Жол саласына дербес министрлік керек
Егер автожол саласының соңғы 50-60 жылына қарайтын болсақ, бүгінгі автожол басшылығынан Кеңес дәуіріндегі жол басқарылымының елеулі өзгерістерін байқаған болар едік. Ол кезде автожол саласы «Автомобиль жолдары министрлігі» деп айқын айшықтанды. Ондағы істелер істер де, жобалар мен тапсырмалар тікелей автомобиль жолдарының дамуы мен күтіліміне бағытталды. Ол кезде республикалық және жергілікті жолдарда әрбір 5 жылда диагностикалық зерттеулер жүргізіліп, атқарылар істер 5 жылға жоспарланды. Тапсырушы – министрлік, ал орындаушы арнайы жабдықталған, мамандандырылған мердігерлік мекемелер болды. Бұл ескі жүйе, әрине, қазіргі нарық заңына сәйкес келмейды. Дегенмен, министрлік бір ғана іске жауап береді, ол – автомобиль жоларының құрылысы мен күтілімі және мамандардың сапасы мен техникалық жа…