Мемлекеттік сатып алу жүйесіне реформа жасалады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы министрі Мәди Такиевті қабылдады.Мәди Такиев мемлекеттік қаржының негізгі параметрлері, оның ішінде биылғы бірінші тоқсанда жұмсалған республикалық бюджет қаражаты туралы есеп берді: – осы ретте 3 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 4,5 триллион теңгеге жуық кіріс кірген;өнімсіз бюджет шығындарын оңтайландыру жұмыстары жөнінде мәлімет берді: – жүргізілген сараптама нәтижесінде биыл 300 миллиард теңгеден астам соманы қысқарту ұсынылған. Бұл қаражат экономикалық қайтарымы барынша жоғары шараларға жұмсалады;бюджетті басқару тиімділігін арттыру бағытында қабылданып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Аталған шаралар жаңа Бюджет кодексіне енгізілген;Сондай-ақ министр салықты…



