Елімізге сырттан жұмыртқа әкелуге тыйым салынды
АШМ-ның арнайы бұйрығы 2024 жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енеді.Фото: Ресей Хабар өлкесі үкіметінің баспасөз қызметі«Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен тауық жұмыртқаларын әкелуге тыйым салуды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 24 сәуірдегі бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тауық жұмыртқаларын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатуралық коды: 040721) әкелуге алты ай мерзімге уақытша тыйым салынды.Айта кету керек, тыйым Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауық жұмыртқаларының транзитін, сондай-ақ олардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық…

