Қазақстандықтар ағылшын тілін қандай деңгейде біледі?
Жыл сайынғы әлемнің әртүрлі елдерінің ағылшын тілін меңгеруін зерттейтін English Proficiency Index жобасында 2017 жылғы нәтиже бойынша Қазақстан 45,95 индексімен барлық зерттеуге қатысқан 80 елдің ішінде 67-ші орынды иеленді. Бұл индекске сәйкес Қазақстанның көрсеткіші «өте төмен» деген деңгейде. Аталған көрсеткіш осы зерттеуді жүргізген компанияның ресми сайтында көрсетілген.EF EPI индексінде тек ағылшын тілі негізгі қолданыстағы тіл емес болып табылатын елдер қарастырылады. Жоғарыда аталған компанияның зерттеулеріне сәйкес соңғы үш жылда елімізде ағылшын тілін меңгеру деңгейі төмендеген, мәселен, 2014-2016 жылдары Қазақстан аталған рейтингте 56-шы орынды иеленген. Елімізде әйел адамдардың ағылшын тілін білу деңгейі ерлерге қарағанда сәл жоғарырақ.Азия елдері арасында Қазақстан 20 жолақт…
