Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Астанада алғаш рет мейірбике ісі жөніндегі халықаралық конференция өтуде

2018 жылдың ақпан айында алғаш рет 308 мейірбике бакалаврларын бітірді. Бұл жаңа қалыптасқан медициналық қызметкерлер легі болып табылады. Олар дербес мейірбике ісі, кеңес беру және пациенттерді, олардың туыстарын науқастарды емдеуде оқытуға және денсаулықты нығайтуға және аурулардың алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүргізе алады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Мейірбике ісі жөніндегі халықаралық конференцияда» хабарлады.

Конференцияға қатысушыларды құттықтай отырып, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өз мансабын медициналық қызметкер ретінде бастағанын, сондықтан да мейірбикелер қалай жұмыс істейтінін білетіндігін атап өтті.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда біз елеулі реформалар жүргізіп жатырмыз, өйткені біздің тұрғындарымыз әлдеқайда қолжетімді, сапалы және жауапты денсаулық сақтауға лайық екенін түсінеміз. Бүгінгі конференция денсаулық сақтаудың әр деңгейінде медбикелердің рөлін анықтауда маңызды. Бұл жаһандық пікірталас, медбикелердің рөлі аса маңызды және денсаулық сақтау саласы сияқты ол да трансформациялануы тиіс», - деді министр.

Екі күн ішінде конференцияға 500-ге жуық қатысушылар пленарлық және секциялық мәжілістерде, жан-жақтан келген мамандар мейірбикелік қызметті басқару мәселелерін талқылайды, медбикелерді оқыту, оқығандығы жөнінде қажетті құжаттармен қастамасыз ету, медицина қызметінің маңызы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі медбикенің рөлі конференция аясында талқыланатын болады.

Қазіргі кезде Қазақстанда «Медициналық білім мен ғылымды модернизациялау» жобасы іске асырылуда, оның бір бағыты - Қазақстан Республикасында мейірбикелік қызметін жетілдіру. Бұл жұмыс JAMK қолданбалы ғылымдар және LAMK (Финляндия) университеттерінің мамандарымен бірлесіп жүргізіледі.

0
0
846

Осы тақырып бойынша