Мазмұнға өту
Новости
Новости

Новости

6 173 жазбалар429 тіркелуші

Актуальное и интересное со всего света

ШҚО-да қант тапшылығын пайдаланып, жұртты алдаған алаяқ ұсталды

Өскеменнің 29 жастағы тұрғыны елдегі қант тапшылығын пайдаланып, әлеуметтік желіде жалған жарнама орналастырған. Әлеуметтік желідегі жарнаманы көрген азаматтар қантқа тапсырыс берген. Сатушымен WhatsApp арқылы сөйлесіп, мобильді қосымшадағы аударымдар сервисімен алдын ала төлем жасаған. Ақша аударымы сәтті өткен соң байланысқа шығуды доғарып, клиенттерді мессенджерде бұғаттап тастаған. Өздерінің алаяққа алданып қалғанын білген тұрғындар полицияға арыз түсірген. Бұл деректі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті растады.

Департамент алаяқтың әрекетінен 100-ден аса адам зардап шеккенін, оларға 90 миллион теңгеге жуық шығын келгенін айтты.

Айта кетейік, күдікті кінәсі дәлелденсе, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігімен жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

0
0
325

Қарағандыда асфальт опырылды

Асфальт 21 шілдеге қараған түні 16-шағынаудандағы Майлин мен Өркен көшелерінің қиылысында болған. Опырылған жерде тереңдігі үш метр, ені екі метр шұңқыр пайда болды.

«Қарағанды ​​Су» ЖШС мәліметінше, апат болған жерге жедел топ аттанған.

«21 шілдеге қараған түні 16-ықшамаудандағы Майлин көшесінде "Қарағанды ​​Су" ЖШС-нің кәріз коллекторында асфальт опырылып, төтенше жағдай болды. Оқиға орнына дереу бригада барды, олар қоршаулар мен белгілер қойып, кезекшілікте болды», - деді «Қарағанды ​​Су» ЖШСөкілдері.

Бүгін таңертең коммуналдық қызмет бригадасы ақауды жою үшін кәріз жүйесіндегі апаттық жұмыстарды бастады. Компания алдағы уақытта асфальт төсеніштері қалпына келтірілетінін айтты.

0
0
378

WBO Головкинге қатысты шешім шығарды

Қазір GGG рейтингте екінші орында тұр. Сондай-ақ, үздік үштікте ұлыбританиялық Зак Паркер (көшбасшы) және Джон Райдер (үшінші орын) бар. Бұл салмақтағы абсолют чемпион Головкиннің қарсыласы Сауль Канело Альварес.

Бұл рейтингте тағы бір қазақстандық Айдос Ербосынұлы бар, ол 12-орында. Ол төрт позиция жоғалтқан.

17 қыркүйекте Головкин мен Канело үшінші жекпе-жегін өткізеді. Ол алдыңғы екі жекпе-жек өткен Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile аренасында өтеді.

Фото алынды rsport.ria.ru

0
0
305

Өскеменде алаяқ көршісін алдап, үйін сатып жіберген

Полицейлер мәліметінше, әйел жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың түлегімен көрші болған. Оның психикалық дамуы тежелген. Интернатта тұрғанда ақша жинаған - шотқа асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы салынған. Бұл қаражат Өскемен қаласының орталығында шағын отбасылық жатақханадан бір бөлме алуға жеткілікті болады. Жастар үйінің өкілдері көршісінен жігітке қарауды өтінген, бірақ әйелдің басқа жоспары болған.

Ол жігіттің көп мөлшерде қарызы бар деп алдаған. Нәтижесінде, алаяқ жолмен оның атына сенімхат жазып, тұрғын үйді сатып, одан түскен ақшаны сыбайласымен бөлісіп алған.

Алаяқты полиция банкоматтың бақылау камералары арқылы анықтады. Сот әйелді екі бап бойынша. Ол 3,6 жылға бас бостандығынан айырылды.

0
0
447

Қарыз алдындағы «парыз»

Осы күнде қара халықтың ішінде несиесі жоқ адам бар ма? Бас-басына кредит алып, соны қалай қайтарарын білмей әуре-сарсаңмен өтіп жатқан өмір, әйтеуір. «Голливуд фильмдерінде банда банкты тонайды, бізде банк халықты тонайды» деген әзіл-шыны аралас әңгіменің жаны бар-ау осы. Жарнамасы жалт-жұлт еткен банктер несиені ойына келген пайыздық өлшеммен оңды-солды таратып жатыр, күні қараған бұқара алды-артына қарамай алып жатыр. Ал, арты не болды? Банк қожайындарының дені «Форбстың» миллиардерлер тізімінде, халық болса шыңырауға ғарыштық жылдамдықпен құлдилап барады. Не халыққа болыса алмай, не қаржы ұйымдарының аранын тежей алмай өкіметім отыр. Бұл ұлттық проблемаға жоғарыдан қарасақ, дінімізде пайызбен ақша беру де, алу да арам еді. Қу ақша мен несие құрдымының күшейгені сонша «Заман өзгерді, з…

0
0
287

Жезқазғанда КамАЗ көпірден құлап кетті

«20 шілдеде сағат 14:05 шамасында «КамАЗ» жүргізушісі көлікті көпірден аударып алған. Жүргізуші ауруханаға жатқызылды. Бұл дерек полицияға тіркелді, сараптамалар тағайындалып, оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады», - деді Қарағанды ​​облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Фото алынды t.me/patriot_patriot

0
0
372

Болашақтың қаласы қандай болуы керек?

Астаналық IT мамандар Астана ақылды қалаға айналғаны сонша, алдағы уақытта мұндай болжамнан қате кетпейді деген ойда. Олардың сөзінше, Қазақстанда жасалған «цифрлық көшірмеге» көрші елдер де айтарлықтай қызығушылық танытып отыр. Бұл үлгі жаңа ғимараттардың моделін бес сантиметрге дейін дәлме-дәл етіп жасай алады. Бірақ бұдан кептеліс азая ма? 📷Жалғасы біздің веб-сайтта сілтеме: https://biz.kz/2022/06/11/bolasha-ty-alasy-andaj-boluy-kerek/ #новости #bizkz #тренды #трендыbiz #новостиbiz

0
0
344

Тоқаев, Жапаров және Мирзиеев Ыстықкөлде бейресми кездесу өткізді

Мемлекеттер басшылары Ыстықкөлде теплоходпен серуендеу барысында елдер арасындағы өзара қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, өңірлік күн тәртібіндегі бірқатар мәселе жөнінде пікір алмасты.

Тоқаев пен Мирзиеев сәрсенбіде 21 шілдеге жоспарланған Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпон-Атаға келді. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан басшылары аймақтық интеграцияның келешегін әлемдегі қазіргі геосаяси және экономикалық жағдай аясында қарастырады деп күтіледі. Саммит қорытындысы бойынша бірнеше құжатқа қол қою жоспарланған.

Фото алынды tengrinews.kz

0
0
198

Екібастұзда «емші» жасөспірімнің алтын сырғасын алдап алған

Екібастұз қаласы ПБ-на 39 жастағы қала тұрғыны жүгінген, ол 15 жастағы қызының алтын сырғасын ұрлап кеткенін айтқан. Полицейлер қаладағы сауда үйлерінің бірінде оқушы қыз өзін «экстрасенс» деп таныстырған әйелді кездестіргенін анықтаған. Бейтаныс әйел қыздан далаға шығуды өтінген. Содан соң ол қыздың анасына көз тигенін айтқан. Осыдан кейін алаяқ жасөспірімнің анасының басындағы қарғыстан құтылу үшін алтын бұйымдар қажет екенін айтып, оған көмектесетініне сендірген. Қыз келісіп, құлағындағы сырғасын шешіп берген.«Сиқырлы» рәсім жасаған әйел жасөспірімге үйіне қайту керегін айтқан. Ал 80 мың теңгенің алтын сырғасы «емшінің» олжасына айналған.Дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері осыған ұқсас қыл…

0
0
275

WBA Головкинге жаңа қарсылас міндеттеді

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBA) GGG-ді WBA белбеуінің иегері Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 КО) кездесуге міндеттеді.

Badlefthook.com мәліметінше, Головкин мұны мексикалық Сауль Канело Альвареске (57-2-2, 39 КО) қарсы үшінші жекпе-жектен кейін 120 күн ішінде орындауы керек.

Еске салайық, трилогия 17 қыркүйекке жоспарланған және екінші орта салмақ дәрежесінде өтеді: Канелоның барлық титулы сарапқа салынады, ал Головкин үшін бұл оның жаңа салмақтағы дебюті болмақ.

Фото алынды championat.com

0
0
212