Мазмұнға өту
Новости
Новости

Новости

6 173 жазбалар429 тіркелуші

Актуальное и интересное со всего света

Канело Головкинмен жекпе-жегінен кейін сауық кешін өткізетінін жариялады

«Канело» әлеуметтік желіде 17 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтетін жекпе-жектен кейін сауық кеші болатынын жариялады.

«17 қыркүйекте Канелоның Fight After Party ресми кешінде Zouk Night club-та өтетін тағы бір ұмытылмас түнге дайын болыңыз», - делінген оның Instagram-парақшасындағы жазбада.

Еске салайық, боксшылар бұл аренада 2017 және 2018 жылдары кездескен болатын. Бірінші жекпе-жек тепе-тең есеппен аяқталса, екіншісінде Альварес жеңіске жетті.

Бұған дейін Головкин әлеуметтік желіде мексикалық боксшымен үшінші жекпе-жекке қатысты жазба жариялаған болатын.

Фото алынды championat.com

0
0
219

«Жарылғыш зат қойылған»: Талдықорғанда полицияға жалған ақпарат берген күдікті ұсталды

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен соң жеке құрам ғимараттан эвакуацияланған.

Оқиға орнына саперлер, кинологтар және басқа да мамандар шақырылған.

Ғимарат толық тексерілгеннен кейін ақпараттың жалған екені расталды. Көп ұзамай қоңырау шалған күдікті де ұсталды.

0
0
236

Головкин Канелоны қулық жасады деп айыптады

Екі боксшының трилогиясы 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді. Олар 2017 және 2018 жылдары кездескен еді. Бірінші жекпе-жекте олар тепе-тең түсіп, екінші жекпе-жекте Альварес жеңіске жетті.

«Мен кез келген спортшының жетістіктерін жоққа шығаратын адам емеспін, Канело да көп нәрсеге қолжеткізген. Бірақ ол мұны қалай жасағаны және ол үшін не қолданғаны туралы сұрақтар туады. Мен бір нәрсе айтарда ойдан шығарғандықтан айтпаймын. Зертханадан алынған нәтижелер бар. Дәрігер суды зерттеу нәтижелері бар екенін айтты. Менен сұрағанда «Иә, ол қулыққа барды дегенге сенемін» деп жауап бердім. Егер олардың командасындағы біреуге менің сөзім ұнамаса, бұл олардың проблемасы», - деп келтіреді Fightnews.info Головкиннің сөзін.

Фото алынды el.kz

0
0
241

Жол саласына дербес министрлік керек

Егер автожол саласының соңғы 50-60 жылына қарайтын болсақ, бүгінгі автожол басшылығынан Кеңес дәуіріндегі жол басқарылымының елеулі өзгерістерін байқаған болар едік. Ол кезде автожол саласы ­ «Автомобиль жолдары министрлігі» деп айқын айшықтанды. Ондағы істелер істер де, жобалар мен тапсырмалар тікелей автомобиль жолдарының дамуы мен күтіліміне бағытталды. Ол кезде республикалық және жергілікті жолдарда әрбір 5 жылда диагностикалық зерттеулер жүргізіліп, атқарылар істер 5 жылға жоспарланды. Тапсырушы ­– министрлік, ал орындаушы арнайы жабдықталған, мамандандырылған мердігерлік мекемелер болды. Бұл ескі жүйе, әрине, қазіргі нарық заңына сәйкес келмейды. Дегенмен, министрлік бір ғана іске жауап береді, ол – автомобиль жоларының құрылысы мен күтілімі және мамандардың сапасы мен техникалық жа…

0
0
256

Алматыда қалалық сот ғимараты қоршауға алынып, судьялар эвакуацияланды

Бұл туралы соттың ресми өкілі Абай Жарылқасын мәлімдеді. Сот ғимараты қоршауға алынған.

«Бүгін Алматы қалалық сотының кіріс кеңсесі поштасына түрлі сипаттағы қоқан-лоққы жасалған хабарламалар келіп түсті. Осыған байланысты қазіргі уақытта сот ғимаратында келіп түскен хабарламаларды тексеріліп жатыр. Құрметті азаматтар, түсінбеушілікке жол бермеу үшін процестердің кейінге қалдырылғаны туралы хабарлаймыз», - делінген хабарламада.

Басқа мәлімет жарияланған жоқ.

0
0
240

Алматы маңындағы мал сүйегін өңдейтін шаруа қожалығы заңсыз жұмыс істеп келген

Тұрғындар цехтың мал қалдықтарын көму ережелеріне бағынбағанын, салдарынан аталған цехтен шыққан жағымсыз иіс «өміріміздің шырқын бұзып отырғанын» айтты. Олар өз шағымын өңір басшысы Марат Сұлтанғазиевке жеткізді, деп хабарлайды agroqogam.kz. Жалғасы біздің веб-сайтта #agroqogamkz #agro #agronews

0
0
282

«Тамбурдағы ең қымбат қойдың» салдарынан қызметтік тергеу басталды

Алдын ала ақпарат бойынша, жануарды № 7 жолаушылар вагонының жолсеріктері алып шыққан. Жануар анықталғаннан кейін бірден Қарағанды станциясына түсірілді. Осы фактіге қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп, барлық қажетті шара қабылданатын болады.

«Қарағанды станциясында жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында жануар түсірілді. 2022 жылғы 11 тамызда сағат 06:16-да пойыз бригадасы Алматы-2 станциясына келеді, содан кейін қызметтік тергеу жүргізіліп, жұмыстан босатылғанға дейін тәртіптік сипаттағы барлық қажетті шаралар қабылданады», - делінген компанияның баспасөз қызметінің хабарламасында.

0
0
232

Қазақстанда миллион гектардан аса жер мемлекет меншігіне қайтарылды

«Жыл басынан бері комиссия шешімімен мемлекетке 1 миллион 119 мың гектар жер қайтарылды. Қазіргі уақытта жалпы аумағы 2 миллион 94 мың гектар жерді пайдаланушыларға қатысты 724 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп жатыр, 698,4 мың гектар жерді тексеру бойынша 48 өтініш прокуратура органдарында тіркеу сатысында тұр», - делінген хабарламада.

Жалпы комиссия аумағы 7,45 миллион гектар жерде 2 584 субъектіге қатысты тексеру жүргізуді жоспарлап отырғаны айтылды. Оның ішінде егістік алаңы – 585,2 мың гектар, жайылым жер – 6,86 миллион гектар.

0
0
220

Алматыда дизель отынын заңсыз сатқан ЖСШ басшысы сотталды

ҚМА мәліметінше, тергеу барысында ЖШС басшысы жалпы сомасы 14,6 миллион теңгеге 78 тонна дизель отынын шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз сатып алу-сатумен айналысқаны анықталған.

«Сот үкімі бойынша айыпталушы кінәлі деп танылып, оған шартты түрде рақымшылық қолдану арқылы 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада.

0
0
298

Карашукеев: «Дәл қазір елімізде мал жаю үшін шамамен 16 млн га жайылым жетіспейді…»

Жуырда ғана ел Президенті біздің бастамамызды қолдап, жер заңнамасының сақталуына тексеру жүргізуге мораторийдің күшін жою туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Енді «жұмыс істемейтін», яғни игерілмеген ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтару жұмыстары тез әрі тиімді болатынына сенімдімін. Жалғасы біздің веб-сайтта #agroqogamkz #agro #agronews

0
0
307