нөмірі бойынша немесе QR код арқылы жүгінуге болатынын қаперіңізге береміз.

0
0
453

Головкин Канелоға қатысты пікір білдірді

Головкин Сауль ресейлік Дмитрий Биволға қарсы жекпе-жекте жеңіліп қалғанын еске салып, мексикалықтың pound-for-pound рейтингіндегі орнын қарамағанын айтты.«Білмедім. Ол туралы мүлде ойламаймын. Ол туралы ойлау үшін көңіл бөлу керек. Оның соңғы жекпе-жегінде жеңілгенін білемін. Одан басқа тағы не айту керек? Маған қарағанда оның жеңілісі көп. Басқа не деймін?» - деп келтіреді боксшының сөзін ESNews сайтына сілтеме жасап.Қазақстандық 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өтетін үшінші жекпе-жегі алдында Канелоға айтары жоғын мойындады.«Мен оған не деймін? Мен оған қарадым - оған не айтуым керек? Айтқым келгеннің бәрін айттым. Егер ол мен жаман нәрсе айтты деп ойласа, ойлай берсін. Біз бір-бірімізге қарадық, егер айтқымыз келсе, айтар едік. Көзбе көз ештеңе айтпайды», - деді Головкин.Еске салайық, Голов…

0
1
447

Z буыны деген кімдер?

Қоғамдық көлікте, үйде, қонақта қолына смартфон ұстаған төрт-бес жасарды былай қойғанда, тіпті, бір жасар баланы да көріп жүргенімізге біраз болды. Көзіміз үйренді. Айналасына енді үңіле бастаған, есі кірмеген баланың сенсорлық дисплейлі құрылғының ішкі құрылымын, жұмыс істеу тәртібін түсінуі оның ойлау жүйесіне, дағдысына, жалпы болмысына әсер ететіні анық. Бұл ұрпақтың телевизор мен магнитафоннан өзге техника көрмеген алдыңғы толқынмен салыстырғанда, артықшылығы да, кемшілігі де бар. Сонымен, Z-буын деген кім және олар несімен ерекше?

📷Жалғасы біздің веб-сайтта сілтеме: https://biz.kz/2022/04/21/z-buyny-degen-kimder/ #новости #bizkz #тренды #трендыbiz #новостиbiz

0
0
352

СҚО-да аңшы жидек теріп жүрген әйелді абайсызда атып өлтірді

Телеарна мәліметінше, күдікті оқ тиген Алтынай Мұздақбаеваны ауруханаға өзі жеткізбек болған. Алайда әйел ауыр жарақат салдарынан жолда қаза болған. Болжам бойынша ер адам аң деп ойлап қалған болуы мүмкін.Күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Қылмыстық іс бойынша бірқатар сараптама тағайындалды. Сонымен қатар, жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Нәтижесі бойынша, күдіктінің іс-әрекетіне баға беріледі. Қылмыстық іс бойынша басқа да толық ақпарат Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабы тәртібіне сай жариялауға жатпайды», - деді Жамбыл ауданының прокуроры Талғат Төлегенов.

0
0
263