Мазмұнға өту
Новости
Новости

Новости

6 173 жазбалар429 тіркелуші

Актуальное и интересное со всего света

Атырауда Бақытгүл Хаменованың соты басталды

Процесс Атырау қалалық N2 сотында өтіп жатыр.

Бақытгүл Хаменовамен бірге айыпталушылар орындығында облыстық мәдениет басқармасының бастығы Ақылбек Рысқалиев пен «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамов бар. Екі шенеунік пара алғаны үшін сотталып жатса, Адамов пара бергені үшін істі болды.

Фото алынды total.kz

0
0
270

Форт-Шевченко тұрғындары қоқысқа толы жағажайға шағымданды

Әңгіме теңіз порты орналасқан Аташ ауылындағы жағалау аймағы туралы болып отыр. Жағажайда демалушылардың айтуынша, бүкіл жергілікті жағалау қоқысқа толы.

«Бұл жерге алғаш рет келген туристер шошып кететін шығар», - дейді Форт-Шевченко қаласының тұрғыны.

Бұнда көзге түсетін нәрселер - қайықтарға пайдаланылған мотор майы ыдыстары. Сондай-ақ, барлық жерде пластик канистрлер шашылып жатыр. Сонымен қатар, әйнек сынықтары шашылып жатқан қауіпті аймақтар да бар. Ал судан полиэтилен пакеттерді көруге болады.

Еске салайық, бұған дейін Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбайға қоқыс шығаруды нашар ұйымдастырғаны және қаланы санитарлық тазарту жұмыстары нашар жүргізілгені үшін сөгіс жарияланған болатын.

0
0
252

Нұр-Сұлтанда 10-қабаттан бала құлады: оқиғаның мән-жайы айтылды

Тәртіп сақшыларының айтуынша, 31 шілдеде Есіл аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Қабанбай батыр даңғылындағы тұрғын үйдің 10-қабатынан кәмелетке толмаған бала құлап кеткені туралы хабарлама түскен.

«Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жеткеннен кейін 4 жасар қыз сағат 16.30 шамасында бөлмесінде жалғыз қалып, сонда ойнап отырғаны анықталды», - деді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Полицейлер мәліметінше, жыл басынан бері елордада осындай 32 оқиға тіркеліп, төртеуі қаза болған. Полицейлер ересектерді қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Еске салайық, Нұр-Сұлтандағы тұрғын үйдің 10-қабатынан құлап кеткен бес жасар қызды сол жерден өтіп бара жатқан ер адам қағып алуға тырысқан. Осылайша ол қыздың жеңіл құлауына себепші болған.

0
0
270

Ұзынағаштағы атыс: Оқиға куәгерлері мән-жайды айтты

Куәгерлердің айтуынша, кісі өліміне дейін тараптар арасында ұзаққа созылған араздық болған.

«Төбелеске қатысушы қос тарап мектеп қабырғасынан бастап араз болып, бүгінгі күнге дейін бір-бірін жаратпай келген. Соңғы жанжал кезінде күдікті атыс қаруын қолданған. Салдарынан біреуі қайтыс болып, қалған екеуі жарақат алды», - делінген хабарламада.

ҚР ІІМ Ұзынағаштағы жас жігіттің өліміне қатысты тергеу ерекше бақылауға алынғанын мәлімдеді. Қазір өңір полицейлері күдіктілерді іздестіру бойынша арнайы іс-шаралар өткізіп жатыр.

Еске салайық, 4 тамызда сағат 16:20 шамасында үш жергілікті тұрғын оқ жарақатымен Ұзынағаш ауылының ауруханасына келіп түсті, олардың біреуі жансақтау бөлімінде көз жұмған болатын.

0
0
244

Павлодар облысында бензин мен дизель отыны заңсыз сатылған

«Тергеу барысында 15 көтерме жеткізушіден 610 миллион теңгеден аса сомаға 3,5 мың тонна АИ-92 маркалы бензин сатып алу фактісі анықталды, ол кейіннен белгісіз тұлғаларға «Унгефуг» ЖШС-дан құжаттарсыз сатылған. Дәл осы ЖШС құжатсыз жалпы сомасы 550 миллион теңгеден аса жалпы көлемі 2,4 мың тонна дизель отынын сатқан», - делінген хабарламада.

Сот айыпталушыларға қатысты үкім шығарды.

«Сот Ж.С. Шұғатаевты 6 жылға, С.Г. Унгефугты 4 жыл 6 айға, Е.Х. Шамиевті 2 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруға, 3 көлік пен 3 жартылай жүк тіркемелерін тәркілеуге үкім шығарды», - делінген ҚМА хабарламасында.

0
0
282

Қазақстанда пәтер тонаумен айналысқан екі ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

«Жыл басынан бері екі мыңнан аса (2034) пәтер тонаушылары ұсталды, оның ішінде 95 «ұры-гастролер», яғни түрлі қалаларда ұрлық жасағандар, 194 қылмыстық топ. Екі ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді», - деді Ішкі істер министрлігі өкілдері.Полиция мәліметінше, 2022 жылғы мамырда Шымкентте екі ер адам мен екі әйелден тұратын қылмыстық топ әшкереленген. Олар 2021-2022 жылдары Түркістан облысының Қазығұрт, Келес, Ордабасы және Сарыағаш аудандарында 70 пәтер тонаған (2022 жылы 35 пәтер - еск.). Тонауға терезе арқылы түскен. Топ мүшелері тоналған мүлікті Шымкенттегі ломбардтарға тапсырған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 100 миллион теңгеден асады.2022 жылғы маусымда Орал қаласында 2021 жылдан бері Батыс Қазақстан облысында пәтер тонаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ қылмыс орнында…

0
0
412

Алматы облысында жол апатынан бес адам қаза тапты

Алматы облысы полициясының мәліметінше, жол апаты 6 тамызда Еңбекшіқазақ ауданында болған. 22 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен.

«Оқиға салдарынан бес адам алған жарақаттарынан қаза тапты. Кәмелетке толмаған үш бала түрлі дене жарақаттарымен Шелек ауылындағы ауруханаға жатқызылды. Жол-көлік оқиғасына байланысты «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бабы бойынша соталды тергеу басталды», - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

0
0
279

Головкин карьерасын аяқтау және Қазақстанда жекпе-жек өткізу туралы ойын айтты

Америкалық журналистер Головкиннен карьерасын аяқтау туралы сұраған, қалай дегенмен 40 жасқа келді. Бұған жауап ретінде боксшы алдымен өз елінде бір жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты. Головкин Қазақстанда тек 2010 жылы бір рет қана жұдырықтасқан екен. Астанада өткен бокс кешінде ол колумбиялық Нильсон Тапияны үшінші раундта нокаутқа түсірген еді.

Сонымен қоса, ол карьерасы пандемия басталғалы аяқталғанын, ал қазір істеу керегін ғана жасап жатқанын айтты.

Еске салайық, Головкин келесі жекпе-жегін мексикалық Сауль Канело Альвареске қарсы өткізеді. Ол 17 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді. Олар 2017 және 2018 жылдары кездескен: бірінші кездесу тепе-тең нәтижеде аяқталды, ал екіншісінде Альварес жеңіске жетті.

Фото алынды sports.kz

0
0
371

Кәсіпкерлер егін жинауға жеңілдікпен берілген дизель отынын сатқан - ҚМА

«Бүгінде жалған жүк жөнелтілім құжаттарын қолданып, басқа мұнай өнімдерінің атын жамылып, жанар-жағармай өнімдерін экспорттау деректері анықталды. Кейбір жағдайларда жосықсыз кәсіпкерлер егін жинауға жеңілдікпен бөлінген дизель отынын қайта сатумен айналысқан», - делінген хабарламада.

ҚМА өкілдері осындай деректер бойынша сенім телефондарына хабарласуға болатынын айтты.

«Егер жанар-жағармай материалдарын республикадан тыс жерлерге заңсыз сату немесе әкету деректері туралы хабардар болсаңыз немесе уәкілетті органдар мен ұйымдардың қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану деректеріне тап болсаңыз, ҚМА немесе аумақтық департаменттерге тәулік бойы қызмет көрсететін сенім телефондарына хабарлауыңызды сұраймыз», - делінген хабарламада.

0
0
287

Алматы орталығында қойма өртенді

Әлеуметтік желілерде 4 тамызға қараған түні Мұқанова көшесі бойындағы қоймаларда өрт шыққаны туралы ақпарат пайда болды.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, 4 тамызда сағат 21.42-де Алмалы ауданы, Мұқанов пен Гоголь көшелері қиылысында қою түтін шығып жатқаны туралы хабар түскеннен кейін өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына барған.

«Алғашқы бөлімшелер келген соң 21.45-те азық-түлік қоймасында өрт шыққаны анықталды. Өрт 23.05-те оқшауланып, 23.24-те жойылды. ТЖД қызметкерлері жедел әрекет етіп, жақын маңдағы әкімшілік ғимаратқа жалынның таралуына жол бермеді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - деді ТЖДөкілдері.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

0
0
299