Головкин Сауль ресейлік Дмитрий Биволға қарсы жекпе-жекте жеңіліп қалғанын еске салып, мексикалықтың pound-for-pound рейтингіндегі орнын қарамағанын айтты.
«Білмедім. Ол туралы мүлде ойламаймын. Ол туралы ойлау үшін көңіл бөлу керек. Оның соңғы жекпе-жегінде жеңілгенін білемін. Одан басқа тағы не айту керек? Маған қарағанда оның жеңілісі көп. Басқа не деймін?» - деп келтіреді боксшының сөзін ESNews сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өтетін үшінші жекпе-жегі алдында Канелоға айтары жоғын мойындады.
«Мен оған не деймін? Мен оған қарадым - оған не айтуым керек? Айтқым келгеннің бәрін айттым. Егер ол мен жаман нәрсе айтты деп ойласа, ойлай берсін. Біз бір-бірімізге қарадық, егер айтқымыз келсе, айтар едік. Көзбе көз ештеңе айтпайды», - деді Головкин.
Еске салайық, Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегі 17 қыркүйекке жоспарланған. Жекпе-жек Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile аренасында өтеді. Біріншісі (2017 жылы) даулы тең нәтижемен аяқталса, екіншісінде (2018 жылы) мексикалық жеңіске жетті.
Фото алынды sports.kz